Түркістан облысында сор шаю үшін 400 млн текше метр су берілді
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Жалпы алғанда филиал Жетісай ауданындағы 53,6 мың гектар және Мақтаарал ауданындағы 41 мың гектар алқапта сор шаю үшін 400 млн текше метр су жіберді. Сонымен қатар, Шардара ауданында 8,1 мың гектар алқапта топырақты ылғалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір бұл мақсатқа 262 млн текше метр су берілген. Өңір диқандары судың уақытылы жеткізілгені үшін «Қазсушар» РМК мамандарына алғыс білдіріп жатыр.
— Жеті гектар жерде мақта өсіріп отырмыз. Қазір егіске дайындық үшін алқаптарды ылғалдандырып жатырмыз. Су уақытында әрі жеткілікті көлемде келіп тұр. «Қазсушар» қызметкерлеріне алғыс айтамын. Тұрақты су жеткізудің арқасында биыл мол өнім аламыз деп үміттенеміз,— деді шаруа Ақжан Сүлейменбеков.
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы Жетісай өндірістік бөлімшесінің басшысы Нұртас Тұрсынбековтың сөзінше, сор шаю жұмыстары былтыр желтоқсан айында басталды.
— Бүгінде бұл жұмыстар толық аяқталды. Қазір суармалы алқаптарға көкөніс пен бақша дақылдарын суару үшін су беріп жатырмыз. Сор шаю жұмыстары мақта дақылын өсіру үшін аса маңызды. Жоғары өнім алу үшін топырақтағы тұз мөлшерін төмендету қажет. Ал ылғалдандыру жұмыстары егіс алдындағы дайындық кезеңінде жүргізіледі, — деді ол.
Осыдан бұрын Түркістанда эко-акция аясында 2 мыңнан аса ағаш егілгенін жаздық.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:38
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 09:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















