Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Жемісті жеті жыл

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Түркістанда мақта агроөнеркәсіптік кешені іске қосылды

Түркістанда мақта агроөнеркәсіптік кешені іске қосылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Түркістан тоқыма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Kazakhstan Lihua) жіп иіріп, мата өндіретін ірі өндірістік кешені өз жұмысын бастады. Бұл маңызды оқиға өңірдің ғана емес, тұтас елдің жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту жолындағы жаңа кезеңнің басталғанын айғақтайды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, зауыттың іске қосылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған терең өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттермен толық үндес екенін атап өтті. Өңір басшысы өз сөзінде Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға ерекше мән беріліп отырғанын жеткізді. Жаңа зауыттың ашылуы өңір экономикасын дамытудағы стратегиялық қадам екенін атап өткен облыс әкімі мақтаны терең өңдеу экономикалық тәуелсіздіктің негізі екенін айтты. Сондай-ақ Түркістанның болашағы тек рухани-мәдени орталық ретінде ғана емес, өндірісі мен инновациясы дамыған заманауи экономикалық орталық ретінде қалыптасуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

— Мемлекет басшысы Жолдауында шикізатқа тәуелділіктен арылып, дайын өнім шығаруға басымдық беру қажеттігін нақты айтты. Түркістан облысында осы бағытта жұмысты жандандырып, мақта кластерін дамытуды бастадық. Бұл жұмыстар мақтаның экспорттық бағасына тәуелділіктен арылтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Алдағы 5 жылдықта дайын өнім шығаратын толық циклді кәсіпорындарды құрып, мақтаны өсіруден бастап, киім тоқуға қол жеткіземіз. Соның алғашқы қадамдарының бірі — «Түркістан Текстиль» кәсіпорны. Бұл — өңіріміздегі тоқыма өнеркәсібінің жаңа кезеңінің бастауы болатын ірі инвестициялық жоба. Мақта — өңіріміздің басты стратегиялық дақылы. Ендігі мақсат — оны тек шикізат ретінде экспорттау емес, терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығару. Алдағы бес жылда мақтаны өсіруден бастап, жіп иіру, мата тоқу және дайын киім тігуге дейінгі толық өндірістік циклді қалыптастыруды көздеп отырмыз. «Түркістан текстиль» — осы үлкен мақсатқа бастайтын алғашқы нақты қадам. Біз Түркістан облысын дотациялық аймақтан өзін-өзі толық қамтитын, өндірісі дамыған өңірге айналдыруымыз керек. Ал оның бірден-бір жолы — инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу. Сондықтан Түркістан облысы үшін мұндай ірі өнеркәсіптік жобалардың маңызы зор. Түркістан — тек рухани шаһар ғана емес, өндірісі мен инновациясы дамыған жаңа экономикалық орталыққа айналады, — деді Нұралхан Көшеров.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Turan» арнайы экономикалық аймағынан 42 гектар жер бөлінген өндірістік кешеннің жалпы инвестициялық құны — 86,2 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, биыл алғашқы кезеңі іске қосылды. Жобаның бірінші кезеңінде 430 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал 2026 жылдың желтоқсан айына дейін зауыттың келесі үш кезеңі толық аяқталып, қосымша 2 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл — Түркістан облысы үшін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан аса маңызды көрсеткіш. Жаңа жұмыс орындары халықтың әл-ауқатын арттырып, ішкі көші-қонды азайтуға, кәсіби кадрларды өңірде ұстап қалуға мүмкіндік береді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Зауыт толық іске қосылған кезде жыл сайын 11,4 мың тонна жіп, 47,3 миллион шаршы метр мата, 2 миллион төсек-орын жабдықтары жиынтығы мен 4 миллион көрпе өндіру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіштер отандық жеңіл өнеркәсіптің импортқа тәуелділігін азайтып, ішкі нарықты сапалы қазақстандық өніммен қамтамасыз етуге жол ашады. Сонымен қатар кәсіпорын өнімдерінің едәуір бөлігі экспортқа бағытталмақ.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба Түркістан өңірінде жеңіл өнеркәсіпті жүйелі түрде дамытуға, мақта саласының тиімділігін арттыруға және экспорттық әлеуетті күшейтуге серпін береді. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктерін толық пайдалану арқылы шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды өндірістік алаң қалыптастырады. «Түркістан текстиль» зауытының іске қосылуы — өңір экономикасының әртараптануына, жаңа индустриялық бағыттардың қалыптасуына және Түркістанды жаңа экономикалық орталыққа айналдыру жолындағы нақты әрі маңызды қадам.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан тек тарихы терең, руханияты биік қала ғана емес, өндірісі өркендеген, болашағы нық аймақ ретінде дамуын жалғастыра беретініне бұл жоба айқын дәлел болмақ. Түркістан облысында импорт алмастыратын 20 жоба іске асырылады. Бұл өз кезегінде 53 млрд теңгеге жуық импорт тауарларын алмастыруға мүмкіндік береді. Индустриалдық аймақтарда құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда. 6 361 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 39 млрд. теңгені құрайтын, 50 жоба іске қосылды, 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Turan» арнайы экономикалық аймағында 211,8 млрд теңгеге 28 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 16:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see148

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see147

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see147

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see146

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see145

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see142

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see141

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see141

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see140

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see140

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see140

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see139

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see138

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see137

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see137

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see135
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары