Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Түркияның дәрігерлері ақтаулықтарға тегін медициналық кеңес береді

Түркияның дәрігерлері ақтаулықтарға тегін медициналық кеңес береді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Түркияның дәрігерлері Ақтау қаласының тұрғындарына тегін медициналық кеңес береді. Бұл туралы Ақтау әкімдігінде қала әкімі Әбілқайыр Байпақов пен Түркия мемлекетінің жетекші медициналық ұйым өкілдерімен өткен кездесуде айтылды, деп Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров, Түркияның «MLP Care» және «UMC Medical @ Mediast Medical Travel» медициналық ұйымдарының басшылары – Умит Жам мен Мехмет Шахин қатысты.

Тараптар бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыру, қазақстандық және түркиялық дәрігерлер арасында онлайн консультациялар ұйымдастыру, клиникалық тәжірибе алмасудың нақты механизмдерін енгізу және Ақтау қаласындағы медициналық мекемелердің әлеуетін арттыру бағыттарын қамтитын ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қысқа мерзімді жоспарлар қатарында байланыс тұлғаларын бекіту және мамандар арасындағы тәжірибе алмасуды жүйелі жолға қою туралы айтылса, ұзақ мерзімді перспективада – медициналық мекемелердің инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға сай жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов екі ел арасындағы достық пен өзара ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын тілге тиек етіп, бұл бағыттағы жаңа бастамаларға қолдау білдіретінін жеткізді.

«Қазақстан мен Түркия – ежелден бауырлас елдер. Жуырда ғана Анкара қаласына жасаған сапарымызда сіздердің кішіпейілдігіңіз бен қонақжайлылығыңызға тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бүгінгі бастама – медициналық әріптестіктің жаңа кезеңіне жол ашары сөзсіз. Ақтаудың ақ халатты абзал жандарымен тәжірибе бөлісіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде бірлесіп жұмыс істейміз деген сенімдемін», деді ол.

Өз кезегінде «MLP Care» компаниясының жетекшісі Мехмет Шахин Ақтауға алғаш рет келгенін айтып, қала халқы мен медицина саласындағы әріптестермен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізді.

«Ақтауға алғаш аяқ басып тұрмын. Бұл жер өз мәдениеті мен дәстүрін берік ұстанатын ерекше қала екен. Түркиядағыдай жылы қабылдауға ризашылығымды білдіремін. Біздің мақсат – жинаған тәжірибеміз бен білімімізді қазақстандық әріптестерімізбен бөлісу», деді Мехмет Шахин.

Кездесу аясында Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы және Түркияның «MLP Care» және «UMC Medical @ Mediast Medical Travel»  компаниялары атынан өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат медициналық туризмді дамыту, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және халықаралық стандарттарға сай медициналық қызмет көрсетуді жолға қоюға бағытталған.

Айта кетейік, «MLP Care Group» – Түркиядағы ең ірі жеке медициналық холдингтердің бірі. Құрамына «Medical Park», «Liv Hospital» және «VM Medical Park» сынды танымал брендтер енген. Холдингке қарасты 37 ауруханада 22 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Сонымен қатар, 7 мың төсек орны мен 300-ден астам ота жасау бөлмесі бар. Ал «UMC Medical @ Mediast Medical Travel» орталығы онкология, трансплантология, гематология, нейрохирургия және ортопедия салаларында қызмет көрсетеді. Бүгінге дейін 5 500-ден астам қазақстандық науқас осы орталықтан медициналық көмек алған.                                                          

Маңғыстау облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 16:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары