Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Уәде бар, нәтиже жоқ: Атырау жастары QJ лигадан шет қалды

Уәде бар, нәтиже жоқ: Атырау жастары QJ лигадан шет қалды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Үш жылдан бері аталған лигаға қатысып келе жатқан жергілікті командалар бұл жолы тізімге ілікпеген. Қаладағы «Мұнайшы» стадионы жөндеу жұмыстарына жабылады. Томарлыдағы алаң лига талаптарының бірқатарына сәйкес келмейді. Ал былтыр жаңғыртылған «Судоремонтник» стадионындағы алаң дайын тұрса да әлі сертификаттаудан өтпеген.

Осыған байланысты лига ұйымдастырушылары «Атырау» командаларын қатысушылар қатарынан шығарған. Ата-аналардың айтуынша, мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Алайда уәде берген әкімдік өкілдері сезім сөйлеп, арық шыққан.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

- Бізге уәде берді. «Б жоспарымыз бар, керек болса Ақтауда ойнайсыздар» деді. Бірақ лига ұйымдастырушыларына біздің өңір атынан олқылықтың орнының толтырамыз деген кепілдік хаттың берілгеніне күмән бар. Ал алаңы толық дайын емес «Тараз» кепілдік хат беріп, лига ойындарына қатысайын деп жатыр. Осы жағдай көпті алаңдатып отыр,- деді ата-ана Гүлжанат Тәжімғалиева.

QJ League 2009–2012 жылы туған жасөспірімдер үшін маңызды алаң саналады. Мұнда ойыншылар тәжірибе жинап, кәсіби деңгейге көтерілуге мүмкіндік алады. Оның үстіне қатысу шығындарын лига ұйымдастырушылары өз мойнына алады.

- 20 наурыз күні балаларымыз ойнатын «Атырау» командасының лига тізімінде жоқ екенін білдік. Бұл жаңалық бізді және балаларымызды есеңгіретін тастады. 100 бала бүгін ғана алаңға келмеді, олар алты жасынан бері кәсіби түрде дайындалып, барын салып дайындалып жүр. Облыстық спорт басқармасы, клуб басшылығы лиганың қашан басталатынын біледі. Алдын ала қам жасау керек еді. Салғыттық танытып, кем кетікті жасадық дегеннің өзінде ұйымдастырушыларға «кепілдік хат» жіберілмек, біз лигадан тыс қалдық деп ойлаймыз,-деді жас фтуболшының анасы Жібек Сейтаева.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Ал «Атырау» футбол орталығының жетекшісі Қуаныш Қабдолов алаңның жақын күндері сертификаттаудан өтетінін мәлімдеді.

- Қыс бойы алаң қар астында жатты. Өткен аптаның басында алаңға сертификаттауда өткізетін мамандар келіп тексерді. Алаңды тарау мәселесі қозғалды. Осы аптада олар қайта келіп, өздерінің аппараттарымен тексереді. ҚФФ атынан жарыстарды өткізуге болады деген сертификат береді,- деді ол.

Былтыр ғана жөндеуден өткен біздегі алаңды жауаптылар лига ойындары басталғанша толық дайындауға талпынып жатыр. Үлгермеген жағдайда Ақтаудағы стадионды жалға алу үшін келісім жасап қойған. Бұл мәселе бойынша біз ұйымдастырушылармен байланыстық. Ал олар ойынды басқа қалада өткізуге болмайды деп отыр.

- «Атырау» ФК тарапынан «Судоремонтник» стадионында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде QJ League-тің төрт жас санаты бойынша командалардың үй матчтарын уақытша Ақтау қаласында өткізу ұсынысы түсті. Алайда Лига саясатына сәйкес, командалардың барлық логистикалық шығындары орталықтандырылған түрде Freedom QJ League қаражатынан өтелетіндіктен, елеулі форс-мажор жағдайлары болмаған жағдайда матчтар тек қатысушы команданың өз қаласында өткізілуі тиіс, - деп пікір білдірді QJ League баспасөз қызметі

Ала доптың айналасындағы айқау шу мұнымен бітпейді. Балаларды шыңдап жүрген жаттықтырушылар 2 айдан бері айлықсыз жұмыс істеп жүр. Соңғы жаңалық команданың, яғни жас өрендердің тауын қайтарып, жігерін құм қылған.

- 2026 жылы осы лигада өнер көрсететін командалардың деңгейі біздің командамен шамалас деп ашық айтуға болады. Ал екінші лигада ойнайтын командалардың деңгейі, әрине, QJ лигадағы командалардай жоғары емес. Сондықтан жігіттер мықтылармен жарысып, өзара бақ сынасқысы келеді. Ешкімнің де қандай да бір адамдардың кесірінен, спорттық қағидаттарға емес, басқа себептерге байланысты төменгі лигаға түсіп қалғысы келмейді,-деді жаттықтырушы Абылайхан Каким.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Белгілі болғандай, биыл QJ лигада 12 команда ғана өнер көрсетеді. Қатысушылар тізімі Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті тарапынан бекітілген және өзгертуге келмейді.Лига ойындары сәуір ойының ортасында басталуы тиіс.

- Чемпионаттың басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Лига командалардың сырт алаңдағы матчтарына билеттерді сатып алып қоюды бастады, өтінім беру науқаны жүріп жатыр. Қатысушылар тізімі Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетімен бекітілгеннен кейін оған өзгерістер енгізу мүмкін емес. Сондай-ақ қатысушылар санын 14 командаға дейін арттыру мүмкін емес. Лига логистика мен тұру шығындарын толықтай өз мойнына алады. Ағымдағы маусымның бюджеті «А» дивизионында 4 жас санаты бойынша 12 команданың қатысуымен жарыстар өткізуге есептелген, - деп мәлімдеді QJ League баспасөз қызметі.

Ал Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы барлық дайындық жұмыстары толық жүргізілді, команданың лигаға қатысуы федерацияның ресми шешіміне байланысты деп отыр.

- «Судоремонтник» стадионы лига талаптарына толық сәйкес дайындалды. Алаң жабындысы (газон) 2025 жылғы желтоқсан айында толық жаңартылып, қазіргі таңда пайдалануға дайын күйде. Нысан 2026 жылғы 20 наурызда QJ лигасының барлық талабына толық дайын болды. Ал лига аясындағы алғашқы ойындардың басталу мерзімі 2026 жылғы 18 сәуірге жоспарланған. Стадион инфрақұрылымы UEFA стандарттарына толық сәйкес келеді: заманауи футбол алаңы, электронды табло, бейнетүсірілімге арналған арнайы мұнаралар және алаңды қоршайтын жарнамалық борттар, - деп хабарлады Атырау облыстық дене шынықтыру,спорт және туризм басқармасы.

Ата-аналар енді мәселені шешуге орталықтағы органдар мен лига басшылығы араласуын сұрайды. Олардың пікірінше, бұл тек бір команданың емес, өңірдегі жас футболшылардың болашағына тікелей әсер ететін жағдай.

Ақпан айында «Атырау» футбол клубы саттыққа шығарылды. Сатып алуға ниетті кәсіпкер әкімдіктің талабы бойынша кемінде 1 млрд теңгеге футбол академиясын салу керек.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Наурыз 2026 23:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары