Үкімет басшысы экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды қайта өңдеуді тапсырды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-министр Олжас Бектенов Экология министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру мен қаржыландыру шараларын қабылдауды тапсырды.
Үкімет басшысының айтуы бойынша, қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар және басқа да экологиялық төлемдер жергілікті бюджетке бағытталып жатыр. Алайда, өңірлер осы қаражат есебінен экологиялық мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыс жүргізбей отыр.
«Қоршаған ортаға эмиссиялар және басқа да экологиялық төлемдер жергілікті бюджетке бағытталып жатыр. Алайда, тиісті жұмыс жүргізілмей отыр. Осыған байланысты Экология министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру мен қаржыландыру шараларын қабылдауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Тапсырма қалдықтарды қабылдау пункттерін жаңғыртуды және қайта өңдеу қуаттарын құруды қоса алғанда, экологиялық инфрақұрылымды дамытуға қаражатты қайта бөлуді көздейді.
Бүгін, 11:47
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:24
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















