Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

Тоқаев Қытайдың бірқатар компания жетекшілерін қабылдады

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Шымкентте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асаба ұсталды

Бір аптада елде алма мен пияз арзандады

Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды

Үкімет жарнаманы таңбалау жүйесіне жаңа түзетулер енгізіп жатыр

Үкімет жарнаманы таңбалау жүйесіне жаңа түзетулер енгізіп жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекеттік кірістер комитеті шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан ақша және өзге де мүлік алатын және оны пайдаланатын заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне қатысты кейбір мәселелер туралы, деректер базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту жөніндегі бұйрық жобасын әзірледі. Аталған жоба биыл 3–23 қазан аралығында «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылаудан өтті.

Жоба шетелдік қаржы көздерінен қаражат алатын және оны пайдаланатын тұлғалар мен заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері туралы ақпараттың ашықтығы мен айқындығын арттыру мақсатында деректерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін белгілейді. Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық бақылауды салықтық тексеру түрінде және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында, соның ішінде камералдық бақылау түрінде жүзеге асырады.

Сонымен қатар тұрақты негізде жеке тұлғаларға, оның ішінде инфлюенсерлерге (блогерлерге) салықтық міндеттемелерін толық орындау (жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, табыс көлемін толық көрсету мәселелері бойынша) тұрғысынан мониторинг жүргізіледі. Бұдан бөлек, уәкілетті ұйымдар мен өзге де тұлғалар арасында өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы» заңында онлайн-жарнаманы сәйкестендіру және таңбалау талабы көзделген. Осы мақсатта онлайн-жарнаманы таңбалау тәртібі бекітіліп, ол инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық және (немесе) шарттық негізде орналастыратын жарнамаларға қолданылатын онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларымен реттеледі.

Онлайн-платформаларда орналастырылатын нысаналы (таргеттелген) онлайн-жарнама тиісті онлайн-платформаның техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып автоматты түрде таңбаланады. Осылайша, қағидаларға сәйкес уәкілетті орган заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізеді. Аталған норма донорларды резиденттер және резидент еместер деп бөлмейді. Сондықтан қаржыландыру көзіне қарамастан кез келген онлайн-жарнама (PR-материалдар) міндетті түрде таңбалануға тиіс.

- Қазір онлайн-жарнаманы анықтау және бақылау тетігі, сондай-ақ оларды міндетті түрде таңбалау (маркировка) жүйесі жоқ. Сондай-ақ онлайн-платформа пайдаланушыларының нақты деректері (тегі, аты-жөні, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі) мен орналастырылған контенттің түрін (коммерциялық/коммерциялық емес) жіктеу тәртібі де айқындалмаған. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - деп жауап берген Үкімет аппараты Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев жолдаған депутаттық сауалға.

Депутаттық сауал жауабында айтылғандай, жаңа түзетулер ресми ақпаратқа арнайы мәртебе беру және тиісті хабарламаларды белгілеу үшін арнайы таңба (белгі) қолдану тетігін енгізуге бағытталған.

Аталған бастамаларды іске асыру мақсатында келесі заң жобаларын әзірлеу бойынша жол картасы бекітілді:

- «Онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы;

- «Онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

- Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады. Үкімет шетелдік қаржыландыруды бақылау жөнінде қажетті шаралар қабылдап жатыр. Сонымен қатар қазір блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне қосымша міндеттер енгізудің қажеттілігі жоқ деп есептеледі. Өйткені қолданыстағы заңнамада салықтық бақылау мен есептіліктің тиісті тетіктері қарастырылған,- делінген жауапта.

Еске сала кетсек, өткен жылдан бастап Қаржы министрлігі блогерлердің табысына қатысты мәліметтерді жариялап келеді, оның ішінде табыс салығын төлемей жүрген желі жұлдыздары да бар. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 14:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see147

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see134

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see134

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see130

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see129

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see129

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see129

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see128

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see127

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see126

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see125

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see124

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see124

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see120

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

25 Қыркүйек 2026 22:07see120

Тоқаев Қытайдың бірқатар компания жетекшілерін қабылдады

25 Қыркүйек 2026 17:25see119

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see117

Шымкентте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асаба ұсталды

26 Қыркүйек 2026 11:12see115

Бір аптада елде алма мен пияз арзандады

25 Қыркүйек 2026 22:59see115

Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды

26 Қыркүйек 2026 14:56see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары