Ұлттық банк басшыларының 1,7 млрд теңге сыйақы алғаны рас па? Сүлейменов жауап берді
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ұлттық банк
Ұлттық банкте өткен брифингте төраға Тимур Сүлейменовке бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан басшылық құрамға 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы тағайындалды деген дерекке қатысты сұрақ қойылды.
Оның айтуынша, аталған сомаға сыйақы емес, жалақы мен басқа да міндетті төлемдер кіреді.
«1,7 млрд теңгеде жалақы, сауықтыру төлемі, оқыту, еңбек демалысы төлемі, яғни, біз алған ақылардың бәрі есептелінген. Сыйақы емес», деді Ұлттық банк төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірі Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен 2024 жылы Ұлттық банк жетекшілері өздеріне қомақты көлемде – 1,7 млрд теңге сыйақы жаздырып алғаны туралы сұраған еді. Алайда, модератор бұл мәселені талқылауды «күн тәртібіне сай емес» деп тоқтатты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:42
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 16:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















