Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Ұлттық ұланда сарбаз көз жұмды: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты

Ұлттық ұланда сарбаз көз жұмды: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Алматы қаласының 5571 әскери бөлімінде Ұлттық ұланда шақырылғанына небәрі екі ай болған Алмас Шахимов қайтыс болды. Марқұмды жер қойнына тапсырғалы үш жыл болды. Бүгін сотта айыпталушы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алмас Шахимовтың өліміне әу баста құмды дауылдан құлаған шатыр себеп болды делінген. Әскерилер тіпті табиғи апат кезінде бірнеше әріптесін құтқарғанын айтып, марқұм сарбазды "Ерлігі үшін" деп марапаттаған.

Алайда марқұмның туыстары әскерилердің сөзіне күмән келтіріп, марапаттан да, ақшалай көмектен де бас тартқан. Олардың айтуынша, баласын ұрып өлтірді. Алмас Шахимовтың туыстары үш жыл бойы әділдік іздеумен жүрген. Биыл 29 мамырда сарбаздың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Шахимовтың өліміне кінәлі деп взвод командирі Дәурен Байызбеков айыпталды.

© Sputnik / Айдана ДайыроваҰлттық ұланда сарбаз қайтыс болды: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты

Ұлттық ұланда сарбаз қайтыс болды: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты

© Sputnik / Айдана Дайырова

Іс Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлігі - "Қызметке салғырт қарау" бойынша қозғалды. Сотқа жәбірленуші тарап қатыспады.

Бүгін айыпталушы взвод командирі Дәурен Байызбеков соңғы сөзін айтты.

"Алмас менің жүрегімде мәңгі қалады. Ол өте тәртіпті, елгезек сарбаз болатын. Дауыл болған оқиға күні барлық куәгер түсініктеме берді. Алмас бір үйдің жалғызы, мен туыстарының жандүниесін түсінемін, кешірім де сұраймын. Бірақ мен 20 жыл қызметімде бір де бір жауапқа тартылмаған маманмын. Сарбазды өлтірді деген айыппен еш келіспеймін. Осы уақытқа дейін менің жан даусымды есту үшін туыстары сотқа қатысса деп ем, олар қатыспады", - дейді айыпталушы.

Сол күні қатты дауылдан бірнеше сарбаз зардап шеккен. Ол күні ұшқан темір, кірпіш, тас бәрін есеңгіретіп тастағанын айтқан айыпталушы "қандай үкім шықса да, бір Аллаға тапсырдым" деді. Сотталушы командир 4 баласы барын, тергеу ісінің дұрыс жүрмегенін айтты.

© Sputnik / Айдана ДайыроваҰлттық ұланда сарбаз қайтыс болды: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты

Ұлттық ұланда сарбаз қайтыс болды: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Мені жауыз етіп көрсетудің қажеті жоқ. Мен Алмастың ата-анасын түсінемін, бірақ мен кінәлі емеспін. Ауылдан шыққан қарапайым адаммын, отбасымның ауыр жағдайын ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Иә, Алмас қайтыс болды, мен тірімін, айыбым сол ғана. Қандай үкім шықса да, ата-анасы кешірмейтінін білемін", - дейді сотталушы.

Еске сала кетейік, Алмас Шахимов 2022 жылдың 9 тамызында, Ұлттық гвардияның 5571 бөліміне шақырылғанна кейін екі айдан соң көз жұмды. 2023 жылдың желтоқсанында денені эксгумациялау жүргізілді. Марқұмның анасы Индира Туғанбаева айтуынша, ұлының денесінде бірнеше пышақ жарақаты болған.

"Оң жақта үш пышақ жарақаты табылды: қолда, тізеде және аяқта. Тұншықтырған белгілері бар, сондай-ақ 26 дене жарақаты. Оның бүйрегіне зақым келген, бас сүйегі сынған, денесіне темекі басқан", - дейді Индира Туғанбаева.

Бүгін сотталушының соңғы сөзі тыңдалды.

Резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша үкім осы жылдың желтоқсанында шығады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 13:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see141

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары