Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Ұлттық валюта күні: теңгеге 32 жыл

Ұлттық валюта күні: теңгеге 32 жыл

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Бүгін Қазақстанда ұлттық валюта күнін атап өтіп жатыр. Осыдан 32 жыл бұрын қазақстандықтар төл теңгесін қолға алды. Ұлттық валюта күнімен бірге қаржыгерлердің мейрамы да тойланады. Sputnik Қазақстан теңгенің тарихына қатысты қызықты деректерді ұсынады.

Тарихи оқиға: төл валюта айналымға енді

1992 жылы 27 тамызда Қазақстанның ұлттық банкі алғашқы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге әкелген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. Дәл осы жылы теңге дизайнындағы портреттер де бекітіліп, Ұлыбританияда басылып шықты.

Келесі жылы жылы 12 қарашада сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы" жарлыққа қол қойса, екі күннен кейін Тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы айналымға енді. Ал 1997 жылы президент жарлығымен 15 қараша теңгенің айналымға енген күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

"Теңге" атауы "денге" немесе "таньга" сөзінен шыққан. Бұл – орта ғасырдағы түркі күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынған болатын.

Жүрекке жақын банкнота

Қазақстандықтар теңгенің алғашқы банкноттарын әлі күнге дейін еске алады. "Портреттер" банкнотының бірінші топтамасы:

1 теңге – Әл-Фараби портреті;

3 теңге – Сүйінбай портреті;

5 теңге – Құрманғазы портреті;

10 теңге – Шоқан Уәлиханов портреті;

20 теңге – Абай Құнанбаев портреті;

50 теңге – Әбілқайыр хан портреті;

100 теңге – Абылай хан портреті.

Алғашқы банкноттар Англиядан жеткізілді Ұлттық валютаның алғашқы банкноттары Англияда Harrison&Sons фирмасында басылып шығарылды. Ақша Қазақстанға ұшақтармен жеткізілді, бір апта ішінде 18 рейс орындалды. Ал қағаз тиындар Қазақстанның бағалы қағаздар шығаратын цехте басылды.

Банкнот фабрикасы қалай құрылды

Қазір жинақталған тәжірибе мен көп жылдық тәжірибенің арқасында Алматыдағы Банкнот фабрикасында банкноттарды шығару толық жолға қойылған.

"1995 жылғы 19 мамырда банкнота өндірісіне қажетті база құрылғаннан кейін Банкнот фабрикасы ресми түрде ашылды. Сол жылы 83 миллионнан астам, бір жылдан кейін 104 миллионнан астам банкнота басылды. Ал 1997 жылы Банкнота фабрикасы Қазақстан азаматтарының паспорты мен жеке куәлігін шығара бастады" - дейді Ұлттық банк мамандары.

Ал ұлттық валюта монеталары Қазақстан монета сарайында 1992 жылы Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының базасында құрылған болатын. Монеталардың алғашқы партиясы 1993 жылы шығарылды. Кәсіпорын түсті металдардан, алтыннан және күмістен ұлттық валюта монеталарын шығаруға байланысты Ұлттық банктің тапсырыстарын орындайды.

Теңге банкноттарының ерекшелігі

Бүгінде Қазақстан теңгесі әлемдегі ең жақсы қорғалған валюталардың бірі болып саналады, Мысалы, 20 000 теңгелік банкнота ең жақсы қорғалған банкноталардың қатарына кіреді.

2011 жылдан бастап үш жыл қатарынан қазақстандық банкноттар әлемдегі үздік банкнот деп танылды. 2014 жылы түркі жазуына арналған қазақстандық "КҮЛТЕГІН" естелік банкноты Халықаралық банкнот қауымдастығының (IBNS) нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік банкнотына айналды.

Ал Халықаралық валюта қауымдастығы (IACA) 2007 жылы номиналы 10 мың теңгелік банкнотты әлемдегі ең үздік деп таныды. 2016 жылы 20 мың теңгелік банкнот High Security Printing Europe конференциясында марапат алды.

Жалпы, Қазақстан банкноталары әлем бойынша қорғалу жағынан әрі әдемілік сипатынан халықаралық аренадағы 10-нан астам марапатқа ие болды.

Ұлттық валюта банкноталары ерекше шықырлайтын арнайы қағазға басылған. Егер банкнотаны саусағыңызбен сипап көрсеңіз, рельефті сезіне аласыз. Бұл – арнайы баспа техникасы.

Теңгенің бағамы

Басында ұлттық банк бір теңгені мың сомға бағалаған. Артынан оны 500 сомға дейін түсірді. Ескі ақшаны бес күннің ішінде айырбастап тастады. Ұлттық валюта айналымға шыққанда бір долларға шаққанда бағамы 4,75 теңге болған.

Қазіргі кезде валюта айырбастау пунктерінде бір доллар 529 теңгеден сатылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 10:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see166

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see158

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see151

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see150

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see147

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see145

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see143

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see141

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see140

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see139

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see136

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see121

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see118

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see117

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see117

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see115

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see112

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары