Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Үш ұпайды алуға мүмкіндік болды : спорт сарапшылары Қайрат пен Пафос арасындағы матч жайлы айтты

Үш ұпайды алуға мүмкіндік болды : спорт сарапшылары Қайрат пен Пафос арасындағы матч жайлы айтты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Өткен аптада «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясындағы үшінші кездесуін өткізді. Кипрлік «Пафосқа» қарсы тартысқа толы ойын тең нәтижемен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

90 минут бойы екі команда да гол соғып, есеп ашуға тырысқанымен, ала допты қақпа торында тулату мүмкін болмады. Сонымен, «Қайрат» өзінің Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын қоржынына салды.  

Ең қызығы, ойынның алғашқы минуттарында-ақ күтпеген оқиға болып, жиналған жұрттың делебесі одан сайын қозды. Ойынның 4-минутында «Пафос» қорғаушысы Жоау Коррея «Қайрат» ойыншысы Луиш Матаға қарсы дөрекі ойын көрсеткені үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы сәтте стадионға жиналған жанкүйерлер бөркін аспанға лақтырып, жеңістен дәмелі екенін көрсетті. Десек те, төрешілердің шешімі алматылық клуб үшін ұпай еншілеуге қолайлы жағдай туғызғанымен, бұл артықшылықты пайдалану оңайға соқпады. Расында, кипрлік командаға қарсы өткен ойында «Қайраттың» пайдасына жарайтын бірнеше маңызды сәттер болды. Алғашқысы, кипрлік ойыншының қызыл қағаз алуы болса, екіншісі 72-минутта қарсыластың Анарбековтің қақпасына «гол соға жаздаған» сәті. Таблодағы сандар 0:1 болып өзгергенімен, артынша офсайд тіркеліп, гол есепке алынбады. Дәл осы шешімнен кейін стадиондағы халықтың көңіл күйін елестете беріңіз...

Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында журналистерге берген сұхбатында ойынды талдай келе, қарсыластың тәжірибесі туралы пікірін бөлісті. Сондай-ақ Уразбахтин ойыншылардың табандылығы мен жанкүйерлердің қолдауын ерекше атап өтіп, оларға шынайы ризашылығын жеткізді.

– Шын мәнінде, «Пафос» біз үшін білікті және толық емес құраммен ойнауға дағдыланған тәжірибелі қарсылас болды. Олар «Олимпиакосқа» қарсы матчта алғашқы таймның жартысында бір ойыншысынан айрылса, ал бүгін бүкіл матч бойы дерлік он адаммен ойнауға мәжбүр болды. Тіпті, толық емес құраммен ойнаса да, біздің қақпаға қауіпті шабуылдар жасады. Бұл ретте Темірланның еңбегі зор. Әрине, командадағы ойыншы саны бойынша артықшылықты пайдалана алмағанымыз өкінішті. Бұл жолы жеңіс сыйлай алмадық, алайда алдағы ойындарға үмітіміз зор, – деді ол.

Кездесу барысында журналистер бас бапкерден қауіпті сәттер көп болған кезде соққыны түйіндейтін шабуылшы мәселесі, топтық кезеңдегі ұпай санына қатысты аналитикалық болжамы туралы пікірін сұрады. Уразбахтин қазіргі уақытта шабуыл шебінде ойнайтын ойыншылар жеткілікті болғандықтан, сапқа жаңа адам қосу туралы мәселе қозғаудың еш негізі жоқ екенін айтты. Сондай-ақ бас бапкер құрамдағы футболшылардың әлеуетін тиімді пайдалану басты назарда екенін, ал трансфер мәселесі келесі маусымдағы ауысым кезеңінде ғана қарастырылатынын жеткізді.

– Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ұпай санын алдын ала болжау мүмкін емес. Команда әр матчқа мұқият дайындалып, барынша өзін көрсетуге тырысады. Негізгі мақсат – батыл ойнап, жеңіске жету, алаңда табандылық пен өзіндік мінез таныту. Осындай қарқынмен ойнасақ, ұпайлар өзі-ақ қоржынымызға қосылады. Дегенмен басты назарды тек ұпай санына емес, ойыншылардың дамуына аудару қажет. Себебі бізде мұндай мүмкіндік жиі бола бермейді. Сондықтан барлық клубқа үнемі еуропалық турнирлердің топтық кезеңіне шығу міндеті қойылуы тиіс. Осының арқасында ойыншылардың деңгейі өсіп, чемпионат сапасы жақсарады, – деді Р. Уразбахтин.

Қазір қос команда арасындағы ойын жанкүйерлер мен спорт сарапшыларының арасында қызу талқыланып келеді. Матч барысында алматылық клуб басымдыққа ие болғанымен, нәтиже олардың пайдасына шешілмеді. Бірі бұл жағдайды сәттіліктің жетіспеуімен байланыстырса, енді бірі тактикалық қателіктер себеп болғанын айтады. Сарапшылардың пікірінше, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчтар «Қайраттың» әлеуеті жоғары екенін көрсетсе, екінші жағынан, Еуропа алпауыттарымен бәсекелесу біліктілікті қажет ететінін аңғартты. Осы тұста белгілі спорт комментаторы әрі футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен жеңіске жетуге мүмкіндік бола тұра, кипрлік командаға қарсы ойында «Қайратқа» тәжірибе жетіспегенін түйреп өтті.

– Біріншіден, «Пафосты» жеңу үшін «Қайратқа» тәжірибе жетіспеді. Бұған дейін Чемпиондар лигасында мұндай жағдай болған емес. Матчта жеңіске деген сенім басым болып, шабуылға көп күш салды, бірақ нәтижесінде шаршап қалды. Керісінше, команда өз ойынын ойнап, сабырмен әрекет етуі қажет еді. Қарсыластың 10 ойыншымен қалғанына мән бермей, екінші таймда ғана қарқын үдеткен дұрыс болатын, – деді ол.

Алаңдағы айқастан соң спорт сарапшылары «Екі команда да деңгейлес клуб, «Қайрат» өзінің Чемпиондар лигасындағы ұпайын осы матчта түгендеуге болар еді» деп пікір білдірген еді. Ермұхамед Мәулен де әріптестерінің бұл ойын жоққа шығармайды.

– Иә, екі команда да шамамен деңгейлес клуб. Оның үстіне, «Қайрат» өз алаңында ойнады. Стадионда жергілікті жанкүйерлер қолдап отыр. Қарсылас командаға келсек, олар Алматыға дейін қаншама уақыт ұшып келгендіктен, адаптациядан өтіп үлгермеген команда еді. Сондықтан алматылық клуб бұл ойында «фаворит» болып, Чемпиондар лигасындағы алғашқы үш ұпайын еншілеуге мүмкіндік болды, – деді Е.Мәулен.

Спорт шолушысы Әли Битөре де екі команданың деңгейінде алшақтық байқалмайтынын, десе де қарсылас команда ойын барысында осалдық танытпағанын негізге алды.

– Футболшылардың және легионерлердің сапасын ескерсек, «Пафос» футболшыларының деңгейі жоғары екені байқалады. Бір ғана Давид Луисті айтсақ жеткілікті шығар. Даңқты бразилиялық қорғаушы өз шеберлігін көрсетті. «Қайрат» шабуылшыларына дес бермей, қауіпті соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Егер «Пафос» шабуылшысы ойын басында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылмағанда, таблодағы есеп мүлде басқаша болуы мүмкін еді. Сондықтан «Қайрат» үш ұпайды ала алмады деп өкпелеудің қажеті жоқ, – деді ол.

Кейінгі кездері жанкүйерлер тарапынан қорғаушылар мен шабуылшыларға қатысты жиі сын айтылып жүр. Ескеретін маңызды жайт, командадағы ойыншылар маусым бойы үзіліссіз ойнап келе жатыр. Биыл Қазақстандағы ішкі матчтардан бөлек, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі маңызды кездесулерді қатар өткізуге тура келді. Ермұхамед Мәулен ойыншылардың әлеуетін бағалай отырып, спортшылардың ойынына физикалық және моральдық факторлардың да әсері бар екенін еске салды.

– Қазір көпшілік Жоржино мен Громыконы сынға алып жатыр. Дегенмен  екі ойыншы да – «Қайрат» клубының сенімді ойыншылары. Осыған дейін Жоржино Люксембургтің «Дифферданж» командасында, ал Громыко «Қайсардың» сапында ойнаған. Олар Қазақстан чемпионатында, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдерінде өздерін жақсы қырынан көрсетті, маңызды голдар соқты. Футболшылардың қазіргі ойынына ұзақ маусымның да әсері бар екенін ескеру керек. Футболшылар ақпан айынан бері үздіксіз ойын өткізіп келеді. Физикалық және моральдық тұрғыда әбден шаршады. Он бір ай бойы алаңнан түспеу – кез келген спортшы үшін оңай емес. Қазіргі уақытта қос ойыншы күшін салып, команда үшін барын беріп жүр. Сондықтан мен оларға ешқандай кінә таға алмаймын, – деді Е.Мәулен.

Әли Битөре де сарапшының жоғарыда айтылған пікірімен келіседі. Сонымен бірге спорт шолушысы негізгі мәселе құрамдағы өзгерістер мен трансферлік саясатқа да байланысты екенін  атап өтті.

– Былтыр Қайрат Боранбаев мырза: «Егер «Қайрат» келесі жылы Еурокубоктың топтық кезеңіне шықса, онда еурододада да, ішкі біріншілікте де негізгі құраммен ойнаймыз» деген еді. Боранбаев сол уәдесінде тұрды. Маусым бойы тек бір құрам ойнап шықты. Бұл, әрине, команданың соңғы айлардағы ойынына қатты әсер етті. Футболшылар әбден шаршаған, зорыққан. Сондықтан бұл жолы жеңіске жете алмады деп ойлаймын.

Иә, қазір шабуыл мен қорғанысқа қатысты сын көп. Дегенмен олар ұзақ әрі ауыр маусым өткізгенін ескеруге болады. Бірақ кәсіби футболшы мұндай жүктемеге дайын болуы тиіс еді. Маусым басында «Қайратты» өрге сүйрейді деген бразилиялықтар – Элдер Сантана мен Жоао Пауло жарақат алып, командаға көмектесе алмады. Кейінгі трансферлер де сәтсіз болды. Қазір ел чемпионаты аяқталды, демек, футболшылардың демалуға уақыты бар. Бәлкім, алдағы ойындарда нәтиже жақсаратын шығар деп үміттенемін, – деді Ә. Битөре.  

Чемпиондар лигасында өнер көрсету – спортшыны халықаралық аренада танытуға таптырмас мүмкіндік. Миллиондаған көрермені бар турнирдің мұндай тиімді тұсы біздің де спортшыларымызды айналмай өтпеді. Әсіресе, қақпашы Темірлан Анарбековтің ойынына қызығушылық танытқандардың қатары артып келеді. Жарақатынан айығып, ойынға енді қосылғанына қарамастан, ол қауіпті сәттерде қақпаны сенімді қорғап, сәтті сейвтермен көзге түсті. Қазірдің өзінде әлеуметтік желіде Анарбековтің ойынына таңдай қаққандар, оның батыл сейвтерін жоғары бағалағандар аз емес. Сарапшылар да жас қақпашының жұлдызы дәл осы Чемпиондар лигасында жарқырайды деп үміттенеді.

– Еуропалық ойыншылардың деңгейімен салыстырсақ, Темірлан Анарбеков «Пафос» қақпашысынан артық демесеңіз, еш кем емес. Чемпиондар лигасында дәл осы ойыншының жұлдызы жануы әбден мүмкін. Егер алдағы матчтарда сенімді ойынын жалғастырса, оған еуропалық клубтардың көзі түсетіні анық. Мұндай мүмкіндік – жас қақпашы үшін үлкен жарнама. Сондықтан Чемпиондар лигасынан кейін Анарбеков  Италия немесе Испания командаларына ауысып жатса, таңқалмаймын, – деді Е. Мәулен.

Осыған дейінгі матчтарды тактикалық тұрғыдан бағалаған Ермұхамед Мәулен «Қайраттың» ойын жүйесінде жоғары прессингтің айрықша рөлге ие екенін тілге тиек етті. Сарапшының пайымдауынша, клуб неміс футбол мектебінің әдістерін өз тәжірибесіне енгізіп, оны жүйелі түрде дамытып келеді. Бұл тәсіл командаға ойын қарқынын бақылауда ұстап, қарсыласты қыспаққа алу арқылы шабуылға жылдам ауысуға мүмкіндік береді.

– Қарапайым көрермен ретінде «Қайраттың» прессингі мықты деп баға берер едім. Команда балаларды неміс футбол мектебінің үлгісін ұстанатын «Лейпциг» академиясының әдістерімен дайындайды. «Қайрат» жиі қолданатын жоғары прессинг, кейде «гегенпрессинг» – қарсыласты қыспаққа алу, жылдам шабуылға шығу және бір ойыншыға екі футболшымен қысым жасау сынды тактикалық элементтерге негізделген. Бұл әдістер Қазақстан чемпионатында командаға өз жемісін беріп жүр, – деді футбол сарапшысы.

Естеріңізде болса, таяуда «Қайрат» клубы Қазақстан чемпионатының бес дүркін жеңімпазы атанып, осы жылы да титулын сақтап қалған еді. Сонымен алматылық клуб келесі маусымда тағы да УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығына ие болды. Сарапшылардың бағамдауынша, бұл жеңіс командаға жаңа серпін беріп, алдағы матчтарда да сенімді ойын көрсетуге үлкен стимул болмақ.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 15:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары