Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

Құдай сақтапты! : Мақпал Жүнісова жолда қауіпті жағдайға тап болды

Айына 2 ден 3,4 миллион теңгеге дейін Еңбекмині ең табысты бос жұмыс орындарын атады

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

Вашингтондағы Израиль Ливан кездесуі нені аңғартады

Вашингтондағы Израиль Ливан кездесуі нені аңғартады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

15 сәуір күні Вашингтондағы АҚШ Мемлекеттік департаментінде бұған дейін елестетуге қиын болған кездесу өтті. Израиль мен Ливан елшілері АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың жеке қатысуымен бір үстел басында шамамен екі сағат бойы келіссөз жүргізді. Қос тараптың соңғы рет тікелей кездескеніне 1993 жылдан бері 30 жылдан астам уақыт өткен еді.

Сондықтан Вашингтон бұл басқосуды тарихи сәт ретінде бағалады. Дегенмен, Таяу Шығыста мұндай символдық қадамдар нақты жағдаймен үйлесе бермейді. Бұл қайшылық дәл сол күнгі оқиғалар арқылы айқын көрінді. Себебі дипломатиялық диалог қатар жүріп жатқан сәтте «Хезболла» Израильдің солтүстігін атқылады, Галилея аймағында әуе дабылдары қосылды. Ал Ливанның оңтүстігінде Израильдің әуе соққылары жалғасып жатты.

30 жылдан кейінгі алғашқы диалог

Үш тараптың қорытынды бірлескен мәлімдемесінде кездесу «нәтижелі пікір алмасу» деп сипатталды. Дипломатиялық тілге терең үңілмейтін оқырман үшін бұл сөздер әзірге нақты бейбіт келіссөз басталды дегенді де, түпкілікті келісім бар дегенді де білдірмейді.

Құжат мазмұнына сәйкес, Израиль мен Ливан алдағы келіссөздердің уақыты мен орны әлі анықталмағанымен, мұндай форматқа қатысуға дайын екендерін растады.

Дегенмен бұл қадам өте сақ жағдайда өтті. Себебі Израиль мен Ливан ондаған жыл бойы ресми түрде соғыс жағдайында өмір сүріп келеді. Олардың арасында дипломатиялық қатынас та, тұрақты тікелей байланыс арналары да жоқ. Тіпті Вашингтондағы кездесуде де елшілер көпшілік алдында қол алысқан жоқ. Алайда бұл дистанцияны америкалық тарап алдын ала ескерген еді.

Соған қарамастан, әр тараптың ұстанымы анық көрінді. Израиль елшісі Йехиэль Лейтер келіссөздер «мүмкіндігінше жақсы өтті» деп бағалап, олардың жақын уақытта жалғасатынына үміт білдірді. Ал ливандық делегация өкілі Нада Хамаде Моавад өз кезегінде Бейруттың басты талабын – атысты тоқтату мен қоныс аударған тұрғындарды үйлеріне қайтару мәселесін қайта растаумен шектелді.

Сарапшылардың пікірінше, нақты келісімдер болмаса да, кездесу маңызды сигнал болды. Өйткені Израиль бұған дейін Ливанмен тікелей диалогтан бас тартып келген. Сондықтан келіссөз үстеліне отырудың өзі болашақ үдерістің басталуына жол ашатын қадам ретінде бағаланады.

Кездесуге не түрткі болды?

Кездесудің дәл 2026 жылдың сәуірінде өтуін бір ғана себеппен түсіндіру қиын. Бірнеше фактор бір уақытта тоғысып, саясаттанушылар мен дипломаттар «мүмкіндіктер терезесі» деп атайтын ерекше сәтті қалыптастырды.

Ең алдымен, басты алғышарттардың бірі – «Хезболланың» әлсіреуі. 2023 жылы Газа секторындағы соғыстан кейін басталған, екі жылдан астам уақытқа созылған Израиль соққылары ұйымның басшылығына, әскери инфрақұрылымына және жалпы әлеуетіне айтарлықтай соққы берді. Осы кезеңде оның негізгі тірегі саналатын Иран да әлсіреді. Оның үстіне ақпанда Тегеранға жасалған америкалық-израильдік соққы салдарынан жоғарғы көшбасшы Әли Хаменейдің қаза табуы елдің саяси жүйесіне ауыр әсер етті.

Сонымен қатар дипломатиялық ахуал да өзгерді. Өткен аптада Исламабадта жасалған америкалық-ирандық бітім бір жағынан жаңа мүмкіндік ашса, екінші жағынан тараптарға қысым түсірді. Тегеран бұл келісімге Ливанды да қосуға тырысып, оны кез келген мәміленің негізгі шарты ретінде ұсынды. Алайда Вашингтон мен Тель-Авив ұстанымды қабылдамай, Ливан мәселесін жеке форматта қарастыруды жөн көрді.

Нәтижесінде жағдай күрделеніп, ортақ келісімге келу мүмкін болмай қалды. Израиль Ливанға соққыларын жалғастырды, ал осы ахуалда Биньямин Нетаньяху Бейрутпен тікелей келіссөздерге баруға келісті. Осылайша Ливан мәселесі америкалық-ирандық контекстен бөлініп, жеке екіжақты арнаға өтті.

Ливан ішіндегі саяси өзгерістер де бұл процесті жылдамдатты. Президент Джозеф Аун басқаратын жаңа үкімет «Хезболла» Израильге қарсы атысты қайта бастап, елді жаңа қақтығысқа тартқаннан кейін бұл топтан біртіндеп алшақтай бастады.

Қоғамдық пікір де біркелкі емес. Өткен жылғы Gallup сауалнамасы ливандықтардың 79 пайызы қару тек мемлекеттік армияның қолында болуы тиіс деп санайтынын көрсетсе, Ливандық зерттеулер орталығының дерегінше, 58 пайызы ұлттық қорғаныс стратегиясы қабылданбай тұрып «Хезболланы» қарусыздандыруға қарсы шыққан.

Бұған қоса өткен айда Ливан билігінің Иран елшісін елден шығаруы да жағдайды ушықтырды. Елші елден кетуден бас тартқанымен, оқиға Иран ықпалының Ливанда қаншалықты терең екенін көрсетті.

Ал Израильдің алғаш рет парламент спикері Набих Берри жетекшілік ететін «Амаль» шиит қозғалысына соққы жасауы маңызды оқиға болды. «Хезболланың» ұзақ жылғы одақтасы саналатын күш Ливан саясатында тепе-теңдік ұстап келген еді. Сондықтан соққы Израильдің енді тек «Хезболланы» емес, оның саяси тірек жүйесін де нысанаға алып отырғанын аңғартты.

«Хезболла» феномені: әскери құрылымнан саяси жүйеге дейін

Келіссөздердің күрделілігін түсіну үшін алдымен «Хезболланың» тактикасы мен табиғатына назар аудару қажет. Бұл ұйымды біржақты сипаттау қиын. Батыс медиасы оны көбіне террористік құрылым ретінде көрсетсе, Иран мен араб ақпарат құралдары оны қарсыласу қозғалысы ретінде бағалайды. Ал шын мәнінде, саяси анықтамалардан тыс оның құрылымы әлдеқайда күрделі.

Ұйым 1982 жылы Израильдің Ливанға басып кіруі кезінде Иранның тікелей қолдауымен пайда болды. Бастапқыда оккупацияға қарсы қарулы қарсылық ретінде құрылған «Хезболла» уақыт өте келе тек әскери күш емес, парламентте өкілдігі бар саяси партияға және кең әлеуметтік инфрақұрылымы бар ұйымға айналды.

Әсіресе Ливанның шииттер тығыз қоныстанған аймақтарында, мемлекет институттары әлсіз болған кезеңдерде «Хезболла» ауруханалар, мектептер және түрлі әлеуметтік нысандар салып, ықпалын күшейтті. Соның нәтижесінде шиит қоғамының едәуір бөлігі үшін ол қауіп емес, керісінше қорған ретінде қабылданады.

Осы себепті «Хезболланы» қарусыздандыру Ливан армиясы үшін ел ішіндегі бір қауымға қарсы шығумен тең болар еді. Бейруттағы Карнеги орталығының аға редакторы Майкл Янгтың пікірінше, бұл оңай жүзеге асатын қадам емес.

– Ливан армиясы әрбір шииттің үйіне кіріп, қаруды тартып ала алмайды. Қару-жарақ шоғырланған аудандарды толық «тазалау» да мүмкін емес. Мұндай әрекет азаматтық соғысқа ұласу қаупін тудырады, – дейді ол.

Бұған қоса мәселенің тағы бір маңызды қыры бар. Ол – өңірлік құрылым. «Хезболла» Иран қолдайтын «қарсылық тұсының» бір бөлігі саналады. Бұл жүйеге Газа секторындағы ХАМАС, Ирактағы қарулы жасақтар және Йемендегі хуситтер кіреді. Соңғы жылдары топтардың барлығы елеулі соққы алғанымен, ешқайсысы толық жойылған жоқ.

Зерттеушілердің пікірінше, қарулы күрес «Хезболланың» жай ғана құралы емес, оның өмір сүруінің негізгі мәні болып саналады. Сондықтан оны қарусыздандыру туралы мәселе тек әскери немесе саяси сұрақ емес, түптеп келгенде ұйымның болашақта сақталып қалу-қалмауына қатысты түйін болып қала береді.

Бітімнен кейінгі соғыс

Қазіргі келіссөздер бұған дейін сәтсіз аяқталған үдерістің көлеңкесінде өтіп жатыр. Сондықтан олардың нақты перспективасын бағалау үшін өткен тәжірибені ескеру де маңызды.

Атап айтқанда, 2024 жылдың қарашасында Байден әкімшілігінің делдалдығымен жасалған атысты тоқтату туралы келісім сол кезде алға жасалған елеулі қадам ретінде қабылданған еді. Ол «Хезболланың» Ливанның оңтүстігінен шығуын, ұйымды қарусыздандыруды және Ливан армиясының шекара бойына орналасуын көздеген. Алайда уақыт өте келе оның іс жүзінде жұмыс істемейтіні белгілі болды.

Оған бірнеше себеп әсер етті. Бір жағынан, қаржы тапшылығы мен саяси шектеулерге байланысты Ливан армиясы «Хезболламен» ашық қақтығысқа баруға тәуекел етпеді. Екінші жағынан, Израиль тарапының бағалауынша, қаруды тәркілеуге бағытталған қатаң шаралардың орнына «консенсусқа негізделген тәсіл» қолданылып, бірқатар аумақтарда тексеру жүргізілмей қалған.

Соның салдарынан «Хезболланың» Израиль шекарасына жақын аумақтардағы жасырын позициялары сақталып қалды. Ал параллель түрде Израиль Ливан аумағына күн сайын әуе соққыларын жалғастырды. БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің дерегінше, атысты тоқтату кезеңінде Израиль тарапынан 10 мыңнан астам бұзушылық тіркелген.

Ал «Хезболла» өз күштерін Ливанның оңтүстігінен толық шығарған жоқ. Осылайша келісім қағаз жүзінде болғанымен, нақты іске аспады. Онда нақты мерзімдер де, орындалуын бақылаудың тиімді тетігі де қарастырылмаған еді.

Нәтижесінде жағдай қайтадан шиеленісті. Биылғы жылдың ақпанында Хаменейдің қаза табуынан кейін «Хезболла» атысты қайта бастады, ал Израиль Ливанда кең ауқымды шабуыл операциясын жүргізді. Осылайша бітім тұжырымдамасы толық күйреді. Алайда бұл жолы қайшылықтар бұрынғыдан терең сипат алып отыр, шығын көлемі де шаш етектен.

Тараптардың ұстанымы қандай?

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданғанымен, бірізді тұжырымдарының астарында тараптардың түрлі ұстанымдары жатыр.

Ливан үшін басты басымдық – атысты тоқтату. Себебі мұнда 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 1 миллионнан астам тұрғын қоныс аударуға мәжбүр болған. Елдің оңтүстігіндегі соңғы жұмыс істеп тұрған аурухана келіссөз өткен күні зақымданған. Осы жағдайда Ливан тарапы «Хезболланы» қарусыздандыруды ұзақ мерзімді мақсат ретінде қарастырғанымен, ең алдымен соғыс қимылдары тоқтатылуы тиіс деген талапты алға тартады.

– 2024 жылғы қарашадағы соғыс қимылдарын тоқтату туралы келісімді толық орындаудың шұғыл қажеттігін тағы да атап өттім, – деді Ливан елшісі Хамаде Моавад кездесуден кейін.

Ал Израиль керісінше ұстанымда болып, келіссөздерге атысты тоқтатуға алдын ала келісу жөніндегі нұсқаусыз келген. Израиль елшісі Лейтер ұзақ мерзімді стратегияға, нақты шекараларды айқындауға және мемлекетке жат барлық қарулы құрылымдарды қарусыздандыруға басымдық беретінін айтты.

Сонымен қатар ол болашақ нәтижені 2020 жылы Израиль бірнеше араб елдерімен жасаған Авраам келісімдерімен салыстырып, аймақтық дипломатияның кеңірек моделін меңзеді.

АҚШ өз кезегінде бұл үдерісті тек екіжақты қақтығыс деңгейінде емес, одан да кең стратегиялық контекстте қарастырады.

– АҚШ кез келген атысты тоқтату туралы келісім екі үкімет арасында, АҚШ-тың делдалдығымен жасалуы тиіс екенін растады, – делінген бірлескен мәлімдемеде.

Axios дерегінше, бұл тұжырым Иранның ықпалы арқылы жасалатын кез келген бітімге жол берілмеуі тиіс деген саяси сигнал ретінде бағаланған.

Келіссөздегі көлеңкелі ықпал

Вашингтондағы келіссөзге Иран тікелей қатыспаса да, қақтығыста оның ықпалы әлі де сақталып отқанын айту керек. Тегеран Ливан мәселесін Исламабадта жасалған америкалық-ирандық бітім аясында қарастыруға тырысты. Оның нақты себебі бар. Иран тарапының пікірінше, «Хезболланы» АҚШ-пен жасалған келісімге енгізу Израильдің Ливандағы әскери әрекеттерін жалғастыруына құқықтық негізді әлсіретеді.

Алайда Вашингтон мен Тель-Авив оны қабылдамады. Олар Ливан мәселесі бөлек қарастырылып, тек екіжақты форматта шешілуі тиістігін нақты жеткізді. Осылайша Иранның бұл бағыттағы дипломатиялық талпынысы шектелді.

Нәтижесінде Иран АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілінің сөзімен айтқанда, «Ливанның қорғаушысы» ретінде әрекет ету мүмкіндігінен айырылды. Дегенмен бұл Иран ықпалының толық жойылғанын білдірмейді. «Хезболла» әлі де Тегеран тарапынан қаржыландырылып, саяси және әскери тұрғыда бағытталып отыр.

Бейруттағы Иран елшісі ресми түрде елден шығарылғанымен, ол Ливаннан кетуден бас тартты. Ал «Хезболланың» ұстанымы бұл процесте айқын күйінде қалды.

– Біз олардың келіскеніне бағынбаймыз, – деді «Хезболланың» саяси кеңесінің мүшесі Вафик Сафа кездесудің қарсаңында.

Осы ұстанымға сай топ келіссөздерден алшақ қалып қана қоймай, параллель түрде Израиль аумағына ракеталық соққыларын жалғастырды. Кездесу өткен күні кемінде 24 шабуылға жауапкершілік алғаны да айтылды. Бұл «Хезболланың» өз қатысуынсыз жасалған кез келген келісімді заңды деп мойындамайтынын және процестің барысына сырттай қысым арқылы да әсер етіп отырғанын көрсетеді.

Алда не болады?

Қорытындылай айтқанда, Вашингтондағы кездесу әзірге негізгі мәселелердің ешқайсысын шешкен жоқ. Израиль атысты тоқтатуға келіспеді, Ливан «Хезболланы» қарусыздандыру бойынша нақты жоспар ұсына алмады. Ал «Хезболланың» өзі болса, мұндай келіссөздерге бағынбайтынын ашық білдірді.

Соған қарамастан, кездесуді толықтай нәтижесіз деп бағалау дұрыс емес. Өйткені халықаралық тәжірибеде дәл осындай алғашқы, алдын ала байланыстар кейінірек ауқымды келіссөздерге жол ашқан жағдайлар аз емес.

Ендігі үдерістің бағыты тараптардың ымыраға келуге қаншалықты дайын болатынына байланысты.

Еске салайық, бұған дейін Испания премьер-министрі Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату қажеттігін айтты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 15:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see141

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see118

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see116

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see116

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

15 Шілде 2026 17:44see114

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see114

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see113

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see113

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see113

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

15 Шілде 2026 21:04see113

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

15 Шілде 2026 16:19see112

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see112

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

15 Шілде 2026 12:32see111

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

15 Шілде 2026 15:54see110

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

15 Шілде 2026 19:30see110

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

16 Шілде 2026 16:08see108

Құдай сақтапты! : Мақпал Жүнісова жолда қауіпті жағдайға тап болды

15 Шілде 2026 14:57see108

Айына 2 ден 3,4 миллион теңгеге дейін Еңбекмині ең табысты бос жұмыс орындарын атады

15 Шілде 2026 17:46see108

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

16 Шілде 2026 16:40see108

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

16 Шілде 2026 12:55see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары