Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Вундеркиндтер ересек өмірде неліктен үлкен жетістікке жете алмайды?

Вундеркиндтер ересек өмірде неліктен үлкен жетістікке жете алмайды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Aikyn.kz зерек балалардың дарыны болашақта оларға табысты болуға неге көмектеспейтінін zmescience.com сайтына сілтеме жасап түсіндіреді.

Есейгенде Нобель сыйлығын алатындай, Олимпиада чемпионы болатындай аса дарынды балалардың тағдыры әртүрлі болып жатады. Жаңа зерттеулер бұндай ерте байқалған дарын болашақта табыстың сенімді көрсеткіші еместігін көрсеткен.

Көпшілігімізде ұлылық ерте жастан байқалады деген түсінік бар. Шахмат вундеркинді, жас математик, скрипкашы, жасөспірім олимпиадашы. Мұндай оқиғалар өмірде кездесіп жатады. Үздік болуды аяқкиімнің бауын байлауды үйренбей тұрып бастау керек деген пікір де бар.

Алайда жаңа зерттеу бұл пікірге тікелей қарсы дәлелдер келтіреді. Олимпиада чемпиондарының, Нобель сыйлығы иегерлерінің, элиталық шахматшылар мен аңызға айналған музыканттардың өмір жолын зерттей келе, ғалымдар таңғаларлық қорытындыға келген. Өз саласының шыңына шыққан адамдардың басым бөлігі бала кезінде аса дарынды болмаған.

Шын мәнінде, ерте жастағы талант пен балалық шақтағы қарқынды дайындық болашақта кімнің шын мәнінде үздік спортшы немесе маман болатынына кепілдік болмайды. Керісінше, баяу дамығанымен, таным көкжиегі кең, қызығушылығы жоғары адамдар көбіне ең үлкен жетістікке жетеді.

«Егер біз әлемдік деңгейдегі үздік спортшылардың көпшілігі жас кезінде ерекше болмағанын түсінсек, онда ерте кезеңдегі айрықша жетістік ұзақ мерзімді әлемдік табыстың міндетті шарты емес екенін мойындаймыз», – дейді зерттеудің жетекші авторы, Германиядағы RPTU Kaiserslautern университетінің профессоры Арне Гюллих.

Элиталық табыстың жасырын заңдылығы

Жоғары жетістікке не жеткізетінін түсіну үшін зерттеушілер осы тақырыптағы ең ірі шолулардың бірін жүргізген. Олар 19 зерттеудің деректерін біріктіріп, шамамен 35 мың элиталық ересек адамның өмір жолын, сондай-ақ дарынды жастар мен элитаға жете алмаған адамдарды қамтыған 66 қосымша зерттеуді талдаған.

Команда құрамында спорт ғылымы, экономика және психология саласының мамандары болған. Бұл оларға жеңіл атлетикадан бастап музыка, шахмат және ғылымға дейінгі әртүрлі салалардағы табысты салыстыруға мүмкіндік берді. Олар адамдардың балалық шақта қалай жаттыққанын, қаншалықты тез дамығанын және ерте жетістіктің ересек өмірде сақталған-сақталмағанын мұқият зерттейді.

Нәтижелер өте бірізді болған. Ересек өмірде аса жоғары жетістікке жеткендердің шамамен 10%-ы ғана бала кезінде үздік болған. Сол сияқты, жоғары нәтиже көрсеткен балалардың тек 10%-ы ғана ересек кезде ең жоғары деңгейге жеткен.

Бұл заңдылық барлық салаларда сақталған. Спорт пен шахматта мансаптың шыңы әдетте 20-30 жас аралығында келеді. Ал ғылым мен музыкада ол жиі 40-50 жаста байқалады. Соған қарамастан, элиталық деңгейге жеткен ересектердің көпшілігі жолын вундеркиндтерден мүлде өзгеше бастаған.Болашақ элита өкілдері бес жасынан бастап бір ғана іспен шектелмеген. Олар балалық шақта түрлі саланы байқап көріп, бірнеше бағытта дамыған. Жаттығуды бастапқыда аз жүргізіп, біртіндеп жетілген.

Бұл «10 000 сағат ережесі» сияқты танымал концепцияларға қайшы келеді. Ол ереже ерте және белсенді жаттығулар ғана шеберлікке жеткізеді деп болжайды. Мұндай тәсіл жасөспірім шақта жылдам прогресс пен марапаттарға әкелуі мүмкін. Бірақ зерттеу көрсеткендей, ол баланың ерте «жанып кетуіне», жарақаттарға немесе бір орында тұрып қалуға әкеледі.

Ал түрлі әрекеттерді байқап көрген балаларда үйрену қабілеті жақсырақ дамиды. Олар бейімделуді үйренеді. Ең бастысы – өздеріне шынымен лайық істі табу мүмкіндігі жоғары болады.

Зерттеушілер біз «табиғи дарын» деп қабылдайтын көптеген танымал тұлғалар бала кезінде жұлдыз болмағанын да көрсетті. Моцарт немесе Тайгер Вудс сияқты сирек вундеркиндтер бар. Бірақ ұлылыққа жеткендердің басым бөлігі балалық шақта ерекше қабілет көрсетпеген.

«Кейбір вундеркиндтер кейін әлемдік деңгейдегі шеберге айналады. Бірақ бұл – ереже емес, ерекшелік», – дейді Гюллих.

Талантты дамытуға басқаша көзқарас керек

Бұндай қорытынды нәтижелер ата-аналар, жаттықтырушылар мен мектептер үшін аса маңызды. Жас таланттарды ерте анықтап, «жеделдетіп дамытуға» бағытталған жүйелер болашақта нағыз үздік болатын, чемпион болатын балаларды байқамай қалуы мүмкін. Қысқа мерзімді табысты марапаттай отырып, біз ұзақ мерзімді кемелділіктен айырылуымыз ықтимал.

Зерттеу басқа тәсілді ұсынады. Балаларға бір негізгі қызығушылықпен қатар, тағы бір-екі бағытты бірнеше жыл бойы қатар алып жүруге мүмкіндік беру керек. Баланы ерте таңдау жасауға, мамандануға мәжбүрлеудің қажеті жоқ.

«Соңғы зерттеулер көрсеткендей, жастарды кемінде бір, мүмкін екі қосымша салада өздерін сынап көруге ынталандыру әлдеқайда тиімді», – дейді профессор Арне Гюллих.

Әрине, неміс ғалымдары жүргізген зерттеудің де шектеулері бар. Онда ұзақ мерзімді бақылаулар мен ересектердің балалық шағын еске түсіруіне негізделген сауалнамалар қатар қолданылды. Ал бұл әрдайым дәл бола бермейді. Сонымен қатар ғылымдағы жетістікті 100 метрге жүгіру нәтижесі сияқты нақты өлшеу қиын.

Дегенмен негізгі ой анық. Ерте талант – маңдайға жазылған тағдыр емес. Егер сіз немесе балаңыз «кеш ашылса», үмітіңізді үзбеңіз. Сіз әлемдегі ең үздіктердің жолымен келе жатырсыз. Халқымыз мұндайда: «Балаңыздың бағы ашылсын!», – деп тілейді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:249
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 12:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары