Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресей Президенті: Ресейлік инвесторлар Қазақстанда 70 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр

Астанада жүк көлігі қаққан бала оқиға орнында көз жұмды

Ролан Гаррос: Елена Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисшімен кездеседі

Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Тоқаевқа құттықтау жолдауда

Әсет Тұрысов: Біртұтас цифрлы жүйе барлық мемлекеттік қызметті біріктіреді

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

Бала бензин иісі бар сұйықтық ішіп қойды Ақтөбе облысында мектептегі төтенше жағдай тергелуде

​Сабақтан тыс уақытқа жауапты емес: Қазақстанда педагогтарға арналған ереже өзгеріп жатыр

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталады

Теңге мен инфляция не болады Ұлттық банк жаңа болжамдарды жариялады

Жол инспекторлары Беларусьтегі халықаралық байқауда 1 орын алды

Балаларды сақтандыру неліктен маңызды?

Бурабайда суға тұншыға жаздаған елік лағы құтқарылды

“Ел имиджіне нұқсан келтіреді“. СІМ Эйфель мұнарасының жанындағы граффитиге қатысты пікір білдірді

Әл Фарабидағы өліммен аяқталған апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданады

Әйелді өлтіріп, 14 жыл бойы бой тасалаған: Қазақстан әуежайында Ресей азаматы ұсталды

Астананың орталық мешітінде Құрбан айт намазы оқылды

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды

Заңсыздық зардабы

Заңсыздық зардабы

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әсіресе, декреттік төлемге қатысты мәселелер қоғамда үлкен резонанс туғызды. Кәсіпкер ретінде жылдар бойы адал еңбек етіп, салық төлеп келген аналардың баласы алты айдан асса да, заңды төлемін ала алмай сенделіп жүргені –  ойландырмай қоймайды. Мәселенің түп-төркіні қайда?

1,5 мың әйел кінәсін мойындаған

Көпшілік мұның себебін соң­ғы жылдары кең тараған «қитұрқы схемалармен» байланыстырады. Яғни, кейбір азаматтар жүкті бола салысымен немесе босанар ал­дында ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бірнеше кәсіпкерліктен жоғары табыс көрсетіп, ірі кө­лем­де декреттік төлем алуға тырыс­қан. Мұндай әрекеттер бір-екі адам­ның емес, жүйелі сипат ал­ғаны да жа­сы­рын емес. Нәтиже­сінде, мемле­кет тарапынан бақы­лау күшейді. Құзырлы органдар төлем таға­йындауда тексерісті қатаңдатып, күмәнді деп танылған істерді ұзақ қарауға көшті. Атап айтсақ, был­тыр Еңбек және ха­лықты әлеумет­тік қорғау министрі Светлана Жа­қыпова Қазақстанда декреттік төлем ашу үшін табысын асырып көрсеткен 113 әйелге қа­тысты 16 қылмыстық іс қозға­л­ғанын айтқан еді. Қылмыстық іс Ақтөбе, Алма­ты, Абай, Қызыл­ор­да, Жамбыл және Түркістан об­лыстарында, сон­дай-ақ Алматы, Шымкент қа­лаларын­да қозғалған. Ал әйелдерге қатысты арызды Мемлекеттік әлеу­меттік сақ­тан­дыру қорының жер­гілік­ті фи­лиалдары хабарлаған. 

– Төлеуші Мемлекеттік әлеу­меттік сақтандыру қорына әлеу­меттік аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешік­тір­мей, әлеуметтік аударымдар тө­ле­нетін айды көрсете отырып, ай сайын есептейді және төлейді. Осылайша, әлеуметтік аударым­дар уақытылы түспеген жағдайлар анықталған өтініш берушілер, атап айтқанда, әлеуметтік ауда­рым­дарды әлеуметтік тәуекел туын­дағанға дейін немесе туын­дағаннан кейін бір күнде өткен кезеңге төлеген өтініш берушілер тексеріске жатады. Қор әлеуметтік аударымдары төленген кірісті азайту/арттыру фактісін бол­дыр­мау мақсатында қолданыстағы заңнама аясында тексеру жүргізе алады. Бұл ретте, Қор мемлекеттік орган­дарға, ұйымдарға, төлеушіге және өтініш берушіге сұрау салу арқылы әлеуметтік төлемдерді таға­йын­дауға қажетті құжаттар­дың (мә­ліметтердің) анықтығына тексеру жүргізуге құқылы. Осы­лайша, же­ке тексеру іс-шаралары негі­зін­де нақты еңбек қатынас­тары бол­маса да әлеуметтік ауда­рымдарды аударған жағдайлар анықталған. Мұндай фактілерді тексеру үшін Қор филиалдары тиіс­ті құжат­тар­ды құқық қорғау органдарына жолдап отырады, – деп хабарлаған Басқарма төра­ға­сының бірінші орынбасары Бір­жан Жүнісов. 

Ең қызығы, Қор қанша тексе­ру жүргізсе де, табысын асыра көр­сеткен біраз әйел тиісті төле­мін алып үлгерген. Қор ондай әйел­дер мемлекетке 158 млрд тең­ге сомасында залал келтірді деп болжап отыр. Ал Қор табысты заңсыз артық көрсетіп, артық әлеу­меттік төлем алудың арты жа­заға әкеп соқтыратынын түсін­діргеннен кейін елімізде 1,5 мың әйел кінәсін мойындап, Қорға 3,4 млрд теңге қайтарып берген.

Декретке депрессиямен шыққан

Бірақ осы «тазалау» науқаны кезінде ең көп зардап шеккендер – заң аясында, адал жұмыс істеп келген кәсіпкер аналар. Көпбала­лы ана, бірнеше жылдан бері ша­ғын бизнесін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер Айгүл Шағырае­ваның айтуынша, барлық жар­наны уақытылы төлеп келгеніне қарамастан, декреттік төлемі бірнеше айдан бері кешігіп жатыр.

– Ауылда наубайханам бар. Жақында бесінші баламды бо­сандым, бірақ декреттік төлемім әлі түскен жоқ. Құжаттарымды қан­ша реттесем де, жауапты ме­ке­ме қабылдамай келеді, – дейді ол.

Бұл жерде мәселе тек бір ана­ның тағдыры емес. Әлеуметтік же­лілерде жүздеген әйел осындай жағ­дайға тап болғанын жазып жа­тыр. Бірі құжаты «қосымша тек­серісте» тұрса, енді бірі мүлде бас тарту алған. Себеп біреу: бұрынғы заңбұзушылықтардың салдары. Қоғамда «алаяқтар үшін неге бар­лығы жауап беруі керек?» деген орынды сұрақ туындайды. Ра­сында, жүйені айналып өтпек бол­ғандардың кесірінен қазір бү­кіл кәсіпкер аналарға күдікпен қа­рау қалыпты жағдайға айнал­ған­дай. Бұл – әлеуметтік әділет­тілік қағидасына қайшы емес пе?

Қаржыгерлердің пікірінше, мәселені біржақты тыйым мен қатаң тексеріс арқылы шешу ұзақ мерзімде нәтиже бермейді. Кері­сінше, адал кәсіпкерлердің мем­лекетке деген сенімін төмендетуі мүмкін. Ал сенім жоғалған жерде көлеңкелі экономикаға кету қаупі де артады.

– Бірдің кесірі мыңға тиіп жа­тыр. Жалған кәсіпкерлікпен ай­на­лысып, декретке шыққан әйел­дер әрекетінің зардабын адал еңбек еткен аналар көруде. Себебі жалған кә­сіпкерлер бір қолдан арнайы ба­қылау кассасына 660 мың тең­гені көрсетіп, максималды кіріс тапқан. Ал әр кассада 10-20 мың теңге ақша жинап, адал еңбек ет­кен аналарға кіріс жетпей жатыр. Мысалы, шекті кіріске 5-10 мың теңге жетпегенін желеу етіп көп аналарға декреттік төлем бермей отыр. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Егер жалған кәсіпкер­лерді анықтау керек болса, заң­сыздық­ты табу Үкіметке қиын емес. Жал­ған чек жасаған адам мен шын кәсіпкердің айырмашы­лығын бірден білуге болады. Айы, күні жақындаған әйелдер қайта-қайта құжат тасу үшін ауылдан аудан, облыс орталығына барып қина­лып жүр. Бұл аналар үшін үлкен стресс. Тіпті босанып, бала кү­ті­мін­де отырған аналар дек­реттік тө­лем ала алмай, мем­лекеттік әлеу­меттік сақтандыру қорының та­балдырығын тоз­дырып жүр. Үкімет тө­лем­ді тегін беріп отырған жоқ. Аналар кәсібін заңды түрде істеп, ай сайын салық төлеген. Қазір декреттен көл-көсір пайда ешкім көрмейді. Әрі кетсе, салған ақша­сының 20 пайызы ғана артық түседі, – дейді қаржыгер Әсемгүл Қалилаева. 

Оның айтуынша, кезінде 10-40 кәсіпкерлікке тіркеліп, декрет алған әйелдер барлық былықты жасап кетті. Біріншіден, бұл Мем­лекеттік әлеуметтік сақтан­дыру қорының кінәсі. Олар толыққан­ды тексеріс жүргізбеген. «Қазір кәсіпкер әйелдердің әр құжатына тиісіп отыр. Тіпті заңсыздыққа ба­ратын қызметкерлер де бар. Есеп жасау барысында да жаңа ба­заны түсінбей отырған қызмет­керлер кездеседі. Бұл кәсіп­кер­лердің емес, Қордың кінәсі», – деп сөзін қорытындылады қар­жыгер. 

Ендеше, декреттік төлем – бұл жеңілдік емес, ананың және ба­ланың әлеуметтік қорғалуы. Оны алу үшін кәсіпкер әйелдің бірнеше жыл бойы жарна төлеп, бизнесін жүргізіп келгені ескерілуге тиіс. Ал бір рет тіркеліп, жалған табыс көр­сеткендерге жеке, нүктелі бақылау тетіктері қолданылуы қажет.

Еске сала кетейік, бүгінде Қа­зақстанда бала тууына байла­ныс­ты берілетін мемлекеттік жәр­демақы мөлшері нақты бекітілген. Атап айтқанда, бірінші, екінші және үшінші балаға 38 айлық есептік көрсеткіш немесе 149 416 теңге төленеді. Ал төртінші және одан кейінгі балаларға 63 АЕК, яғни 247 716 теңге қарастырылған. Алайда бұл соманың да ананың қолына толықтай тимейтіні бар. Себебі төлемнен міндетті зей­нетақы жарналары ұсталып, нәтижесінде алынатын ақырғы сома шамамен 10 пайызға азаяды.

Мұнымен қоса, ресми түрде жұмыс істейтін азаматтарға жүк­тілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда Міндетті әлеуметтік сақ­тандыру қорынан бірреттік төлем төленеді. Дәл осы төлем соңғы уақытта ең көп сұрақ туын­датып отыр. Былтыр МӘСҚ-тан біржол­ғы төлемді 175,1 мың адам алған. Оларға төленген жалпы сома 245,3 миллиард теңгені құрайды. Қа­рапайым есепке салсақ, бір адамға шаққандағы орташа төлем көлемі небәрі 1,4 миллион теңгеден ай­налады. Ал қазан айының өзінде ғана 17,8 мың адамға 17,4 миллиард теңге төленген.

Салыстырып қарасақ, бұған дейінгі жылдары жұмыс істейтін кейбір аналардың бала туған кезде МӘСҚ-тан алатын біржолғы тө­лемі 5 миллион теңгеден асып жы­ғылатын. Тіпті жекелеген жағ­дайларда бұл сома 8 миллион тең­геден де жоғары болған. Қа­зіргі көрсеткішпен салыстырғанда айырмашылық жер мен көктей. Иә, бұл талаптардың алаяқтарды анықтау үшін орындалып жат­қаны белгілі. Дегенмен, бүгінгі ахуал бір нәрсені айқын көрсетіп отыр: жүйедегі олқылықты жою кезінде әділдік ұмыт қалмауы керек. Әйтпесе, «қитұрқылық» жасаған азшылықтың кесірінен адал еңбегімен күн көріп жүрген көпшілік жапа шеге бермек. 

Көктем ҚАРҚЫН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 05:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресей Президенті: Ресейлік инвесторлар Қазақстанда 70 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр

27 Мамыр 2026 12:15see123

Астанада жүк көлігі қаққан бала оқиға орнында көз жұмды

27 Мамыр 2026 16:21see123

Ролан Гаррос: Елена Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисшімен кездеседі

27 Мамыр 2026 13:40see115

Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Тоқаевқа құттықтау жолдауда

27 Мамыр 2026 18:07see114

Әсет Тұрысов: Біртұтас цифрлы жүйе барлық мемлекеттік қызметті біріктіреді

27 Мамыр 2026 13:16see113

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

28 Мамыр 2026 00:01see112

Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

28 Мамыр 2026 10:53see112

Бала бензин иісі бар сұйықтық ішіп қойды Ақтөбе облысында мектептегі төтенше жағдай тергелуде

27 Мамыр 2026 19:09see110

​Сабақтан тыс уақытқа жауапты емес: Қазақстанда педагогтарға арналған ереже өзгеріп жатыр

28 Мамыр 2026 17:28see109

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталады

27 Мамыр 2026 21:14see108

Теңге мен инфляция не болады Ұлттық банк жаңа болжамдарды жариялады

28 Мамыр 2026 18:15see108

Жол инспекторлары Беларусьтегі халықаралық байқауда 1 орын алды

28 Мамыр 2026 15:20see107

Балаларды сақтандыру неліктен маңызды?

28 Мамыр 2026 12:08see107

Бурабайда суға тұншыға жаздаған елік лағы құтқарылды

28 Мамыр 2026 12:32see107

“Ел имиджіне нұқсан келтіреді“. СІМ Эйфель мұнарасының жанындағы граффитиге қатысты пікір білдірді

28 Мамыр 2026 13:44see107

Әл Фарабидағы өліммен аяқталған апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданады

28 Мамыр 2026 15:13see106

Әйелді өлтіріп, 14 жыл бойы бой тасалаған: Қазақстан әуежайында Ресей азаматы ұсталды

28 Мамыр 2026 10:55see105

Астананың орталық мешітінде Құрбан айт намазы оқылды

27 Мамыр 2026 09:51see105

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

28 Мамыр 2026 15:21see105

Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды

28 Мамыр 2026 15:14see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары