Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу әдістемесі қайта қаралады

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу әдістемесі қайта қаралады

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін қайта қарау себептерін түсіндірді. Алдағы өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қарттық кезеңде лайықты төлемдер алуына кепілдік беру, – деп хабарлайды Аikyn.kz министрліктің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Министрлік атап өткендей, зейнетақы жинақтары ең алдымен адам зейнетке шыққаннан кейінгі тұрақты табыс көзі болуы тиіс. Бұл қаражатты кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит ретінде қарастыруға болмайды. Әсіресе, болашақ зейнетақысы мемлекеттен төленетін базалық төлем мен өздерінің жинақтарына негізделетін жас қазақстандықтар үшін бұл қаржыны сақтау аса маңызды.

Қазіргі қолданыстағы әдістеме жинақтың жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алуға мүмкіндік береді. Алайда ол көбіне «мінсіз» сценарийге негізделген: яғни, азамат тұрақты түрде міндетті зейнетақы жарналарын аударып, зейнет жасына дейін қажетті соманы жинайды деп болжанады. Ал өмірде кездесетін жағдайлар, мысалы, тұрақты табыстың болмауы немесе жұмыссыздық кезеңдері ескерілмейді.

Сонымен қатар соңғы үш жыл ішінде ең төменгі жеткіліктілік шегі қайта қаралмағаны да түзетулер енгізуге негіз болды.

Осыған байланысты министрлік экономикалық тұрғыдан негізделген (актуарлық) тәсілге сүйенген жаңа есептеу әдістемесіне көшуде. Енді есептеулер күтілетін өмір сүру ұзақтығын, инвестициялық табыстылықты және болашақ төлемдердің мақсатты деңгейін ескеретін болады.

Мысал ретінде: 46 жастағы салымшының шотында 11 млн теңге бар делік. Оның жасына сәйкес жеткіліктілік шегі – 7,8 млн теңге, яғни қазіргі жағдайда ол 3,2 млн теңгені шешіп ала алады.

Егер осы соманы шешіп алса, болашақта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын ай сайынғы төлемі ең төменгі деңгейде қалыптасады (қазіргі есеп бойынша – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы немесе шамамен 35,6 мың теңге) Ал егер жинақтағы қаражатты алмай, сақтап қалса, болашақтағы зейнетақысы шамамен 2-2,5 есе жоғары болуы мүмкін.

Жаңа өзгерістердің негізгі мәні – азамат бүгін жинақтың бір бөлігін пайдаланған күннің өзінде, ертең лайықты зейнетақы алуға жеткілікті қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекет азаматтардың ұзақмерзімді мүдделерін қорғауды жалғастырып, әрбір қазақстандықтың қартайғанда қаржылық тұрғыдан сенімді болуына жағдай жасауды көздейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Мамыр 2026 15:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see118

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see117

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see115

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see114

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see114

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see114

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see114

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see113

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see113

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see112

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see112

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see111

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see111

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see111

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see110

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары