Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Жалған дипломмен жалғанды жалпағынан басып жүргендер көп

Жалған дипломмен жалғанды жалпағынан басып жүргендер көп

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жоғары оқу орындарының атын жамылып, жалған диплом сатып, заңсыз табыс табатын алаяқтар саны артуда. Жақында жүргізілген тексерістер нәтижесінде ел аумағында 46 жалған диплом және оларды дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. 

Бұл деректер еліміздегі білім сапа­сына деген сенімге ғана емес, жалпы мемлекеттік кадрлық саясатқа да ті­келей қауіп төндіреді. Себебі жалған дип­лом иегерлері түрлі салада  меди­ци­надан бастап мемлекеттік қызметке дейін жауапты жұмыстарға орналасуға әрекет жасайды. Мұндай жағдай тек аза­маттар үшін емес, жалпы қо­ғам үшін үлкен қатер. Ғылым және жо­ғары білім министрлігінің ақпа­ра­тын­ша, құзырлы органдар жалған дип­ломдарды дайындау және сату фак­тілерін тұрақты түрде бақылап, тоқ­татып отырады. Қылмыстық ко­декс­тің 385-бабына сәйкес жалған құ­жат­тарды жасау немесе қолдану айып­пұл салуға, түзеу жұмыстарына не­месе екі жылға дейін бас бостан­ды­ғын шектеу не айыруға әкеп соғады. Жал­ған дип­ломның жолын кесу үшін ми­нистрлік 1991 жылдан бері берілген дип­лом­дардың деректер базасын құр­ған. Дип­ломдар арнайы модуль арқ­ы­­лы бірегей нөмірлер мен QR-код­тар беру жолымен қалып­тас­тыры­ла­ды. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы мо­дульде тіркелген, ресми түрде жауап­­­­ты университет қызметкерлеріне ғана беріледі.

– Дипломдарды генерациялау «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде жүзеге асады. Егер білім алушы туралы ақпарат платформада болмаса, диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес. Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарда генерацияланған бірегей нөмір мен QR-код болмаған жағдайда мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады, – деп хабарлады ведомство.

Жалған дипломы барлар барлық салада жүр

«Қалтаңызда ақша болса, қалаған мамандықтың иесі атана аласыз». Бұл жалған диплом жасайтын сайттардың ұранына айналып кеткен сөз. Біз интернеттен «диплом сатамын» деген бірнеше сайтқа кіріп көрдік. Тапсырыс беру, ақысын төлеу онлайн режимде екен. Колледж дипломы 180-200 мың теңге. Ал университет дипломы 250 мың теңге екен. Тек бакалавр ғана емес, магистратураның да дипломын жасайды. Өз сөздерінше: «Кез келген адамның оқуды аяқтап, диплом алуға, сондай-ақ ұзақмерзімді оқуды төлеуге шыдамы мен мүмкіндігі жете бермейді. Ұзақ уақыттық оқуға уақыт жұмсағысы келмейтіндер үшін кейбір агенттіктер техникум немесе колледж дипломын алудың жеңіл жолын, оны сатып алуды ұсынады. Техникум дипломын сатып алу арқылы адам қызмет саласын өзгертуге және сұранысқа ие мамандық бойынша жақсы, жоғары жалақысы бар жұмыс табуға мүмкіндік алады деп есептеледі», – дейді. Осылайша, олар сайттарында жалған дипломды ашық насихаттап отыр. 

– QR-кодтар әп-сәтте дипломның шынайылығын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл талап жалған дипломдарды азайтатыны анық. Өкінішке қарай, білім саласындағы қызметкерлер арасында жалған дипломмен жұмыс істеу фактілері әлі күнге дейін кездеседі. Бала тәрбиелеп отырған ағартушылардың мұндай қадамға баруы болашаққа қастандық жасаумен бірдей. Оқымай, жоғары оқу орнын бітірмей, диплом алғандармен қатар өтірік құжат жасап, портфолио толтыратындар да бар. Бұл – интернет-алаяқтықтың бір түрі. Себебі адамдар жалған құжатқа онлайн тапсырыс беріп, ақшасын аударады. Осылайша, фото өңдеумен жасалған, ешқандай жерде тіркелмеген дипломның иесі атанады, – дейді Астана қаласы әкімдігінің балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы Дидар Байтасов.

Оның айтуынша, қазір білім беру ұйымдары жұмысқа алған педагогтың оқыған оқу орнына қызметтік хат жіберіп, дипломның шынайылығын анықтап жүр. Жоғары оқу орны немесе колледж өз архивтерінен педагогтың оқығанын растап береді. Бұл қадамға адамдардың баруына әртүрлі себеп әсер етуі мүмкін. 

– Кей жағдайда жастар грантқа оқып диплом алса да, мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмейді. Осылайша, екінші мамандықты оқуды қымбатсынып не уақытын қимай, ақшаға жалған диплом жасатып алады. Бұл кәсіби бағдарлаудың толыққанды жүргізілмегендігінің салдары. Яғни, профориентациялық бағдарлау балабақша мен мектептен, үйден басталуы керек. Оқушы кәсіби бағдарын анықтайтын тестілеуден өтіп, жұмыс орындарына экскурсия жасап өзіне сәйкес, жанына жақын мамандыққа түссе, жалған диплом да азаяр еді, – деді Дидар Байтасов.

Жалпы, жалған диплом жасап алғандар барлық салада жүр. Былтыр тренерлік және спорттық қызметпен айналысқан 278 адамның жалған диплом қолданғаны анықталған болатын. Оның 9-ы басшы, 248-і жаттық­тырушы және 21-і басқа да қызметкерлер. Сондай-ақ Түркістан облысынан 500 мұғалімнің жалған дипломы анықталған еді. Ал бірнеше жыл бұрын Батыс Қазақстан облысында жалған дипломмен жұмысқа тұрған медбике анықталған. 

– QR-кодтар ­­– жалған дипломмен күресудің бір амалы. Бірақ мұнымен жалған диплом толық азайып кетеді дей алмаймыз. Бірақ жалған дипломмен күрестің кез келген амалын қолдауымыз керек. Адамдар өз қара бастары үшін жалғанды жалпағынан басып жүр. Бұған заңмен тыйым салуымыз қажет. Құқық қорғау органдары жалған диплом жасағандарға жалған валюта жасайтындармен тең жаза қолдануға тиіс. Сонда ғана мәселе шешілер еді, – дейді білім сарапшысы Өмір Шыныбекұлы.

Жалған дипломмен күресу жолы қандай?

2024 жылдың өзінде Ішкі істер министрлігі 338 жалған диплом жасау фактісін анықтаса, 119 жағдайда жалған диплом иесін жұмыс берушілер өздері әшкерелеген. 457 дерек – расталғаны, тіркелмеген жағдайлар әлдеқайда көп болуы мүмкін. 392 адам жалған дипломмен бір жылдан кейін ғана ұсталған, тағы 30 адам бір жылға жетпей, ал 43 адам жұмысқа орналасу кезінде-ақ қолға түскен. Бұл статистика жалған дипломмен жұмысқа тұру фактілері жылдар бойы байқалмай қалуы мүмкін екенін көрсетеді.

– Қазір цифрлы технологияны, жасанды интеллектіні дұрыс, тиімді пайдалана білсек, жемқорлықтың көп фактілерінің алдын алар едік. Соның ішінде жалған диплом мәселесі де бар. Қазір жоғары білімнің бірыңғай платформасы бар. Яғни, студент ол жерде студенттің сабаққа келген, келмегені белгіленіп, бағалары қойылады. Ал қандай да бір кемшілік болса, жүйе дипломның QR нұсқасын жасамайды. Цифрлық технология жалған диплом мәселесін шешуге үлкен мүмкіндік береді. Сонда да біз мұны әлі де дамытуымыз керек. ЖОО көпшілігінде платонус жүйесі қолданылады. Қандай өзгеріс болса да ол жерде цифрлы із қалады. Сондықтан бұл жерде негізгі талап оқу орны қандай жүйе қолданса да, ол жерде цифрлы фиксация болуы керек, – дейді білім сарапшысы, химия ғылымдарының докторы Ақерке Абылайхан.

Сарапшының пікірінше, адамдар бас пайдасы үшін жалған диплом жасатады. Себебі квалификациялық талап бойынша жұмысқа орналасу үшін арнайы білім қажет. Ал жалақы­сы жоғары қызмет үшін адам мұндай алаяқтық­қа барады. Сонымен қатар қазір орта мектеп­тер­де магистратура дәрежесі бар мамандар­ға қосымша жалақы қосылады. Бұл да жалған диплом жасатуға себеп болуы мүмкін. 

– Жалпы, жалған диплом бойынша жарнама беретін сайттарды үнемі бақылап, Ішкі істер министрлігіне, Мәдениет және ақпарат министрлігіне береміз. Себебі кейбір аккаунттар шетелде тіркелген жағдайлар кез­дескен. Сондықтан дипломды жасаған және сол дипломды пайдаланып жүрген адам­дарға қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заң бойынша университеттің бүкіл қорғаныс элементтерін пайдаланып, жалған диплом жасаған алаяқтар бас бостан­дығынан айы­ры­лады. Ал соған ұқсайтын диплом жаса­­ған болса, айыппұлмен құтылады. Сондық­тан қыл­мыстық жазаны күшейту керек. Жал­ған дип­лом қолданғандар да жазасын алғаны аб­зал. Соңғы анықталған 46 жалған дип­лом ­– жүйемізде анықталмаған диплом­дар. Яғни, жоғары оқу орындары мұндай диплом берген жоқпыз дейді. Сон­дықтан бұл мәселеде тергеу-тексеру жұмыс­тарын да күшейту қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыспен Ішкі істер министрлігі айналысады. Бұл мә­селеге Қаржылық мониторинг агенттігін де қоссақ. Себебі Ішкі істер ми­нистрлігінде адам өлімі, тонау сынды ауыр қылмыстар қаралады. Сондықтан жалған дипломға Қаржылық мониторинг агенттігін де тартсақ деген ұсыныс бар. Сонда осы мәселені шешу жолдары күшейер еді, – дейді Ақерке Абылайхан. 

Үкімет жалған диплом беру мәселесіне тосқауыл ретінде 2020 жылдан бастап дип­ломдардың түпнұсқалығын онлайн тексеретін жүйе енгізді. Бұл жүйе Ұлттық білім беру деректер базасының негізінде құрылған. Оның басты мақсаты – азаматтардың өз дип­ломының шынайылығын жеке сәйкес­тендіру нөмірі, диплом сериясы мен нөмірі арқылы тексеруге мүмкіндік беру. Биылдан бастап кез келген жұмыс беруші EPVO жүйесі арқылы дипломның түпнұсқалығын оңай тексере алады. Себебі 1991 жылдан бері берілген 3,5 миллионнан астам диплом цифрлық базаға енгізілген. Ал бұрын жалған диплом жасайтындар 2020 жылға дейінгі ескі үлгідегі дипломдарды жасап оңай құтылып жүрген еді. Дегенмен қулығына құрық бойламайтын алаяқтардың тағы қандай қитұрқылық ойлап табатыны бізге белгісіз. 

Көктем ҚАРҚЫН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары