Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Жалған коучтардың жұмысы шектеледі

Жалған коучтардың жұмысы шектеледі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ал олардың авторларының барлығы сертификатталған маман емес. Керісінше, сән-салтанатқа толы өмірді көрсететін коучтар. Осы уақытқа дейін олар жалғанды жалпағынан басып, салық төлемей, курсын заңдастырмай келді. Енді Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасы енгізілсе, оккульттік мазмұндағы инфокурстар қатаң тексеріледі. 

Заң жобасы «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заңның 16-бабын толықтырған. Оған сай, кез келген салаға байланысты оқыту курстары немесе білім беру материалдары жарияланғанда, мұндай контентте міндетті түрде автордың білімі туралы ақпарат көрсетілуге тиіс. 

Құжатта: «Оқыту материалдарын орналастыру кезінде ав­тор­дың білімі туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс» деп жазыл­ған. Бұл талап орындалмаса, жарияланған материал заңбұзу­шы­лық болып есептеледі. Яғни, блогерлер, коучтар және кез келген оқыту курстарының авторлары өздерінің кәсіби білік­тілігін ашық көрсетуге міндеттелмек. Заң жобасында ок­культ­тік қызметтер немесе онымен ұқсас басқа қызметтер туралы ақпаратты қамтитын контент таратылған жағдайда, мұндай материал міндетті түрде тек көңіл көтеру мақсатында жасал­ғанын және ғылыми немесе практикалық растамасы жоқ екенін көрсететін ескертумен жариялануы қажет. 

Оккульттік контенттен «жеңіл шешім» іздейді

Айта кету керек, оккульттік контенттің басты ерекшелігі – ғылыми дәлелге емес, адамның сеніміне, эмоциясына және қорқынышына әсер етуі. Мұндай контентті жасаушылар көбіне нақты білімі мен ресми біліктілігін көрсетпей, «тәжірибе арқылы жеткен», «жоғарыдан берілген қабілет» деген тұжырымдарға сүйенеді. Ал тұтынушы үшін бұл ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажыратуды қиындатады. 

– Қауіптің бір ұшы – психологиялық әсерінде. Өмірінде қиындыққа тап болған адам оккульттік контенттен «жеңіл шешім» іздейді. Нәтижесінде, жауапкершілікті өзінен емес, сыртқы күштерден күтеді. Бұл жеке тұлғаның дамуын тежеп қана қоймай, тәуелділікке де әкелуі мүмкін. Кей жағдай­да адамдар қаржылай да, рухани да зардап шегіп жатады. Екінші мәселе – коммерция. Оккульт­тік тақырыптағы контенттің көп бөлігі ақылы курстарға, жеке кеңестерге, «арнайы ритуалдарға» ұласады. Бағасы да арзан емес. Мұнда тұтынушының құқығы қорғалмайды, себебі қызметтің нәтижесін дәлелдеу немесе талап ету мүмкін емес. Ақша төленеді, бірақ жауапкершілік жоқ, – дейді психолог Балабек Сақтағанов. 

Қоғамдық тұрғыдан алғанда, мұндай контенттер сыни ойлаудың әлсіреуіне әсер етеді. Ғылымға, білімге емес, мистикалық түсініктерге сүйену көбейсе, бұл жалпықоғам­дық сананың деңгейіне ықпал етеді. Әсіресе жасөспірімдер мен тұрақсыз психологиялық күйдегі адамдар үшін бұл өте қауіпті.

Психологтың айтуынша, курс алу адам­дардың әлеуметтік дағдарысының көрінісі. Адамдар отбасындағы қарым-қатынасын реттей алмай, несиесі көбей­гендіктен, өз болашағынан қорыққандықтан, өзіне деген сенімнің азайғандығынан инфосығандардың кеңесіне жүгінеді. Бұл мәселелерді шешуге өздерінің психологиялық білімі жетпейді. 

– Қазір жалған дипломмен, жалған сертификатпен ұсталып жатқан қаншама адам бар. Менің ойымша, коучтарға өтірік құжат жасау қиын емес. Сондықтан халықтың коучтарға алданбауына 100 пайыз ешкім кепіл бола алмайды. Шындап келгенде, коучтар «сенің қолыңнан барлығы келеді» деп адамдардың жанды жеріне тию арқылы курс өткізіп жүр. Тіпті инфокурс туралы пікірді де коучтар өз командасындағы адамға жаздыруы мүмкін. Халықтың басым бөлігі сыни ойлай алмағандықтан эмоцияға бой алдырады. Проблеманы сол курс авторы шешеді деп соқыр сенім танытады, – дейді психолог Балабек Сақтағанов. 

Инфокурсқа алданғандар көп

Осы уақытқа дейін окульттік контентті қолдап, инфокурс алып алданғандар да көп. Бірақ заң бойынша тұтыншулар көп жағдайда алданғандарын дәлелдей алмайтын. Себебі қыруар ақша төлеп алған ақпараты құр «ауа» болып шығады. 

– Курс аламын деп алданғандардың бірі менмін. Блогерге ақшасын төлеген соң мені блокқа салып тастады. Адамдар неге сонша әділетсіз? Біреудін ақысын жеп, көз жасына қалудан қорықпайды ма? Қанша адам алданды екен? Кейбірінің соңғы ақшасы шығар, мүмкін біреу бұл курсты несиеге алған шығар, – дейді астаналық Гүлбану Есіркеп. 

Психолог Балабек Сақтағановтың пікірінше, адам өз-өзіне сұрақ қойып, мәселені шешуге ұмтылуы керек. Инфокурс сататындар арасында мықты психологтар да бар. Бірақ олардың алдын жарнамасы жер жарған, білімі жоқ коучтар орап кетуде. Коучтар риторикалық манипуляция жасау арқылы аудитория тартады. Тіпті кейбір ақылгөйлер бірде бизнес туралы, енді бірде психология туралы курс жасап сатуда. 

– Уақыт өте келе халықтың психологиялық түсінігі өсіп, курстарды саралай алады деп үміттенгенмін. Бірақ аталмыш үрдіс әлі бас­­талмады. Бұл түсінікті психолог адам са­на­сына құя алмайды. Біздің қоғам өзі ізденіп, барлық пікірге күдікпен қарауы керек. Интернеттен психологиялық білім аламын деу өтірік. Өзін танығысы келген адам ғылыми кітап оқуға ұмтылғаны жөн. Мотивация беретін жалған коучтар мен кәсіби білім беретін психо­лог­тардың аражігін ажыратып үйрену қажет, – деп қорытындылады сөзін психолог.

Жақында әлеуметтік желіде ерекше баланың анасының сырт келбеті мен жеке өмірін сынап, кемсіткен коуч Бақытбай Сабырбек қазақстандықтардың шамына тиді. Ол өзін бизнес тренер ретінде таныс­тырып, курс сатып, үлкен аудиторияға сабақ өтіп жүр. Алайда желіге жүктеген бейнелеріне назар аударсақ, Бақытбек Сабырбек курсқа қатысушылардың әлсіз тұсын тауып, жеке шекарасын аттап, шамына тиеді. 

«Мен сізді шамамен 48 жаста шығар деп ойладым! Қатты шаршағансыз! 42 жаста болса да менімен шамалас көрінетін әйелдер отыр ғой. Алты баласы бар. Неге өзіңізге қарамайсыз? Сіздің санаңызда барлық ер адам әлсіз, әкеңіз әлсіз, күйеуіңіз әлсіз, соның салдарынан бала да сондай болып туылған», – деп манипуляциямен сөйлейді. 

Қомақты ақша төлеп, өмірін өзгерткісі келіп барған барлық адам өздері жайлы осындай пікір тыңдап кетеді. Бірақ бұлай деді деп коучқа шағымданып жатқан ешкім жоқ. Міне, бұл қазіргі окульттік контент жа­сап, ақша тауып жүрген адамдардың шы­найы бейнесі. Бұл жайлы сенатор Амангелді Есбай да мәселе көтерген. Депутаттың ай­туын­ша, психологиялық көмек саласында тиісті заңнамалық және кәсіби бақылаудың болмауына байланысты салалық білімі мен біліктілігі жоқ адамдар көбейді. Бұл ретте, өздерін психолог немесе коуч деп атап, емін-еркін жұмыс істеп жатыр. Мұндай «ма­мандардың» кесірінен жеке өмірге ара­ласуы, құпия ақпараттың таралуы, эмо­цио­налдық және отбасылық күйзеліс сияқты мәселелер орын алған. Әсіресе қысқамерзімді курстар ұйымдастыратын және оны бітіргеннен кейін қатысушыларға сертификат беретін топтар ерекше алаңдатып отыр.

Сенатор олардың жұмыс әдісінің ғылыми негізіне күмән келтірді және олардың дәс­түрлі отбасылық құндылықтарға қайшы келетіндігін атап өтті. Сонымен қатар олар­дың кейбіреулері діни сенім қағидаларын өзін­ше жорамалдап, жалған түсінік қалыптастыра­ды және ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушілік туғызып жатыр.

– Мысалы, отбасылық кеңес беруді сыл­тауратып, «жұбайыңызды қалай өзгертуге болады», «баланы басқару әдістері», «ажырасу – жаңа өмірдің басы» секілді радикалды көзқарасты насихаттаушы «мамандардың» әсерінен айрандай ұйып отырған қаншама отбасының шаңырағы шайқалды. Көптеген жағдайда бала тәрбиесіне қатысты теріс нұсқаулар беріліп, эмоциялық зорлық-зомбылық элементтері кеңес формасында ұсынылады. Мұндай кеңестердің нәтижесінде ата-аналар мен балалар арасында сенім жоғалып, отбасылық қарым-қатынасқа нұқсан келуі жиілеп келеді. Сонымен қатар «бизнес бастаймыз», «қаржылық еркіндікке жетелейміз», «сананы бағдарламалау арқылы миллионер боласың» деген ұранмен жалған коучтар азаматтарды несие алуға итермелеуде. Осының салдарынан көптеген адам қаржылық күйзеліске ұшырап, қарызға батып, жеке өмірі мен отбасына кері әсерін тигізіп жатыр. Ағымдағы жағдай және негізгі мәселелерге тоқталсақ, Қазақстанда жеке прак­тикамен айналысатын психологтар мен коучер­лердің нақты саны белгісіз, себебі бі­рың­ғай тіркеу немесе лицензиялау жүйесі жоқ, – деді Амангелді Есбай депутаттық сауалында.

Жарнама бағасы қымбаттады

PR маман Дина Ораздың айтуынша, қазір онлайн табыс табатындар көбейіп кетті. «Онлайн кітап, курс» сататындар біршама байып алды. Себебі мемлекетте бұған дейін оларға қатысты нақты заң болған жоқ. Ал құқық қорғау органдары «сен заңды бұздың, салық төлемедің» деп айтайын десе, курс сатушылар ресми еш жерде тіркелмегендіктен, оларға ешкім тиісе алмады. Осылайша, курс сатушылар мен коучтар жалғанды жалпағынан басты. Енді жаңа ереже қолданысқа енсе, олардың аяғына тұсау салынады. Курс са­татындар кәсіби білімін дәлелдеп қана табыс табатын болады. Қазір адамдар ненің дұріс яки бұрыс екенін білмесе де, онлайн білімге өте көп ақшасын құйып жатыр. Заңдағы ереже нарықтағы курстарды ретке келтіреді. 

– Дегенмен адамнан айла аспаған. Коучтар заңды аттап, жалған сертификат, диплом көрсетуі мүмкін. Сондықтан тұтынушылардың да деңгейін көтеру қажет. Сарапшылар қандай маманға сенуге болатыны жайлы контент ұсынса, халық білімі жоқ адамнан курс сатып алуды қояр еді. Енді заң бойынша тіркеліп салық төлейтін болса, эксперттер де аяқ тар­тып, курс сапасын арттырады деп ой­лаймын. Тіпті сол салада өз білімі болмаса да, екінші экспертті тарту арқылы курс сатады. Осыған дейінгі курстардың сапасына қарасаңыз, «ауа» сатқандары да болған. Мұндай жағдайда, тұтынушыларды аяйсың, – дейді Дина Ораз.  

PR маманның пікірінше, бұл тек қана коучтарға ғана емес, курс сатуға қатысы бар жаңа ереже. Бірақ әлі толық күшіне енген жоқ. Жақында заңнамалық тұрғыда қол­данылып бастайды. 2026 жылы заңнамалық кодексте курс сату, цифрландыру, жасанды интеллект пайдалану, креативті индустрияда жүрген адамдар үшін жеңілдетілген дүниелердің барлығы бітті. Жаңа дәуір басталды. Себебі заңға қатаң ережелер енгізілді.  

– Біріншісі, қосымша құн салығы 12 пайыздан 16 пайызға өсті. Жеке кәсіпкерлер қысқартылған 3 пайыздық салық төлеумен шектелмейді. Маркетингпен, жарнамамен айналысатындардың барлығы 10 пайыздық салық режиміне ауысты. Мысалы, сіз жеке кәсіпкерсіз. Жарнама саласында жұмыс істеп жүріп, бір жобадан 500 мың теңге пайда тапсаңыз соның 3 пайызын (15 мың теңгені) бұрынғыдай салыққа төлемейсіз. 2026 жылдан бастап 10 пайыз (50 мың теңге) салыққа төлейсіз. Одан бөлек, сізге түсіп жатқан табыс көзі құн салығының есепке қою шегінен асатын болса, тағы 16 пайыз құн салығын төлейсіз. Қазақстанда PR, жарнама бағыты қатты дамымаса да, SММ маркетинг өте қатты дамыған. Бұл дегеніміз, маркетинг компаниялар осы салықтың барлығын жарнама бағасына қосып ұсынады. Осылайша, бұрынғы 500 мыңдық жарнама, қазір кемінде 700 мың теңге тұрады. Дәл осы жүйе әлеуметтік желілерге де байланысты. Бұрын инстаграмнан таргеттелген жарнама сатып алу бағасы 1 кликқа 0,1 доллар тұрса, енді бұл баға да өседі, – дейді Дина Ораз. 

Әрине, әр адамның сенім бостандығы бар. Бірақ сенім мен манипуляцияның арасы бір-ақ қадам. Сол себепті оккульттік контентке қатысты қоғамдық талқылау, құқықтық реттеу және ең бастысы – медиасауаттылық қажет. Адам не көріп отырғанын, не үшін сеніп отырғанын және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсінуге тиіс.

Көктем ҚАРҚЫН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 06:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары