Жамбыл облысында 42 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекзат Қамбаровтың айтуынша, қазіргі таңда қауіпті аймақтарда қар жамылғысы мен топырақтың тоңдануы байқалмайды. Бұл мамандардың жұмысын жеңілдеткенімен, ауа райының күрт жылынуы, таулы аймақтардағы мұздықтардың еруі және беткейлік ағынның күшеюі алаңдаушылық тудырып отыр. Сонымен қатар, синоптиктер сәуір айының алғашқы күндері мол жауын-шашын түсетінін болжаған.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, өңір басшысы Ербол Қарашөкеев 4 сәуір күні жаппай сенбілік өткізуді тапсырған. Оның аясында арықтар тазартылып, автожолдар бойындағы көпірлер мен су өткізу нысандарының жағдайы тексеріледі.
— Су басу қаупі бар елді мекендерде арнайы қорлар жасақталып, мобильді топтар құрылады. Сонымен қатар, бұл аймақтарда төтенше жағдай туындаған жағдайда пайдалануға арналған жанар-жағармай, азық-түлік және дәрі-дәрмек қоры дайындалып жатыр, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Жамбыл облысының Талас ауданында 40 жылдан астам уақыт бойы тазартылмаған каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жаздық.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:38
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 02:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















