Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Жамбыл облысында 6 жасар бала ауруханада кенеттен көз жұмды: ажалы неден болды

Жамбыл облысында 6 жасар бала ауруханада кенеттен көз жұмды: ажалы неден болды

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 11 қазан - Sputnik. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 6 жастағы бала ауруханада көз жұмды. Баланың ажалы неден болды, оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.

Құлан ауылында Жолшыбектер отбасы қара жамылды. Келінінен бір, немересінен екі айырылған Раушан апай еңірегенде етегі жасқа толып отыр.

"25 қыркүйектен бастап құса бастады. Біртіндеп үдеп кетті. 29 күні емханаға апарып ем, талон жоқ деді. Мен дәрігерлерге жедел түрде ауруханаға жатқызуды сұрадым. Бірақ олар жатқызбады", - дейді Әлидің әжесі Раушан Махамбетова.

Дәрігер ұсынған емнен баланың беті бері қарамаған. 30 күні учаскелік дәрігер алдына әжесі қайта барады.

"Барған сайын ауруханаға жатқызыңызшы деп сұраумен болдым. Немереме бір рет система қойылды. Ультра дыбыстық зерттеу, рентген жасалды. Нәтижесі таза деп шықты. Өт жолында болмашы бір ақау бар деді. Ауруханада үш күн жаттық", - дейді әжесі.

Деседе Әлидің жағдайы нашарлай берген.

"Ауруханада жатқанда басым ауырды деумен болды. Мен қайта-қайта дәрігерлерге бара бердім. Таң ата сағат 6:22-де Әликошым оянып, "апа, су берші" деді. Тамсанып тұрып суды ішті де, уф деп жүріп кетті", - дейді әжесі Раушан Махамбетова.

Раушан апайдың айтуынша, балаға дәрігерлер дұрыс қарамады. Дер кезінде көмек көрсетілгенде немерем аман қалар еді дейді ол.

Бұл отбасы екі жыл бұрын да қара жамылған. Ол кезде айы-күні жетіп отырған келіні, Әлидің анасы 22 жастағы Аяулым Әнуарбек ауруханада көз жұмды. Артында 3 баласы қалған. Әлидің нағашылары да аурухананы кінәлап отыр.

© Sputnik/Айдана ДайыроваӘлидің анасы - Аяулым Әнуарбек

Әлидің анасы - Аяулым Әнуарбек

© Sputnik/Айдана Дайырова

"Аяулымды ақылы ауруханаға қаратқанымызда тромб бар, Ана мен бала орталығында босану керек деді. Бірақ аудандық аурухана облысқа жібермей, соза берді. Жүктілік сегіз айға жеткенде қызымыз денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізіледі. 20 минутта қайтыс болып кетті. Енді жиенімізден айырылып отырмыз", - дейді марқұм келіншектің әпкесі Асылай Есенғали.

Ол кезде дәрігерге кінә тақпаған. Бірақ бұл жолы кешірмейміз дейді қара жамылған отбасы. Мән-жайды Sputnik Қазақстан тілшісі аурухананың бас дәрігері Дәулет Ахметбековтен де сұрап көрді.

"Баланың құсып қайтыс болуы деген мүмкін емес жағдай. Дәрігерлер заңды хаттама бойынша емдеген. Өзіміздің де төбемізден жай түскендей күйдеміз, қабырғамыз қайысып отырмыз. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып жатыр, нәтижесінен кейін белгілі болады ", - дейді ол.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне ресми түрде хат жолданған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 14:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары