Жамбыл облысында ер адам экс сүйіктісіне берген ақшасын қайтарып алу үшін сотқа жүгінді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында тұрғынның бұрынғы сүйіктісінен 2,5 млн теңге өндіріп алу туралы арызы қаралды.
Ер адам отбасын құру ниетімен шамамен 4-5 ай бойы әйелмен жақын қарым-қатынаста болғанын атап өтті. Ол келіншекке және оның екі баласына қаржылық қолдау ретінде ақша жіберіп отырған. Ал байланыс тоқтатылғаннан кейін барлық ақшаны қайтаруды талап етеді. Бірақ әйел қайтарудан бас тартып, оны бұғаттап тастаған.
Сотта ер адам жауапкерден 2,5 млн теңге және мемлекеттік бажды өндіріп алуды сұрады. Әйелдің айтуынша, ол өз еркімен материалдық көмек көрсетуге келіскен, ақшаны дәрі-дәрмекке, киімге және басқа да шығындарға жұмсаған.
"Сот талап қоюшының ақшаны өз еркімен аударғанын және өтеусіз материалдық көмек сипатында болғанын анықтады. Қайтарымдылық не тараптар арасында шарттық міндеттемелердің болуы туралы дәлел берілген жоқ. Сот шешімімен арызды қанағаттандырудан бас тартылды", - делінген хабарламада.
Шешім заңды күшіне енді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 09:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















