Жаңбыр барлық жерде бола бермейді Астана мен Алматы үшін ауа райы болжамы өзгерді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
"Қазгидромет" Астана мен Алматы қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 24, 25 және 26 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.
Қазақстанның екі ірі қаласында ауа райы болжамы өзгерді. Алматыда синоптиктер бұған дейін 25 қыркүйекке болжаған жаңбыр мен найзағай енді болмайды. Ал Астанада жауын-шашын болады - жаңбырмен бірге қатты жел соғады деп болжанады.
Астанадағы ауа райы24 қыркүйек аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +19...+21 градус жылы.
25 қыркүйекте ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +13...+15 градус жылы.
26 қыркүйекте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +11...+13 градус жылы.
24 қыркүйек аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +25...+27 градус жылы болады.
25 қыркүйек ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +23...+25 градус жылы.
26 қыркүйекте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +21...+23 градус жылы.
Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүредіБұған дейін синоптиктер Қазақстандағы жылы ауа райы жақын арада күзгі суыққа ұласатынын хабарлаған болатын. Таяу күндері елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел соғады, ал солтүстік өңірлерде түнде үсік жүруі мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:20
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















