Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Жандос Шаймарданов: Cауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдады

Жандос Шаймарданов: Cауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Тәуелсіз әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдап отыр. Азаматтар сондай-ақ ұсынылған өзгерістерден жеке әл-ауқаты мен жалпы өмір сүру сапасының жақсаруын күтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жандос Шаймарданов ауқымды реформа бойынша жұмыс 2025 жылдың қазан айында басталғанын және азаматтардан тікелей кері байланыс алумен қатар жүргенін еске салды.

Мәселен, Конституциялық комиссияның жұмысы басталған кезде азаматтар, заңгер-ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялардан және үкіметтік емес ұйымдардан 2 мыңнан астам бастамашыл ұсыныстар келіп түскен. 

ҚР жаңа Конституциясы жобасының ашық жариялануы да еркін қоғамдық пікірталасқа ұласты. e-Otinish платформасы арқылы өтініштер әлі де түсіп жатыр. Олардың саны 4 мыңнан асты.

«Азаматтардың сұрақтары мен бастамаларын тұтастай алғанда үш негізгі бағыт бойынша топтастыруға болады, олар жүргізіліп жатқан реформаның сындарлы және оң қабылданып жатқанын көрсетеді», – деп атап өтті ҚСЗИ директоры. 

Оның айтуынша, қоғамда Ата Заңды қабылдау тұрғысында көзқарас өзгеріп келе жатқаны байқалады. Мәселен, азаматтардың едәуір бөлігі үшін Конституция билік органдарының өкілеттіктерін реттейтін заңды құжат ретінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің құндылық бағдарларын, даму принциптерін белгілейтін негіздемелік мәтін ретінде қабылданып отыр.

«Азаматтардың өтініштеріне қарасақ, олар конституциялық нормалардың қолданбалы маңызы болады, күнделікті өмірге, әлеуметтік әділеттілікке және мемлекеттік шешімдердің сапасына әсер етеді деп күтуде», – деді Жандос Шаймарданов. 

Ол ұсыныстардың екінші топтамасында құқық пен әділеттіліктің үстемдігі қағидаттарын нығайтудың, сондай-ақ институттарға деген сенім мен бәрінің заң алдындағы теңдігінің негізі ретінде «Заң және Тәртіп» қағидатын дәйекті түрде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілгенін айтты. 

«Азаматтардың едәуір бөлігі үшін Ата Заң адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын қалай бекітіп, оларды қорғаудың түсінікті және бірыңғай ережелерін қалыптастыратыны шешуші мәнге ие. Конституция бұл тұрғыда жеке бас бостандығы мен ұлттық мүдделер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады», – деді ҚСЗИ директоры.

Сонымен бірге ол мүдделер теңгерімі мәселесі халықты адам құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар халықаралық міндеттемелер мен ұлттық заңнама тұрғысынан да толғандыратынын айтты.

«Сондай-ақ бірқатар азаматтар мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы мәселеге назар аударуда. Жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде нақты бекітілген», – деп атап өтті Жандос Шаймарданов. 

ҚСЗИ директорының айтуынша, пікірталастың тағы бір бағыты – мемлекет пен білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекіту. 

«Көптеген жылдар бойы қоғамда діннің мемлекеттен институционалдық тұрғыда бөлуге деген сұраныс қалыптасты. Бұл сұранысқа жауап ретінде Конституция дінді мемлекеттен бөлуді ұсынады», – деді ол.

Жаңа Конституцияның жобасында зайырлылық ғылымға, инновацияға және адами капиталды қалыптастыруға басымдық беретін заманауи білім беру жүйесін дамытудың қажетті шарты ретінде белгіленді. 

«Қоғамдық пікір» институты жариялаған әлеуметтану зерттеуі нәтижелері сауалнамаға қатысқандардың 79%-ы жүргізіліп жатқан реформаларды уақытылы деп санайтынын көрсетіп отыр. Азаматтардың едәуір бөлігі конституциялық өзгерістерді жеке әл-ауқат пен өмір сапасының жақсаруымен тікелей байланыстырады. Респонденттердің 65%-ы  ұсынылған өзгерістер олардың өміріне оң әсер ететініне сенеді», – деді Жандос Шаймарданов. 

Оның айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі – респонденттердің 78%-ы конституциялық реформаға қолдау білдірген. 

«Тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, конституциялық реформа азаматтарды кеңінен тартуға және қоғамдық қолдауға негізделген», – деп қорытындылады ҚСЗИ директоры.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 17:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары