Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

Бір палаталы Парламентке көшуді ел халқының көпшілігі қолдады

Бір палаталы Парламентке көшуді ел халқының көпшілігі қолдады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері парламенттік реформаны қоғамның жоғары деңгейде қолдайтынын көрсетіп отыр. Еске салайық, реформаның негізгі элементтері – бір палаталы Парламентке көшу және заң шығару органын тек партиялық тізімдер арқылы қалыптастыру екені мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Zakon.kz

Зерттеу деректерінше, Қазақстан азаматтарының жалпы алғанда 68,3%-ы бір палаталы Парламент идеясын оң қабылдайды. Дегенмен, қолдау деңгейі респонденттердің жынысы мен жасына қарай әртүрлі. Мәселен, ерлер арасында бұл көрсеткіш 71,1%, ал әйелдер арасында 66,1%-ды құраған. Реформаны қолдаудың ең жоғары деңгейі 18-29 аралығындағы жастар тобында байқалған (72,9%). Бұл көрсеткіш – қоғамның әлеуметтік тұрғыдан ең белсенді бөлігінің саяси жүйені жаңғыртуға қызығушылық танытып отырғанын айқын көрсетеді.

Пропорционалды сайлау жүйесіне көшу мәселесіне келсек, сауалнамаға қатысқандардың 63,6%-ы бұл бастаманы қолдайды. Қолдау деңгейі әйелдерге қарағанда (62,2%) ерлер арасында салыстырмалы түрде аздап жоғары – 65,4%. Сондай-ақ, бұл пікірге әсіресе жастар тобы айрықша қолдау көрсетіп отыр: 18-29 жас аралығындағы респонденттердің 71%-ы Парламентті тек партиялық тізімдер бойынша қалыптастыруды оң бағалайды.

Маңызды рөл атқаратын тағы бір фактор – Бір палаталы Парламентке көшуге ең жоғары қолдауды ғылыми дәрежесі бар азаматтар (75,4%), жоғары білімділер (71,7%) көрсетіп отыр. Сол сияқты, пропорционалды жүйенің жақтаушылары да көбінесе жоғары білімді респонденттер (67,5%), бұл саяси жүйені жаңғырту құралы ретінде партиялық өкілдік тетіктерін білімді халық топтарының қарастыру үрдісін растайды.

Тағы бір айта кететін жайт, ауылдық жерлерде тұратындар жалпы қалалықтармен салыстырғанда парламент реформасын жоғары деңгейде қолдайды. Мәселен, бір палаталы Парламентке көшуге ауыл тұрғындарының 72,8%-ы оң бағасын береді, ал қалалықтар арасында бұл көрсеткіш 65,4%-ды құрайды. Парламентті партиялық тізімдер бойынша қалыптастыруға қатысты да ұқсас айырмашылықтар байқалады: ауылдық респонденттердің 67,8%-ы, қалалықтардың 60,8%-ы бастаманы қолдайды.

Жалпы, ҚСЗИ деректері парламент реформасына қатысты қоғамдағы келісімнің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Бір палаталы Парламент пен партиялық өкілдік жүйесіне көшуге қолдаудың басым болуы, қоғамның заң шығару билігінің тиімділігін арттыруға және саяси мәдениетті дамытуға бағытталған институционалдық өзгерістерге дайын екенін дәлелдейді.

Әлеуметтанулық сауалнама ҚСЗИ тапсырысымен биыл 3 қазан мен 5 қараша аралығында жүргізіліп, іріктеме көлемі 8 000 респондентті құраған. Сауалнамаға 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысқан.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 11:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see153

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see145

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see142

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see141

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see138

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see123

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see120

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see119

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see118

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see117

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see114

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see111

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see110

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see109

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see108

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

28 Тамыз 2026 19:53see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары