Жапаров еркін, таза және ашық президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров "еркін, таза және ашық" президент сайлауын өткізуді қамтамасыз ету шаралары туралы жарлыққа қол қойды. Дауыс беру 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құжат білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен оқушыларын, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін, әлеуметтік қызметкерлер мен медициналық мекемелердің персоналын, сондай-ақ мемлекеттік және муниципалдық ұйымдардың, халыққа қызмет көрсететін мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлерін қандай да бір кандидаттардың пайдасына сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына тартуға үзілді-кесілді тыйым салады.
"Министрлер кабинетіне сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына заңсыз қатысқан, сондай-ақ кез келген кандидаттың пайдасына лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған атқарушы билік органдары, құқық қорғау органдарының, жергілікті мемлекеттік әкімшіліктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары мен лауазымды тұлғаларын, ведомстволық қарасты ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлерін дереу тәртіптік жауапкершілікке тарту, ал қажет болған жағдайда атқаратын қызметінен босату тапсырылды", - деп хабарлайды Қырғызстан президентінің ресми сайты.
Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияға "сайлау заңнамасын біркелкі қолдану және азаматтарды хабардар ету үшін" қосымша шаралар қабылдау ұсынылады.
Сондай-ақ Қырғызстан заңнамасына сәйкес халықаралық байқаушылардың қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қарастырылған.
Бұған дейін Садыр Жапаров сұхбатында 2027 жылғы президент сайлауына қатысудан бас тартып, бұл қызметке Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевті қолдау мүмкіндігін қарастырғанын айтқан болатын.
Жапаровтың өзі 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен кезектен тыс сайлауда Қырғызстан президенті болып сайланды. Ол Қырғызстандағы келесі президент сайлауына қатысуға және екінші мерзімге бағын сынауға ниетті екенін мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қыркүйек 2026 17:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















