Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Жапон елінің тұңғыш әйел көшбасшысы

Жапон елінің тұңғыш әйел көшбасшысы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Биыл 21 қазанда Жапонияның жаңа заман тарихында алғаш рет әйел үкімет басшысы болып сайланды. 64 жастағы парламент депутаты, санаулы әйел саясаткерлер арасынан саңлақ шыққан Санае Такаичи оның алдында Жапония либерал-демократиялық партиясының (ЛДП) төрағасы боп сайланған еді. Сөйтіп, сайдауыт самурайлар елін енді әйел басқарады. Бұндай жағдай буддистік ілім мен конфуциялық тәрбиеге негізделген консерваторлық Күншығыс елінде ғана емес, әлемдік деңгейде үлкен жаңалық ретінде жарияланып жатыр.

Жапониядағы жағдайды тілге тиек ете отырып, жалпы қазірде әлемде қанша әйел ел басқарып отыр дегенге келсек, БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 27-сін қа­зіргі уақытта әйел басқарып отыр екен. Олар­дың қатарында «Жерорта теңізінің темір ханымы» атанған Италияның премьер-министрі Дж.Ме­лони, АҚШ президенті Д.Трампқа есе жібергісі келмейтін Мексика президенті К.Шейнбаум бар.

Жапонияның жаңа премьер-министрі С.Такаичи де – осал емес. Ең алғаш депутат болып сайланған күндері-ақ сол кездегі үкімет басшысының соғыс жылдарындағы жапон әскерінің іс-әрекеттеріне қатысты кешірім сұрағандай болып сөйлеген сөзіне қарсы шығып, «ел атынан кешірім сұрауды доғарыңыз, жапон ешқашан жаман­дық істемеген» деп қатал мінезімен, көзге түскен сая­саткер. Сондықтан да болар, Күншығыстан жеткен жаңалыққа Қытай елінің саясаткерлері қол соғуға асықпады. Тіпті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин С.Такаичиге ресми құттықтау хат жолдамай, халықаралық қатынастар саласында сирек кездесетін саяси-дипло­матиялық мінез көрсетті. Ал АҚШ президенті Д.Трамп, С.Такаичи ЛДП-ның төрағасы болып сайланған күні әлеуметтік желі арқылы қолдау көрсетсе, премьер-министр атанғанда телефон арқылы құттықтады. Тіпті 28 қазанда әлем елдері басшыларының арасынан алғаш болып жапон еліне сапар шегіп, жаңа үкімет басшысымен келіссөздер нәтижесінде, «Жапония мен АҚШ одағының жаңа алтын дәуірі» келісімшартын алмасып үлгерді.

«Үлкен жетілікке» кіретін елдер арасында әйел басқармаған АҚШ қана қалды. Ал әлемдік сахнада «Темір ханым» атанған Англияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер – 1979 жылы дамыған елдер арасында ең бірінші сайланған әйел саясаткер. Үкімет басшысы болған алғашқы әйел Азиядан шыққан еді. 1960 жылы британдық Цейлон доминионының (қазіргі Шри-Ланка) премьер-министрі С.Бандаранаике болғаны тарихтан белгілі. Содан кейін 1966 жылы әлемге әйгілі Индира Ганди Үндістанның премьер-министрі болып сайланып, әлем назарын Азияға аудартты. Сөйтіп, әлемде ел басқарған әйелдер саны біртіндеп арта бастады. 2005 жылы Ангела Меркель Германия канцлері болып сайланып, ел тізгінін 15 жыл ұстады. 2013 жылы Пак Кын Хе Оңтүстік Кореяның бірінші әйел президенті болып сайланды. Бірақ 2017 жылы оған қарсы импичмент жария­ланып, биліктен кетуге мәжбүр болды. Азияның тағы бір елі Бангладеш үкіметін бұған дейін бірнеше әйел басқарса, былтыр жазда ұзақ жылдар премьер-министр болған Шейх Хасина жүргізіп отырған саясатына қатты қарсы шыққан жастардың қысымына шыдай алмай, көрші Үндістанға қашып құтылды. Сингапурдың алғашқы әйел президенті Халима Якоб алты жыл билік лауазымында болды. Бұл кісі президентіміздің шақыруымен елімізге ресми сапар шек­кені де есімізде. Жалпы, қазірде Азияның екі елінде, Батыс Еуропаның сегіз елінде, Шығыс Еуропаның бес елінде, Латын Америкасының төрт елінде, Африканың төрт елінде әйел билік жүргізіп отырса, ал АҚШ-тың «Pew Research Center» зерттеу ұйымының мәліметі бойынша, 60 елде немесе 193 елдің 30%-дан астамында әйел үкімет басшысы болған. БҰҰ ақпараты бойынша, парламенттегі әйелдердің үлесі Еуропа мен Солтүстік Америкада 33 пайыз болса, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда 23,5 пайыз екен.

Ал енді әңгіме желісін қайта жапон еліне бұрсақ. Жапония – парламенттік басқару жүйесіне негізделген демократиялық мемлекет. Яғни негізінен парламентте қай партияның саны басым болса, әдетте сол партияның басшысы премьер-министр болып сайланады. Алайда тарихта олай болмаған кездер де болған. Яғни билік басындағы партия болғанымен, парламент депутаттарының көбі үкімет басшысының сайлауында ол партияның басшысына емес, басқа партияның басшысына дауыс берер болса, тіпті оппозициялық партияның бас­шысы да премьер-министр болып сайлануы мүмкін.

Осы жолы да жапон елінде сондай саяси жағдай туындап қалуы әбден мүмкін еді. Олай дейтініміз, ЛДП басшысы сайлауында С.Такаичи төраға болып сайланғаннан кейін бұл партияның ұзақ жылдар бойы әріптесі болып келе жатқан «Комейто» партиясы коалициялық үкімет құрамынан шығатынын мәлімдеді. Себебі соңғы парламент сайлауында халық ЛДП мен «Комейтоға» көп қолдау көрсетпей, соның нәтижесінде үкіметке қоғам тарапынан сенімсіздік көбейіп, нәтижесінде премьер-министр Ш.Ишиба мен оның бір жыл ғана басқарған министрлер кабинеті отставкаға кетуге мәжбүр болды. Жалпы, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері үздіксіз дерлік (2009–2012 жылдарды санамағанда) жапон елінің саяси билігінде отырған елдегі ең ірі саяси партия ЛДП-ның қазіргі жағдайы мәз емес.

Осы жолғы парламентте премьер-министрді таңдайтын кезде оппози­циялық партиялар бас қосып, ортақ бір кандидат ұсынып, сол арқылы билікті өзгертуге болар еді деген ой ортаға салынған еді. Оған оппозициялық партия­лардың басы тағы да біріге алмай, бір-бірін қолдауға шамасы жетпеді. «Комейтоның» көмегінен айырылып қалғанымен ЛДП оппозициялық партиялардың әлсіздігін тиімді пайдаланып, олардың арасынан Жапон инновациялық партиясын әріптес­тікке шақырып, сол партиядан сайланған депутаттар арқасында С.Такаичи премьер-министр болып сайланды. Сол күні кешке жапон елінің алғашқы әйел премьер-министрі Император Нарухитоның батасын алып, жаңа үкімет жасақтауға кірісті.

Жапон елінің ескі тарихына үңілсек, бұл елде бұған дейін сегіз әйел Император болған. Бұдан кейін де солай болуы ғажап емес. Олай дейтініміз, қазіргі Императордың ұлы болмағандықтан, «келесі тақ иесі кім?» деген сұрақ – жапон қоғамында қызу талқыға түсіп жатқан мәселенің бірі. Елдің қазіргі заңына сәйкес Император тек ер тұқымынан таралған ұрпақтан шығуы шарт. Сон­дықтан қоғамда Мейджи дәуірінен жал­ғасып келе жатқан  дәстүрді өзгертіп, келешекте әйел адам да таққа отыру үшін заңды өзгерту керек шығар деген мәселе туындап отыр.

Ежелгі жапон жұртына бас болған алғашқы әйел Химико, Абай тілімен айтқанда, «бас-басына би болған өңкей қиқымның» басын қосып, біртұтас ел етуге саналы ғұмырын сарп еткен деседі.

С.Такаичи де өзге түгілі партия­ластары арасында таласы қызып, тартысы өршіп тұрған кезде атқа отырды. Мінезді саясаткер атына қамшы салары анық енді. Оңай болмасын ол кісі ең алдымен өзі жақсы сезеді. Сондықтан «бөлінгенді бөрі жейді» деген ниетпен сайлауда өзімен додаға түскендердің бәрін партия мен үкіметте жоғары қызметке тағайындады. Екі әйелді министр лауазымына тағайындап, гендерлік саясатқа да көңіл бөліп отыр. Премьер-министр әйел затынан сайланғанымен, Жапония – гендерлік теңдік бойынша әлемнің 148 елі арасында 118-орынды иеленеді. Бұл жағынан да көрсеткіші төмен ел. Осы тұрғыдан жапон үкіметін әйел басқарғаны шынында саяси феноменге айналды.

Қоғамда өз партиясы ішінде бәсекелесі көп С.Такаичи партиясын билік басында сақтап, келесі парламент сайлауында жеңіске жету үшін әріптестерінің басын біріктіріп, жұдырықтай жұмылдырта алар ма екен? Азаматтардың қолынан келмегенін әйел болып істей алса, саяси тұрғыдан тарих жаңартқан Такаичи ханым партиясының ғана емес, халқының жадында жақсы атпен қалуға мүмкіндігі бар. Әйтпесе, көпке ұзамай партия ішінен жік шығып, жаңа сайлау науқаны басталып кетпесіне кім кепіл? Жапония сияқты парламенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекетте саяси партия мен үкімет басшысы болу әсте оңай шаруа емес.

Жапон елінің жаңа басшысын ең алғашқылар қатарында құттықтаған Президентіміз осы тұлғамен жақын арада кездесіп, екіжақты және көпжақты қарым-қатынастар саласында келіссөздер өткізіп жатса, екі елге де тиімді болары даусыз. Жапон еліне жаһандық деңгейдегі дипломат ретінде танымал Президент Қ.Тоқаев пен премьер-министр С.Такаичи арасындағы диалог әлемдік және өңірлік талай сын-қатерлердің алдын алады деп үміттенеміз.

Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТ,

Қазақстан жапонтанушылар қоғамының құрметті төрағасы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 09:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see126

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see123

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see122

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see121

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see120

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see119

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see118

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see117

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see117

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see117

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see117

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see117

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see116

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see115

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see115

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see115

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see114

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары