Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Жәрдемақының жаңа өлшемi

Жәрдемақының жаңа өлшемi

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сонымен, өзгеріс жәрдема­қының он түрін қамтиды. Атап айтқанда, бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жәрдемақы, бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлем және төрт не одан көп баласы бар от­ба­сыларға берілетін көмек осы ті­зімге енген. Сондай-ақ мара­пат­талған көпбалалы аналарға, мүгедектігі бар адамдарға, асы­раушысынан айырылғандарға және күтім жасайтын азаматтарға төленетін жәрдемақылар да бар.

Жаңа тәртіп бойынша әуелі отбасының тұрмысы бағаланып, қай санатқа жататыны анықтал­мақ. Тұрмысы жақсы «А» және «В» санатындағы отбасыларға аталған жәрдемақылар мен жер­леуге арналған біржолғы төлем берілмейді. Дегенмен бұл талап бәріне бірдей жүрмейді.

Мәселен, мүгедектігі бар ба­ла­ларға, бірінші және екінші топ­тағы мүгедектігі бар ада­м­дар­ға жәрдемақы тағайындағанда отбасының табысы есепке алын­байды. Ата-анасының екеуінен де айырылған балалар да осы санатта. Бұған қоса, жасына бай­ланысты зейнетақы алатын ма­рапатталған көпбалалы аналар мен арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алушылардың тұр­мысы бағаланбайды.

Тағы бір маңызды шарт бар: жәрдемақы алу үшін азамат жеке мәліметтерін жинауға және пай­далануға келісім беруі керек. Бұл келісім отбасының кәмелетке толған мүшелерінен де сұралады. Отбасының жағдайын анықтауға банктегі мәліметтер, кредиттің сомасы, ай сайынғы төлемі мен қалған қарызы пайдаланылады. Ал келісім берілмесе, жәрдемақы уақытша тоқтатылады.

Аталмыш ережерлердің жү­зеге асуы үшін отбасының тұр­мысы ай сайын қайта бағаланбақ. Егер жағдайы нашарлап, жәр­демақы алуға құқығы бар санатқа ауысса, төлем қайта жалғасады.

Бұдан бөлек, төлемнің тоқ­тауы­на өзге де себептер бар. Мы­салы, алушының банк шотынан үш ай бойы ақша жұмсалмаса немесе ол шетелге тұрақты тұруға кетсе, жәрдемақы тоқтатыла тұ­рады. Мұндай себептер жо­йыл­ған соң, төлемді қайта алу үшін өтініш беріп, оны растайтын құжаттарды не мәліметтерді ұсыну қажет.

Тұрмысы түрлі болса да, мәртебесі ортақ

Үкіметтің ұстанымынша, мем­лекеттік көмек ең алдымен мұқтаж отбасыларға жетуі керек. Өйткені бірдей жәрдемақы ал­ғанымен, әр шаңырақтың тұр­мы­сы әрқалай: біріне бұл ақша қосымша табыс болса, екіншісі соған баласының киімін алып, азық-түлігін түгендейді. Сон­дық­тан жаңа тәртіп бойынша жәр­демақы тағайындағанда от­басының тұрмыс жағдайын да ескеру көзделіп отыр.

Орталық Азия елдері бойын­ша маман, Kazakhstan Politics ұлт­тық талдау орталығының аға зерттеушісі, саясаттанушы Расул Қоспановтың пікірінше, мем­лекеттік көмекті бөлгенде отба­сының тұрмысын ескерген жөн. Өйткені қағаз жүзіндегі мәртебе шаңырақтың күнкөрісі қандай екенін толық көрсете бермейді.

«Заңды сұрақ туындайды: бәріне бірдей төлеу қаншалықты әділ? 2027 жылдан бастап Үкімет әлеуметтік көмекті неғұрлым атаулы етуге тырысады. Отба­сы­ның цифрлық картасы арқылы қазақстандықтар әлеуметтік әл-ауқаттың А-дан Е-ге дейінгі бес санатына бөлінеді. А және В са­натындағы отбасылар бала тууы­на, оның күтіміне және көп­ба­лалы отбасыларға берілетін тө­лемдерді қоса алғанда, бір­қа­тар жәрдемақыны алуды тоқта­тады. А және В санаттарына эко­номикалық жағдайы ең жақ­сы азаматтар жатады. Олардың бірнеше жылжымайтын мүлік нысаны, автокөлігі бар немесе табысы жоғары», – деп жазады Қоспанов.

Сарапшы келтірген мәлімет­ке сүйенсек, Қазақстан 2025 жы­лы зейнетақылар мен түрлі әлеу­меттік жәрдемақыға шама­мен 5,9 триллион теңге жұмсаған. Бұл – жалпы ішкі өнімнің 3,7 пайызы. Әрине, аз қаражат емес. Бірақ мәселе ақшаның көп бө­лінуінде ғана ма? Оның кімге жетіп, қай отбасының қажетіне жа­рағаны да маңызды. Қоспанов осыған назар аударып отыр.

Бір жағынан, мемлекет кө­мек­ті мұқтаж жандарға жеткізуді көздеп отыр. Екінші жағынан, жұрттың «жағдайымды дұрыс ба­ғалай ма, жәрдемақымнан айы­рылып қалмаймын ба?» деп алаңдауы түсінікті. Сондықтан жаңа тәртіптің қалай жұмыс істейтінін, қате кеткен жағдайда оны қалай түзетуге болатынын халыққа анық түсіндіру қажет.

«Ақпарат кеңістігінде алдағы өзгерістерге қатысты алаңдаушы­лықтың көп екенін көріп отыр­мын. Олардың бір бөлігі әбден орынды. Алайда әңгіме әлеумет­тік қолдауды түгелдей алып тас­тау туралы емес, оны бөлу тәрті­бін қайта қарау туралы болып отырғанын түсіну маңызды. Жү­йені бастапқы сынақтан өт­кізу кезеңінде қателер туын­дауы мүмкін екенін жоққа шығар­май­мын. Сондықтан оның отба­сы­лардың қаржылық жағдайын қан­шалықты объективті бағалай­тынын және мемлекет қателес­кен жағдайда оны қалай түзете­тінін бақылау маңызды. Бірақ қорытынды жасап, дүрбелеңге берілмес бұрын, алдымен өзі­міздің қай санатқа жататы­­нымызды анықтап алайық», – дейді ол.

«Автокөлігі бар адам» бай адам ба?

Жәрдемақы тағайындағанда отбасының табысын ғана емес, шығынын да ескерген жөн. Qazaq Expert Club-тың әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі сарап­шысы Толқын Саметова алдағы өзгерістерге қатысты осы мәсе­леге назар аударады. Өйткені баспанасы мен көлігі бар екен деп, бірден ол отбасын ауқатты деуге келмейді.

Сарапшының пікірінше, жаңа тәртіптің мақсаты – кө­мекті отбасының тұрмысына қарай беру. Демек, адамның қай әлеуметтік санатқа жататынымен қатар, қанша табыс табатыны, қандай мүлкі бары да есепке алынбақ. Дегенмен қолындағы дүниесіне қарап қана баға беру жеткіліксіз. Сол шаңырақтың ай сайын қанша қарыз төлеп, күнделікті қажетіне қанша жұм­сайтынын да ескерген жөн.

«Пәтердің немесе автокөлік­тің болуы да әрдайым жоғары әл-ауқаттың белгісі емес. Тұрғын үй отбасының жалғыз баспанасы әрі ипотекада болуы мүмкін, ал табысының едәуір бөлігі кре­дит­терге, емделуге немесе басқа да мін­детті шығындарға жұмса­луы ық­­тимал. Сондықтан бағалау әдіс­­­темесінің сапасы цифрлан­ды­рудың өзінен кем емес маңыз­ға ие болады. Егер азамат өз от­басының неліктен белгілі бір са­­­натқа жатқызылғанын түсін­бесе, жүйеге деген сенім тез тө­мен­­дейді», – дейді Толқын Са­метова.

Айталық, екі отбасының ай­лығы бірдей. Бірақ бірінің үйі өзі­нікі, екіншісі ай сайын пәтер­ақы төлеп отыр. Бірі тапқанын азық-түлік пен балаларының қа­жетіне жұмсаса, енді бірі оған қоса науқас жақынының дәрі-дәрмегін алады. Сонда екеуінің та­бысы тең болғанымен, қолын­да қалатын ақшасы екі бөлек. Сондықтан отбасының кірісін са­наумен шектелмей, күнкөрі­сіне қанша қаражат қалатынын да анықтау қажет.

Оның үстіне, қала мен ауыл­дағы шығын бірдей емес. Бір со­маның Алматыда қанша күнге же­тетіні мен шағын елді мекен­дегі отбасына қанша уақытқа же­тетіні де әрқалай болуы мүм­кін. Бұған бала саны мен отба­сы­ның асырауындағы адамдарды қосыңыз. Сарапшы тұрмысты бағалағанда осы жайттардың бәрін ескеруді ұсынады.

Тағы бір мәселе бар: адам көбірек еңбектеніп, табысын өсір­гені үшін көмектен қағылып қалмауы керек. Егер айлығы сәл көбейгенде жәрдемақысы түгел тоқтаса, отбасының кірісі арту­дың орнына азаюы да ықтимал. Мұндай жағдайда азаматтың «кө­бірек жұмыс істегеннен не пайда?» деп ойлануы ғажап емес.

«Мемлекеттік қолдау мөл­ше­рі алушының материалдық жағ­дайына байланысты болатын кез келген жүйеде табыстың бір бө­лігін көлеңкеге шығару қаупі бар. Алайда қаржы жүйесінің цифр­ландырылуы нақты әл-ауқат деңгейін жасыруды айтар­лықтай қиындатады. Мемлекет әртүрлі дерекқорлардан барған сайын көбірек ақпарат алады, ал отбасын бағалау кезінде ресми мәлімделген табыспен қатар мүлік пен басқа да көрсеткіштер ескерілуі мүмкін. Сонымен бірге жүйе кері ынталандыру тудыр­мауы маңызды. Яғни әлеуметтік жеңілдіктерден күрт айырылып қалу салдарынан адамның ресми табысын арттыруы экономика­лық тұрғыдан тиімсіз болатын жағдайға жол бермеу керек. Сон­дықтан әл-ауқат өскен сайын қолдау біртіндеп қысқаруға тиіс, «шектен астың – бәрінен айы­рылдың» қағидасы бойынша емес», – деп түсіндіреді сарапшы.

Ал тұрмысы төмендеп кеткен отбасының жағдайы ше? Кеше тұрақты жұмысы болған адам бүгін табыссыз қалуы мүмкін. Енді бірінің тапқан ақшасы ем­делуге кетеді. Осындай кезде бұ­рынғы жалақысына қарап ше­шім шығару оның бүгінгі мұқ­таждығын көрсетпейді.

Сондықтан азамат өзіне қа­тысты қандай мәлімет қолда­ныл­ғанын білуі қажет. Қате бол­са, тү­зете алуы, ал шешіммен ке­ліс­пе­се, шағымдануға мүмкін­дігі бо­луы керек. Әйтпесе кө­мек­ке зәру адам ескірген мәліметтің кесірінен жәрдемақысыз қалуы ықтимал.

«Неғұрлым атаулы әлеуметтік қолдауға көшудің өзі әділдікке кепілдік бермейді. Барлығы мем­лекеттің отбасының нақты жағ­дайын қаншалықты дәл анықтай алатынына және жүйенің ондағы өзгерістерге қаншалықты жыл­дам жауап беретініне байланысты болады. Отбасының цифрлық кар­тасы бұл үшін техникалық мүмкіндіктер береді. Бірақ со­ны­мен бірге ашық өлшемдер, тү­сінікті шағымдану тетігі және деректерді тұрақты жаңарту қажет», – дейді Саметова.

Сарапшының пайымынша, жаңа тәртіптің пайдасын мұқтаж отбасының көмекті дер кезінде алуына қарап бағалаған жөн. Түптеп келгенде, бастысы – қол­дауға зәру шаңырақтың назардан тыс қалмауы.

Кәмила ДҮЙСЕН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:43
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 07:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары