Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Жасанды интеллект журналист қызметіне кірісті

Жасанды интеллект журналист қызметіне кірісті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Aikyn.kz жасанды интеллект технологияларының журналистиканың болашағына әсерін талдайды.

XXI ғасырдың басты технологиялық жетістіктерінің бірі – жасанды интеллект (ЖИ). Ол тек экономиканың немесе ғылымның емес, медиасфераның да ажырамас бөлігіне айналды. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары бүгінде ЖИ технологияларын жаңалық дайындау, мәтін өңдеу, аудиториялық талдау және деректер журналистикасында кеңінен қолданып келеді. Мұндай өзгерістер журналистиканың болашағын қайта қарауды, кәсіби этика мен сенімділік ұғымдарын жаңаша түсіндіруді талап етуде. 

ЖИ технологиясына негізделген үрдістер әсіресе АҚШ пен Еуропаның жетекші ақпарат құралдарында айқын байқалады. Олар ЖИ технологияларын бірнеше негізгі бағытта пайдаланып келеді.

The Associated Press (AP), Reuters және Bloomberg сияқты ірі ақпарат агенттіктері жасанды интеллект негізіндегі алгоритмдерді қаржы және спорт жаңалықтарын жазу үшін қолданады. AP жыл сайын 20 мыңнан астам корпоративтік есептер мен қор нарығы жаңалықтарын Wordsmith платформасы арқылы автоматты түрде жариялайды. Бұл жүйе компанияға қаржы нарығы, спорт нәтижелері мен сайлау қорытындылары туралы мыңдаған жаңалықты автоматты түрде жазуға мүмкіндік береді. Журналистер үнемделген уақыттарын деректерді терең талдауға немесе зерттеу мақалаларына арнай алады.

The Washington Post 2016 жылы жасаған Heliograf жүйесі қысқа мәтіндерді автоматты түрде жазады. Олар сайлау нәтижелері, спорт есептері немесе жергілікті оқиғалар туралы жаңалықтарды құрайды. 2016 жылғы АҚШ президенттік сайлауы кезінде бұл жүйе әлеуметтік желілерде және сайтта қысқа жаңалықтар жариялап, 500-ден астам автоматты мәтін дайындаған. Бұл редакцияға үлкен ақпарат көлемін аз уақытта таратуға мүмкіндік берген.

AP жыл сайын 20 мыңнан астам корпоративтік есептер мен қор нарығы жаңалықтарын Wordsmith платформасы арқылы автоматты түрде жариялайды. Иллюстрация dakleshelleng.substack.com сайтынан алынды

BBC мен The New York Times пайдаланушылардың оқу әдетін, қызығушылығын талдау арқылы жеке жаңалықтар тізбегін ұсынады. ЖИ алгоритмдері пайдаланушылардың қызығушылығына қарай тақырыптарды іріктейді, бұл өз кезегінде ақпараттың тиімді қабылдануына әсер етеді.

BBC News агенттігі бұл мақсатта News Labs платформасын, ал The New York Times газеті Reader Insights жүйесін пайдаланып, мақалалардың эмоционалдық әсерін талдайды. Осы арқылы редакторлар материалдың тақырыбы мен иллюстрациясын оқырман реакциясына қарай өзгертіп отырады.

Медиада жасанды интеллекті қолданудың маңызды бағыттарының бірі – фейк жаңалықтармен күрес. Бұл салада AFP агенттігі мен Google News Initiative бірлесіп, AI Fact Check Explorer жүйесін жасады. Ол интернеттегі жалған ақпарат пен DeepFake видеоларды анықтауға мүмкіндік береді. Ал Reuters агенттігі Х (Twitter) сияқты әлеуметтік желілерден ақпарат жинап, оның сенімділігін бағалайтын News Tracer жүйесін енгізді. Егер желіде жарылыс туралы хабар таралса, алгоритм оны басқа дереккөздермен салыстырып, хабардың рас-өтірігін анықтайды.

Жасанды интеллект видео мен аудио форматтағы медиада да өз орнын тапты. Bloomberg агенттігі спорттық матчтардың ең қызықты сәттерін автоматты түрде қиып алып, қысқа видеолар жасайтын Automated Video Highlights жүйесін пайдаланады.

Бұл технология YouTube пен әлеуметтік желілерге бейімделген жедел медиаконтент жасай алады. Sky News арнасы 2023 жылы Ұлыбританияда Король Чарльз ІІІ-нің таққа отыру рәсімін тікелей эфирде көрсеткен кезде жасанды интеллект негізіндегі бет-әлпетті тану жүйесін қолданды. Бұл жүйе кадрларда кімнің кім екенін нақты анықтап, эфирдегі ақпараттың дәлдігін күшейтті.Бүгінде жасанды интеллект медианың жылдамдық, дәлдік және бейімделгіштік қасиеттерін күшейтті. Reuters агенттігі ЖИ қолдану арқылы жаңалықтар тізбегін нақты уақыт режимінде қадағалайды. Ал Bloomberg Terminal жүйесі журналистерге экономикалық тенденцияларды алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл үрдіс белгілі бір этикалық және кәсіби мәселелерді де туындатуда. Біріншіден, журналист пен алгоритм арасындағы шекара айқын емес. Жаңалықты кім жасайды? Адам ба? Әлде машина ма? Екіншіден, алгоритмдердің бейтараптығы күмән тудырады. Себебі оларды жасаған адамның, стартаптың мәдени, саяси және идеологиялық көзқарасы контенттің мазмұнына әсер етуі мүмкін.

Reuters Institute 2024 жылғы зерттеуінде әлемдегі журналистердің 60%-ы ЖИ құралдарын пайдалана бастағанын мәлімдеді. Сарапшылардың болжауынша, алдағы он жылда жасанды интеллект тек жаңалық жазумен шектелмей, деректерді талдау, визуализация және фактчекинг процестерін де толық автоматтандыруы мүмкін.

The Guardian басылымы 2023 жылы жариялаған есебінде ЖИ технологияларының дамуы нәтижесінде журналист мамандығы жойылмайтынын, керісінше, жаңа форматтарға ауысатынын атап өткен болатын. Болашақ журналист ақпарат жеткізуші ғана емес, деректерді талдаушы және технологиялық медиатор рөлін де атқарады.The New York Times редакциясы ЖИ құралдарын этикалық шектеулермен енгізу саясатын ұстанады. Ақылды жүйені мақаланы толық емес, тек алғашқы нұсқасын жазуға немесе тақырып ұсынуға ғана пайдаланады. Бұл адам мен технология арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект шетелдік медиада революциялық өзгеріс әкелді. Ол ақпарат өндірудің тиімділігін арттырып, аудиториямен интерактивті байланысты күшейтті. Дегенмен оның дамуы кәсіби жауапкершілік пен этиканы жаңа деңгейге көтеруді талап етеді.

Шетел медиасында жасанды интеллект – ақпарат өндірісін жеделдетіп, мазмұн сапасын арттыруға бағытталған қуатты құралға айналды. Бірақ болашақта медиадағы жасанды интеллекті қолдану үрдісі адам мен технологияның тепе-тең серіктестігіне негізделуі тиіс деп ойлаймыз.

«Технология емес, сенім басты құндылық» деген қағида болашақта медианың басты ұстанымын айналуы мүмкін. Тек осылай болғанда ғана, ЖИ медиадағы процестерді жеңілдетіп, адами құндылықтарды сақтап, журналистиканың интеллектуалдық әлеуетін күшейтетін құралға айналады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:232
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 12:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see141

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары