Жазасы шегерілген Хаменоваға тойға баруға бола ма бас прокуратура жауабы
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Бас прокуратура жазасы шегірілген Бақытгүл Хаменованың тойға баруға рұқсат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Экс-депутат Хаменова 2022 жылы пара алғаны үшін жеті жылға сотталған болатын. Бірақ асырауында кәмелет жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазасы кейінге шегерілген. Жақында оның тойда жүрген видеосы тарады.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, жазасы шегерілген адамға тойға баруға болады.
"Хаменова жайында айтар болсақ, оны жазасы үш жылға шегерілген болатын. Ондайда той сияқты шараларға қатысуға тыйым салынбаған. Ол пробация қызметінен рұқсат алған", - деді Қойгелдиев сенаттағы брифингте.
Айта кетері, Хаменованың жазасы 2022 жылы 15 қарашада шегерілген болатын. Биыл шегерілген бұл мерзім аяқталады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:95
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 12:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















