Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Келешегі мол кеніштер

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

ЖИ туралы заң нені көздейді?

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жақында Парламент «Жасанды интеллект туралы» және онымен байланысты ілеспе заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл заң – еліміздің цифрлық даму бағытын нақты құқықтық негізге көшіру жолындағы маңызды қадам. Заң 7 тараудан, 28 баптан тұрады. Құжатта «жасанды интеллект», «жасанды интеллект жүйесі», «модель», «деректер кітапханасы», «синтетикалық нәтиже» сияқты ұғымдарға алғаш рет ресми анықтама берілді. Бұдан өзге қандай бағыттар қамтылды, шолып шықтық.

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

Бірінші оқылымда Сенат құжат­ты Мәжіліске кері қайтарып, бірқа­тар түзету енгізуді ұсынған еді. Сена­торлар, әсіресе, қауіпсіздік пен жауап­кершілік мәселелерін күшейтуді талап еткен. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның ай­туынша, енгізілген толықтырулар заң­ның мазмұнын өзгертпейді, түсіндіру және нақтылау сипатында ғана. Оның айтуын­ша, заң жобасы еліміздің цифрлық егемендігін күшейтуге және ұлттық деректер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. «ЖИ жүйелері енді ашық, жабық және локалды түрде қолда­нылатын болады. Локалды модельдер  ұлттық мәдениет пен тілдік ерекшелікті сақтау үшін аса маңызды. Олар қазақ тіліндегі цифрлық коммуникацияны күшейтіп, мемлекеттік сектор мен білім саласында қолданылатын негізгі құралға айналады», дейді депутат.

Жаңа заң жасанды интеллект сала­сындағы құқықтық және ұйымдас­тырушылық қатынастарды реттеуді көздейді. Ол ЖИ технологияларын қолдануда ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы қолдану ерекшеліктерін айқындайды. Сонымен қатар заң Үкіметтің осы саладағы сая­сатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі өкілеттігін кеңейтеді. Бұл қадам жасанды интеллектіге негіз­дел­ген инновацияларды да­мытуға, отандық ІТ-индустрия мен цифрлық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жаңа заң күшіне енген соң, жасанды интеллектінің дамуы нақты құқықтық алаңға шығып, азаматтардың де­ректерін қорғау мен этикалық қа­ғи­даларды сақтау тетіктері де нығая түспек.

Құжатта қауіпсіздік пен адам құқын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Заң бойынша жасанды интеллект жүйелері қауіп-қатер деңгейіне қарай – төменнен жоғарыға дейін жіктеледі. Қауіп деңгейі жоғары жүйелер «аса маңызды ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым нысандарына» жатқызылады. Бұл олардың қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жасанды интеллект жүйелері автономия деңгейі бойынша да бөлінеді. Мысалы, жүргізушісіз көліктер секілді толық автоном жүйелер  арнайы заңнамалық негізде ғана қолданылмақ. Ең бастысы, заң адамға зиян келтіруі мүмкін жасанды интеллект функцияларына нақты тыйымдар қояды. Атап айтқанда, енді:

Азаматтың келісімінсіз оның мінез-құлқына ықпал ететін ЖИ жүйесін қолдануға; Адамның жасы, денсаулығы немесе әлеуметтік жағдайын әдейі пайдалануға; Адамдарға әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке қасиеттеріне қарай баға беруге (әлеуметтік скоринг); Адамның эмоциясын келісімінсіз талдауға; Заңда рұқсат етілмеген жағдайда қоғамдық орындарда бет әлпетті тануға; Заңмен тыйым салынған жасанды нәтиже жасау мен таратуға қатаң шектеу қойылады. Бұл нормалар жасанды интеллектінің адам өміріне теріс әсерін азайтып, технологиялардың этикалық және қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуді көздейді. Еліміз осылайша ЖИ саласында адам құқын бірінші орынға қойған әлем елдерінің қатарына қосылып отыр.

Сонымен қатар ЖИ кө­­ме­гі­мен жасалған кез келген мате­риал – м­ә­тін, фото, бейне немесе аудио мін­детті түрде арнайы таңба­мен белгіленуге тиіс. Заң бойынша мұндай синтетикалық контент компьютерде оқылатын пішімде және көзге бірден түсетін ескертумен белгіленеді. Сарапшылардың пікі­рінше, бұл талап қо­ғамның сенімін арттырып, технология жетістіктерін қауіпсіз пайдалануға жол ашады.

Құжат авторлық құқық мәселесін де рет­­тейді. Адамның шығар­­ма­шы­­лық қа­ты­­суын­сыз тек жасанды интел­лект арқылы жасал­ған жұмыстар автор­лық құқықпен қорғал­майды. Алайда пайда­лану­шылардың шығармашылық сипаттағы сұраулары немесе идеялары – заң жүзінде авторлық құқық нысаны ретінде танылуы мүмкін. ЖИ жүйесін оқыту барысында шығармалар мен ғылыми еңбектерді пайдалану олардың авторы арнайы тыйым салмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Тағы бір маңызды жаңалық – жасанды интеллект келтірген залал үшін жауапкершілік тетігі енгізілді. ЖИ жүйелерінің иелері мен операторлары пайдаланушыларға келген залал үшін жауап береді. Ал мұндай тәуекелдерді сақтандыру әзірге ерікті негізде жүзеге асырылмақ, бірақ ол азаматтардың құқын қорғаудың маңызды құралы ретінде қарастырылып отыр. Жалпы алғанда, жаңа заңның нормалары жасанды интеллект дәуіріндегі адам құқын қорғау ісінде халықаралық стандарттарға толық сай келеді.

Қабылданған заң аясында елімізде Ұлттық жасанды интеллект платформасы құрылмақ. Бұл – ЖИ өнімдерін әзірлеу мен пайдалану үшін бірыңғай инфрақұрылым қалыптастыратын заманауи жүйе. Платформа әзірлеушілерге арнайы құралдар жиынтығын, деректер кітапханаларын және үлгілерді үйретуге арналған ресурстарды ұсынады. Ілеспе түзетулер арқылы платформаға электронды ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тетігі де бекітілген.

Жасанды интеллект секторын да­мы­­туға мемлекет тарапынан ке­шен­ді қолдау көрсетіледі. Оның ішінде ғылыми зерттеу­лер мен әзір­лемелерді қаржыландыру, білім бағдарламаларын дамыту, халықаралық ынтымақтастық орнату бағыттары бар. Сонымен бірге заңда жасанды интеллект саласындағы барлық қатысушының құқы мен міндеті нақты белгіленген. Енді ЖИ жүйесінің иелері өз өнімдерін пайдалану шарттарын айқындап, қауіп-қатерлерді басқару және құқын қорғау тетіктерін заңды түрде қолдана алады. Ал пайдаланушылар үшін жеке деректерді қорғау, ЖИ жүйелерінің жұмыс қағидаттары туралы ақпарат алу және автоматтандырылған шешімдерге қарсы шығу құқы бекітілген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 15:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see118

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see113

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see111

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see110

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see104

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see104

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see104

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see101

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see101

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

08 Тамыз 2026 01:23see100

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары