Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Жол құрылысында жылы асфальт технологиясы қолданылады

Жол құрылысында жылы асфальт технологиясы қолданылады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Елдегі жол-құрылыс маусымы көп болса, 6-7 айға созылады. Ал солтүстік өңірлерде тіпті қысқа. Себебі бұл аймақта қыс ерте түседі. Яғни қардың үстіне асфальт төсей алмайсыз. Бірақ отандық ғалымдар: «Суыққа қарамай жол салуға болады», – дейді. Қазір «жылы асфальт» технологиясы сынақтан өтіп жатыр. 

Келешекте күннің суығына қарамай, жол төсеуге мүмкіндік туады. Отандық ғалымдар сынап бағаны -10 градустан төмендесе де, қатпайтын асфальт қоспасын сынақтан өткізіп жатыр. «Бұл жаңалық жол-құрылыс маусымын айтарлықтай ұзартады», – дейді мамандар.

Адина Айнаева, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ ресми өкілі:

- Жалпы Қазақстан Республикасының жол салуға арналған, автомобиль жолдарына арналған стандарттарға сәйкес күн суық кезде және жаңбыр кезде, ылғал болса, жол салуға мүлдем болмайды. Алайда қазір осы біздің институт ғалымдарының жаңа зерттеулері бар. Зерттеулер «жылы асфальт» деген атпен халық арасында кең таралып кетті. Ол жерде біздің негізгі мақсат – минус 10 градусқа дейін жол салуға мүмкіндік беру.

Иә, жаңа технология бойынша асфальт температурасы 50 градусқа төмендейді. Яғни қазіргі 150 градустан 90-100 градусқа дейін түседі. Ал асфальт қоюланып, қатпауы үшін арнайы қоспа қосылады. Соның арқасында оны алысқа да тасуға болады.

Адина Айнаева, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ ресми өкілі:

- Бір нүктеден, мысалға, асфаль-бетон зауытынан салынып жатқан жолға дейін алып барғанша біздің асфальт-бетон суып қалмауы керек. Алыс болса, жете алмай қалады. Ол тағы да қосымша шығындар. Оған  жақын тағы да асфальт-бетон зауытын салу керек. Тағы да карьерлерді салу қажет. Бұл логистикалық шығындардың көбеюіне алып келеді. Егер осы жылы технологиялар, «жылы асфальт» технологиясы қабылданса, зерттеулер өзін жақсы деңгейде көрсетсе, онда біз ұзақ жолдарға да асфальтты жіберіп, 150 градустан төмен температурада салуға мүмкіндігіміз болады.

Қазір елдегі жол жағдайын арнайы мамандар тобы бақылап отыр. Салынған жолдың сапасы сын көтермесе, тапсырыс берушіге бірден хабарланады.

Темірлан Жеңісов, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ зертханасының инженері:

- Бір километрға үш керн аламыз, әр 300 метр сайын алынады. Осы жерге алып келіп, сынақ жасалынады. Біздің міндет – протокол жасап беру. Ол өтсін, өтпесін, қалай өтеді, солай протокол жасаймыз. Әрі қарай құзыреттік органдар өздері шешім қабылдайды.

Әдетте елдегі жол-құрылыс маусымы мамырдан қазанның соңына дейін жалғасады. Дегенмен солтүстік өңірде қыс ерте түсетіні белгілі. Ал жаңа технология жылдың кез келген мерзімін тиімді пайдалануға жол ашады.

Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Самат Қазанбай

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 10:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see117

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see117

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see116

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see115

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see114

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see113

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see113

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see113

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see113

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see112

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see112

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see111

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see110

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see110

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see110

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see109

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары