Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде 70 тен астам экошара ұйымдастырылды
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Биыл Жетісу облысындағы «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінде 70-тен аса экологиялық шара ұйымдастырылды.
Сенбіліктерге жергілікті тұрғындар, еріктілер, қоғам белсенділері тартылды. Ал «Мектеп орманшылығы» жобасы арқылы оқушылар тұқымнан көшет өсіруге машықтанып, туған жерін абаттандыруға атсалысады. Ұжым қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде Сарқандағы Дінмұхамед Қонаев көшесінің бойын ретке келтірді. Сонымен қатар орман қорын молайту бағытында да жұмыс атқарып жатыр.
Ботагөз Сағынғалиева, «Жоңғар Алатауы» МҰТП бөлім басшысы:
- Қазіргі таңда 30 мыңға жуық көшеттері арнайы тұқымбақтарда дайындалуда. Келесі жылы көктем айынан бастап «Таза Қазақстан» акциясы аясында бойынша осы ағаш көшеттерін отырғызамыз.


