Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Израиль Рафах шекара бекетін ашуға және Газа секторына гуманитарлық көмек көлемін арттыруға рұқсат берді

Израиль Рафах шекара бекетін ашуға және Газа секторына гуманитарлық көмек көлемін арттыруға рұқсат берді

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Израиль сәрсенбі күні Мысырмен шекарадағы Рафах шекара бекетінің ашылуына рұқсат береді және палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге кепілге алынған адамдардың денесін тапсырғаннан кейін Газа секторына гуманитарлық көмектің жіберілуін қалпына келтіреді. Бұл туралы Израильдің Каn қоғамдық телеарнасы хабарлады.

Израиль үкіметі консультациялардан кейін бұрын жоспарланған санкцияларды гуманитарлық жүктерді жеткізуге қойылған шектеулерді және өткелді жабуды алып тастау туралы шешім қабылдады.

Телеарна мәліметіне сәйкес, Газа секторының оңтүстігін Мысырмен байланыстыратын Рафах шекара бекеті соғыс басталғаннан бері алғаш рет екі жақты қозғалыс үшін қайта ашылады.

Израиль зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін азық-түлік, дәрі-дәрмек және құрал-жабдық тасымалдайтын шамамен 600 жүк көлігінің өтуіне рұқсат берді. Бұдан басқа, соғыс кезінде сектордан қашып кеткен азаматтарға қайтып оралуға, ал палестиналықтардың жекелеген санаттарына Рафах арқылы шығуға рұқсат етіледі.

Бұған дейін Тель-Авив Палестина тобынан өлген адамдардың сүйегін тапсыру жөніндегі міндеттемелерін орындауды талап етіп, Рафах шекара бекетін жабық күйде ұстайтынын және Газаға гуманитарлық көмек жеткізілімін азайтатынын жариялаған. Бұған жауап ретінде содырлар сейсенбіде Израильге кепілге алынған төрт адамның денесін тапсырды. Израильдік БАҚ үш мәйіттің Израиль азаматтары екені анықталғанын, ал төртіншісінің тағдыры әлі белгісіз екенін хабарлады.

Нәтижесінде Израиль келісім аясында хабарланған кепілге алынған 28 қаза тапқан адамның сегізінің денесін алды.

Дипломатиялық дереккөздердің хабарлауынша, ХАМАС сәрсенбі күні делдалдарға қаза болған тағы төрт адамның денесін тапсыруға ниетті екенін хабарлады. ХАМАС мәйіттердің кейбірі үйінділер астында және Израиль армиясының бақылауындағы аймақтарда қалғанын айтып отыр.

Оқиғаға қатысты пікір айтқан АҚШ президенті Дональд Трамп «ХАМАС өзінің қамауындағы мәйіттер санын бұрмалады» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтонға кепілге алынған 24-26 адам туралы хабарланған, бірақ олардың нақты саны айтарлықтай төмен болып шықты.

— Біз барлығын қайтарғымыз келеді, — деді Трамп.

Ол келісімдерді орындау «бітім сақтаудың басты талабы» екенін қосып өтті.

ХАМАС жауап ретінде міндеттемелерін орындауды жалғастыратынын мәлімдеп, Шуджайя мен Рафах аудандарында бейбіт тұрғындардың өлімінен кейін Израильді «келісімшартты елеулі түрде бұзды» деп айыптады.  ХАМАС өкілі Хазем Қасемнің хабарлауынша, топ делдалдардан «Израильді келісім шарттарын орындауға мәжбүрлеуді» талап еткен.

Осы арада ХАМАС жасақтары Газа көшелерінде қайта пайда болды. Израиль әскері жартылай шығарылғаннан кейін содырлар негізгі көмек көрсету жолдарын бақылауға алып, Израильмен ынтымақтастық жасады деп айыпталған бірнеше адамды өлтірді. Жергілікті ақпарат көздері топтың тәртіп орнатып, одан хабарсыз әрекет ететін қарулы топтарды жоюды көздеп отырғанын растады.

Дүйсенбіде Трамп Кнессетте сөйлеген сөзінде бұл «соғыстың аяқталуы ғана емес, сонымен бірге террор дәуірінің аяқталуы және сенім мен үміт дәуірінің басы» деп мәлімдеді.

Бұған дейін ХАМАС Қызыл Крест ұйымына израильдік кепілге алынғандардың екінші тобын тапсырды. 

Газа секторының денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екі жылға созылған соғыс кезінде анклавта 67 мыңнан астам адам қаза тауып, мыңдаған адам үйінді астында қалды. Ашаршылық пен гуманитарлық дағдарыс кезінде Рафах өткелін ашу және азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасымалдайтын жүздеген жүк көліктеріне рұқсат беру жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шешуші қадам болуы мүмкін. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 15:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары