Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді

Халық құрметтеген құтқарушылар

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз азаматтардың құқығының қорғалуы

Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілді

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен : Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады (ФОТО)

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

Nvidia ның жаңа чиптері ChatGPT дің жауап беру жылдамдығын өсіреді

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

Аятолла Арафи Иранның уақытша жоғары жетекшісі болып тағайындалды

Қанаты қайырылған құстар

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

Жұлдыз Данбаева: Шетелден шипа іздейтіндер ел медицинасының әлеуетін ескермейді

Жұлдыз Данбаева: Шетелден шипа іздейтіндер ел медицинасының әлеуетін ескермейді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астана қаласы әкімдігінің №3 көпбейінді қалалық ауруханасы ресми құрылған уақыт Covid-19 пандемиясымен тұспа-тұс келген еді. Бұл жылдан-жылға кеңейіп, халқының саны көбейіп жатқан елорда медицинасындағы елеулі жаңалық болды. Ауруханаға сол қиын кезеңдерден қазірге дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор Жұлдыз Данбаева жетекшілік етеді. Жоғары санатты дәрігер жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын алды. Денсаулық сақтау саласының білгір маманымен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Жұлдыз Сейітқамзақызы, пандемия кезінде №3 көп­бейінді аурухана жанынан ашылған стационарлар індетпен күресте алдыңғы шепте болды. Екі жыл ішінде бұл ауруханада 94 мыңға жуық науқас ем қабылдағаны – осының айғағы. Көпбейінді аурухана құру туралы шешім қалай қабылданды? Бұл бастама нақты бір жағдайға, яғни Covid-19 індетіне байланысты қолға алынды ма, әлде бұған дейін жоспарланған ба еді?

– Шынында, коронавирус пандемиясы өршіп, жағдай ушығады деп ешкім күтпеді. Ұжым жаңа форматтағы жұ­мысқа енді бейімделіп жатқанда індет таралып, халықты әбігерге салды. Ал Есіл өзенінің оң жаға­лауындағы «Сарыарқа», «Нұра», «Байқоңыр» аудандарына бір көпбейінді аурухана салу – бұрыннан жоспарланған стратегиялық шешім болатын. Осыған сай 2019 жылғы желтоқсанда №3 перинаталдық орталық пен бұрынғы Дерма­товенерология орталығы бірік­тіріліп, ресми түрде №3 қала­лық көпбейінді аурухана болып құрылды. 2020 жылғы наурызда қаладағы алғашқы 100 орындық провизорлық стационар дәл осы ауру­ханада ашылды. Кейін «Ramada Plaza» қонақүйі бізге беріліп, 800 орындық стационар іске қосылды. Қиын кезеңде қаладағы 3 000 төсектік орынның 1 500-і біздің ауруханаға тиесілі болды. Сонымен қатар вирус бар-жоғын нақты анықтай алатын бұл алғашқы мекеме еді. 2020 жылғы шілдеде қоғамдық қордың қолдауымен Қытайдан коронавирусқа диагноз қоятын модульді зертхана жеткізіліп, іске қосылды. Вирус жұқтырған алғашқы науқастар бізде емделе бастады. Айтқандай, пан­демияның өршіген кезінде 94 мыңға жуық адам осы ауруханада ем қабыл-дады. Өлім-жітім деңгейі бізде төмен болды. Сонымен қатар жұқпалы вирус расталған жүкті әйелдердің босануына арналған перзентхана ретінде де жұмыс істедік. Сол екі жыл медицина саласы үшін өте ауыр кезең ретінде есте қалды. Өкінішке қарай, науқастарды емдеу жолында өмірін қиған дәрігерлер де болды. Мамандығына адал әріптестеріміздің еңбегі әрдайым жүрегімізде сақталады.

– Көпбейінді тағы бір аурухананың ашылуы страте­гиялық тұрғыда маңызды әрі дұрыс қадам болғанын айтып отырсыз. Екі жыл өтер-өтпестен аурухана балансына 1959 жылы іргесі қаланған теміржол ауру­ханасын да қосып берді. Ғимараттары әбден тозған үш медициналық ұйым біріккенде қала тұрғындарымен қоса, дәрігерлердің өзі бірнеше жыл­да ауқымды өзгеріс болады деп күтпесе керек.

– Жаңадан ашылғалы жат­қан көпбейінді аурухананың бас дәрігері болуға ұсыныс түскенде, маған үлкен міндет жүктелетінін бірден түсіндім. Ол жауапкершілік ескі меди­циналық ұйымдарды жаңартып, жаңа бөлімдер ашып, әлеуе­тімізді қаладағы бізден бөлек екі көпбейінді аурухананың деңгейіне жеткізумен байланыс­ты деп білемін. Бұл бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі, қала әкімдігі қолдап отырған соң, іс алға басып келеді. Жос­пар­ларымыз кезең-кезеңімен іске асып жатыр. Жалпы, көп­бейінді аурухана қанатының астына өткен мекемелерді ескі демесеңіз, қала медицинасында бұрыннан өзіндік орны бар ұйымдар. Мысалы, қала бойынша дерматология орта­лығы бізде ғана. Перзентхана ғимараты ескі болғанымен, беделі жоғары әрі танымал. Ондағы дәрігерлердің біліктілігі жоғары. 140 төсектік орын әйел босандыратын бөлімше бар. Жылына 8,5 мың бала дүниеге келеді. Кейінгі 10 жылда осы перзентханада ана өлімі мүлде тіркелмеген. Бала өлімі де салыстырмалы түрде өте аз. Темір жол ауруханасы да дәл солай, кеңес өкіметі тұсында қаладағы ғана емес, еліміздегі ең беделді аурухананың бірі болған. Қазір атауы көпбейінді аурухананың клиникалық блогі болып өзгерді. Осындай жетістігі бар аурухананы ғимаратынан бас­тап, материалдық-техникалық базасын түгел жаңартамыз. Бәрі ойдағыдай болса, 56-жылда қаладағы үздік ауруханалардың қатарын толықтыруға мүмкін­дігіміз жетеді.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

– Елорда әкімдігінің шеші­мімен тиісті жер телімдері бө­лініп, жаңа заманауи ғима­раттардың құрылысы бас­тал­ғанынан хабардармыз. Одан бөлек көпбейінді ауруханаға қарасты орталықтар жөндеу­ден өтіп жатыр екен.

– Қазіргі клиникалық блокта орналасқан бұрынғы темір жол ауруханасында 5 нысан бар, соның үшеуі апатты жағдайда. Осыған байланысты ескі ғима­раттардағы бөлімдерді екі кор­пусқа көшіріп, ол корпустарды күрделі жөндеуден өткіздік. Жиһаз, операция үстелдері, жарық шамдары жаңартылып, дәрігерлерге қолайлы жағдай жасалды. Болашақта бұл блокты Ш.Қосшығұлұлы көшесіндегі әкімдік бөліп берген жерге көшіру жоспарланып отыр. Қазір 300 орындық аурухананың жобалық құжаттары әзірленуде. Құрылыстың кемі 5 жылға созылатынын ескеріп, биылғы жөндеу жұмысын аяқтадық. Бұрын перзентханада балалар реанимация­сы нашар жабдықталған еді, бүгінде қажетті құрал-жабдықтар толықтырылып, нәресте өлімі 3 есе азайды. Сонымен қатар аталған көшеде 250 орындық жаңа перзентхана құрылысы жүріп жатыр, ол келесі жылдың соңында пайдалануға беріледі. Қазір травматология мен кардиология бөлімдері жоқ. Егер ескі ғимараттарды жөндесек, бұл бөлімдерді ашу жос­парда бар. Аурухана нысандарын жаңарту тура­лы ұсыныс-тілегімізді министр­лік пен әкімдікке жол­дадық. Қалай жүзеге асатынын уақыт көрсетеді.

– Өңірлерде дерматолог дәрігерлердің тапшылығы бай­қалады. Өзіңіз оқыған мамандық терапевт-дерматолог болған соң, қаладағы сіздерге қарайтын бірден-бір дерматологиялық орталықты қайта жасақтауға жіті көңіл бөлген боларсыз? Бәсеке заманында тәжірибелі мамандарды ұстап қалу мәселесі де жоқ емес.

– Қазір көпбейінді ауруханада 1 300-ден астам адам жұмыс істейді. Перинаталдық орталықта 600 адам еңбек етсе, клиникалық блокта 580 адам бар. Сосын, дерматология орталығында 150 адам жұмыс істейді. Бұл жалпы қыз­меткерлердің саны, осы қатарда дәрігерлердің үлесі 40 пайы­з. Расында, қазір өзге өңірлерде дер­матолог мамандар азайып барады. Бірақ біз ұжымды сақтап қала алдық. Қазір 16 дерматология кабинеті жұмыс істейді. Емханада, стационарда 30 дерматолог дәрігер бар. Байқасаңыздар, бүгінде балалардың көбі атопиялық дерматит, диатез болып туады. Оның себебі, біздің теңізден қашық жатқанымыз, ауа ылғалдығының, йодтың аздығы. Сосын, қазір ата-аналардың көбі жылдам дайын­далатын көше тамақтарына үйір. Біздің дерматологиялық орталыққа жергілікті емханалардан тері ауруы асқынған пациенттер келеді. Орталық соңғы рет 2008 жылы жөндеуден өтті. Тура сол маңдағы корпуста 110 төсек-орындық стационар бар. Ондағы 50 орын балаларға шақталған. Орталықтың емханасына күнделікті 400-500 адам келіп, дерматологтердің қабылдауында болады. Тиісті емшарасын алып, үй жағдайында емделеді. Бәсеке заманында тәжірибелі маманды ұстап қалу расында қиынға айналды. Бұл біздің ғана емес, барлық медициналық ұйымның бас қатыратын мәселесі деп ойлаймын. Қалаларда тәжірибелі дәрігерлер мемлекеттік емханадан шығып, жеке клиникаларға жұмыс ауыстырып жатыр. Мем­ле­кеттік ұйымдарда жалақы аз, жүктеме көп, кейбір мекемелерде жалақы кешігіп жататын сәттер болады. Мемлекеттік емханада жұмыс істейтін дәрігерлердің арасында бірнеше сағат ақылы емханада еңбек ететіндер көбейді. Дәрігерлерді бос уақытта ұстай алмайсың. Дегенмен оларды да түсінуге болады, егер жалақы тәуір болса, ешкім де екінші жұмысқа сабылмас еді. Ал дерматологиялық орталықты қайта құру мәселесіне тоқталсам, сұхбат барысында тек осы орталықты ғана емес, пери­наталдық орталық пен клини­ка­лық блокты жаңар­татынымызды айттық.

– Дерматологиялық ауруларды алғашында елемей, ауру асқынғанда сіздерге жүгінетін пациенттер кездесе ме?

– Ақпарат пен технология дамыған заманда тұрғындардың өз бетімен диагноз қойып, емделуі жиілеп кетті. Әлеуметтік желілер мен жасанды интеллект қосымшалары бұл үрдісті одан әрі күшейтті. Өкінішке қарай, шынайы медициналық білім мен тәжірибеге сүйенбестен, кеңес беретіндердің әсерінен ауруын асқындырып алатындар бар. Мысалы, Көкшетауда бір дәрігер баланың тері ауруына ас содасымен ванна қабылдауды ұсынған, соның салдарынан ауру ушығып кеткен. Диагноз қойғыш емшілерге сеніп, диатезді газеттің майымен емдеген жағдайлар да кездеседі. Сондай-ақ 12 жастағы баланы анасы Өзбек­станға апарған, бірақ ол жақта дәрі шамадан тыс беріліп, ауруы асқынып, бала кейін бізге түсті. Қазір тері ғана емес, басқа ауру түрлерімен шетелге шығатындар көбейіп, әлеуметтік желі арқылы жылу жинау да жиіледі. Бірақ нәтижесінде көмектің орнына кеселін ушықтырып алатындар көп.

– Шетелге барып емде­ле­тіндер ел медицинасының әлеуе­тін біле бермейді дегенді меңзеп отырсыз ғой?

– Иә, елордадағы жетекші медициналық орталықтар елімізде ғана емес, бүкіл Орталық Азияда көш бастап тұр. Мәселен, нейрохирургия саласы Германия, Израиль сынды медицинасы дамы­ған елдермен деңгейлес. Кардиохирургия және Ұлттық онко­логия орталықтары да – аймақтағы үздіктер. Ана мен бала ор­талығында күрделі операциялар сәтті жасалуда. Бұл орталықтардың барлығы заманауи технологиялармен жабдықталған, ал дәрігерлердің біліктілігі жоғары. Соның нәти­жесінде отан­дық науқастар шетелге шықпай-ақ осында емделіп жүр. Бұл орталықтарға салынған инвес­тиция өз тиімділігін дәлелдеп отыр. Өкінішке қарай, көпшілік мұнда МӘМС аясында өте қымбат, күрделі операциялар тегін жасалатынын біле бермейді. Ал шетел азаматтары дәл осы қызмет үшін ақы төлеп келіп жатыр.

Әңгімелескен –

Сәндібек АСАНӘЛІ,

«Egemen Qazaqstan» 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді

28 Ақпан 2026 19:38see119

Халық құрметтеген құтқарушылар

28 Ақпан 2026 14:13see114

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

28 Ақпан 2026 02:37see114

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

28 Ақпан 2026 17:30see112

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

28 Ақпан 2026 03:53see112

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

28 Ақпан 2026 15:41see111

Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз азаматтардың құқығының қорғалуы

28 Ақпан 2026 14:28see109

Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілді

28 Ақпан 2026 01:43see108

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

28 Ақпан 2026 14:28see108

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

01 Наурыз 2026 09:55see107

Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен : Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады (ФОТО)

28 Ақпан 2026 16:31see107

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

28 Ақпан 2026 15:18see107

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

01 Наурыз 2026 10:48see105

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

28 Ақпан 2026 14:05see105

Nvidia ның жаңа чиптері ChatGPT дің жауап беру жылдамдығын өсіреді

28 Ақпан 2026 14:34see105

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

01 Наурыз 2026 11:58see104

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

01 Наурыз 2026 08:37see104

Аятолла Арафи Иранның уақытша жоғары жетекшісі болып тағайындалды

01 Наурыз 2026 21:57see104

Қанаты қайырылған құстар

28 Ақпан 2026 02:37see103

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

28 Ақпан 2026 20:45see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары