Жүргізуші куәлігін алуға жәрдем беремін: Алаяқ өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астанада өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды. Үкім заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
Қала тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Салдарынан таныстарын жүргізуші куәлігін алуға және автокөлікті қайта рәсімдеуге жәрдем беремін деп алдаған. Ол жәбірленушілерден 1 миллион теңгеден астам қаражат алып, өз міндеттемесін орындамаған. Ал ақшаны өз қалауынша жұмсап тастаған.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының бірнеше рет ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын дәлелдейтін айғақ ұсынды. Кінәсін толық мойындауын және залалды өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Қала прокуратурасы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен оның құқығын иемденгені үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы сұраған.


