Жылдамдығы сағатына 90 шақырым . Алматыда электросамокатпен құйғытқан ер адам опат болды
Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
2026 жылдың 18 қыркүйегінде қалалық полиция қауіпсіздік камералары мен сол маңнан өтіп бара жатқан көліктердің бақылау камералары тіркеген осы қайғылы оқиғаның соңғы секундтарының видеосымен бөлісті.
"Түнгі уақыт. Электросамокат мінген ер адам жолдың сол жақ шетімен құйғытып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, жылдамдығы сағатына шамамен 90 шақырымды құраған. Шығыс айналма автомобиль жолында ол алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болады. Сол сәтте ол рөлге ие бола алмай қалады. Одан кейін бірнеше секунд ішінде қайғылы жағдай болды", делінген видео сипаттамасында.
Ер адамның асфальтқа құлаған, қатты соққыдан басындағы каскасы ұшып кеткен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Алайда ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қаза болған азамат 54 жаста болған.
"Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бұл - Алматыда электросамокаттың қатысуымен кісі өліміне әкеліп соққан алғашқы жол-көлік оқиғасы. Жыл басынан бері қалада электросамокаттардың қатысуымен 91 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 96 адам жарақат алған", - дейді полициядан.
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Кенияда көшкіннен 21 адам опат болды
02 Қараша 2025 15:13
Вьетнамда дауылдан 5 адам опат болды
08 Қараша 2025 01:32
Индонезияда көшкіннен 303 адам опат болды
29 Қараша 2025 20:57
Ауғанстанда тасқыннан 17 адам опат болды
02 Қаңтар 2026 12:03
Индонезияда көшкіннен жеті адам опат болды
24 Қаңтар 2026 15:27
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қыркүйек 2026 17:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















