Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Жылу желілері жөнделді

Жылу желілері жөнделді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қаладағы жылу өндіру көздері, сорғы станcалары, жылу желілері мен әлеуметтік нысандар қысқы кезеңге әзірленді. Сонымен қатар жылу инфрақұрылымын жаңғырту бағытында бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көмір қоры қалыптастырылды.

Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарма­сының басшысы Рзабек Меңдіқұловтың айтуынша, биылғы жылыту маусымына дайындық бекітілген іс-шаралар жоспа­рына сәйкес жүргізіліп, барлық негізгі жұмыстар белгіленген мерзімде орын­далған. Қала бойынша қысқы кезеңге дайындықты қамтамасыз ету үшін ком­муналдық инфрақұрылым мен әлеу­меттік нысандардың әзірлігіне ерекше назар аударылған. 

– Қалада жылыту маусымына дайын­дық жұмыстары жоспарға сәйкес толық аяқталды. Бүгінде 31 дербес қазандық пен 17 сорғы стансасы 100 пайыз дайын. Сондай-ақ 2 241 көпқабатты тұрғын үй мен 463 бюджеттік мекеменің барлығы қысқы кезеңге әзірленді. Оның ішінде 255 білім беру, 90 денсаулық сақтау мекемесі және спорт, мәдениет, жұмыс­пен қамту салаларындағы 118 нысанның дайындығы толық қамтамасыз етілді, – деді басқарма басшысы.

Жылыту маусымының тұрақты өтуі ең алдымен жылу өндіруші кәсіпорын­дардың техникалық дайындығына бай­ланысты. Осы бағытта «3-Энерго­орталық» АҚ-ның негізгі құрал-жабдық­тарын қысқы кезеңге әзірлеуге 1 млрд 61,5 млн теңге қарастырылған. Бөлінген қаражат есебінен жоспарланған жұмыс­тардың барлығы толық орындалған. Сонымен қатар жылумен жабдықтаушы «3-Энергоорталық» АҚ мен «Қуат­жылуорталық-3» мемлекеттік комму­налдық кәсіпорны жылыту маусымына дайындық паспорттарын алған.

Қаладағы жылу инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары да биылғы дайын­дықтың маңызды бағытының бірі болды. Ұлттық жоба аясында жалпы құны 5,8 млрд теңгені құрайтын бір жоба жүзеге асырылуда. Жобаның мердігері – «Алматыинжстрой» АҚ. Кәсіпорын екі нысандағы жұмыстарды толық аяқтаған. Нәтижесінде, жалпы ұзындығы 895 метр болатын жылу құбырлары ауыстырылды. Қазір жаңартылған құбырлар арқылы тұтынушыларға жылу тұрақты беріліп отыр. Бұдан бөлек, 2026-2027 жылдар­дағы жылыту маусымына дайындық ая­сында қаладағы 20,7 шақырым жылу желісіне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 1 млрд 531,7 млн теңге бөлінген. Жоспар­ланған монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта жөндеу жүр­гізілген аумақтарда қазылған жерлерді қалпына келтіру, асфальт төсеу жұмыс­тары жалғасуда. Бұл жұмыстар жылу желілерінің сенімділігін арттырып қана қоймай, қыс мезгілінде туындауы мүмкін апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Қысқы маусымның тағы бір маңызды мәселесі – қатты отынмен қамтамасыз ету. Биыл Шымкент қаласының жылыту кезеңіне қажетті көмір көлемі 22,1 мың тонна болып белгіленген. Оның 4,8 мың тоннасы бюджеттік мекемелер мен дербес қазандықтарға, ал 17,3 мың тоннасы жеке тұрғындардың қажет­тілігіне арналған. Қазір қала аумағындағы сегіз теміржол тұйығында алты өңірлік көмір операторы жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Азамат Мұнай», Vip-M, «Экзинит», «ГранСбытКомир-М», «Санас» және BEST жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері халықты қатты отынмен қамтамасыз етуге атсалысуда.

Бүгінге дейін қалаға шамамен 62 мың тонна көмір жеткізілген. Оның ішінде қазіргі уақытта көмір қоймаларында 15 мың тоннадан астам қор бар. Бұл көрсеткіш белгіленген маусымдық қажеттіліктен едәуір жоғары. Демек, көмір жеткізу мен оны өткізу бағытында тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүр­гізіліп, тұрғындардың сұранысын қам­тамасыз етуге қажетті мүмкіндік қалып­тасқан.

Жалпы, биылғы жылыту маусымына дайындық барысында тек қазандықтар мен жылу желілерінің техникалық жай-күйіне ғана емес, тұтынушыларды үздік­сіз жылумен қамту мәселесіне де басым­дық берілген. Жылу инфрақұрылымының дайындығы, жөндеу жұмыстарының сапасы, көмір қорының жеткіліктілігі және коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы өзара үйлестірілген. Шымкент қаласы әкімінің 2026 жылғы 23 қазандағы №47 өкіміне сәйкес, сол күннен бастап орталықтандырылған жылу желілері арқылы тұтынушыларға жылу толық көлемде беріле бастады. Осылайша, қалада 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы ресми түрде басталып, жылу беру жүйесі штаттық режимде жұмыс істеуде.

Рзабек Меңдіқұловтың мәлімдеуін­ше, жылыту маусымының тұрақты әрі үздіксіз өтуі қала әкімдігінің тұрақты ба­қы­лауында. Тиісті коммуналдық қыз­меттер мен жауапты мекемелер жылу жүйе­лерінің жұмысын қадағалап, туын­дауы мүмкін мәселелерге жедел ден қоюға дайын.

Қорыта айтқанда, Шымкентте қыс­қы кезеңге дайындық кешенді түрде жүргізілді. Жылу көздері мен әлеуметтік нысандардың әзірлігі қамтамасыз етіліп, жылу желілерінің бірқатар учаскесі жаңартылды, көмір қоры қалыптас­тырылды. Ендігі міндет – атқарылған жұмыстардың нәтижесін сақтап, қала тұрғындарын бүкіл қыс бойы сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2026 08:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары