Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

12 тамыз Каспий теңізі күні

12 тамыз Каспий теңізі күні

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Осыдан 20 жыл бұрын дәл осы күні Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция, яғни Тегеран конвенциясы күшіне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Каспий теңізі күні қарсаңында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «Caspian Sea Action Week 2026» халықаралық волонтерлік апталығы өткізілуде.

Апталық іс-шараларына Каспий маңы мемлекеттері – Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Иран және Түрікменстанның делегациялары, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері, волонтерлер, экологиялық белсенділер, сарапшылар мен жастар қатысты.

6 тамызда Халықаралық волонтерлік апталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

6–7 тамызда экологиялық мониторингтің заманауи технологияларына және Каспий маңы елдері жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулерге арналған халықаралық семинар мен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шаралар Каспий маңы мемлекеттерінің өкілдерін, сарапшыларды, ғалымдар мен қоғам өкілдерін біріктіріп, тәжірибе алмасуға және Каспий теңізінің бірегей экожүйесін сақтау мақсатында ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Келесі күндері мазмұнды экологиялық және ағартушылық бағдарлама жүзеге асырылды. «Бір Каспий – бір болашақ» фасилитациялық сессиясы және «Caspian Team Building» іс-шарасы барысында қатысушылар Каспийді сақтаудың ортақ мақсаттары мен тәсілдерін талқылап, тәжірибе алмасты және түрлі елдердің волонтерлік қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтты.

Негізгі іс-шаралардың бірі 8 тамызда Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың қатысуымен өткен «Caspian Clean Challenge» халықаралық экологиялық марафоны болды. Волонтерлер плоггинг форматында жағалау аумағында ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізіп, қалдықтарды жинау және сұрыптауды жүзеге асырды, сондай-ақ экологиялық бастамалар мен жасыл технологиялармен танысты. Сол күні «Каспий өңірі волонтерлерінің достық аллеясы» ашылып, онда 80-нен астам ағаш отырғызылып, болашақ ұрпаққа арналған үндеулер жазылған «Уақыт капсуласы» орналастырылды.

9 тамызда Бозжыра шатқалында «Bozzhyra Clean Up» акциясы өтті. Қатысушылар Маңғыстаудың бірегей табиғи ландшафтарымен танысып, табиғи аумақтың тазалығын сақтауға бағытталған экологиялық сенбілік өткізді.

Апталық аясында экологиялық проблемаларды шешудің заманауи жолдарын іздеуге ерекше көңіл бөлінді. 10–11 тамызда «Caspian Innovation Lab» халықаралық хакатоны өтті. Оның қатысушылары Каспий өңірінің экожүйесін сақтауға бағытталған жобаларды әзірлеп, сарапшылар назарына ұсынды. Сонымен қатар TED форматында ашық микрофон ұйымдастырылып, ол экобелсенділер мен сарапшылар арасында тәжірибе алмасуға және өзекті экологиялық мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды.

Апталықтың қорытынды іс-шарасы 12 тамызда өтетін «Caspian Talks» халықаралық волонтерлер саммиті болады. Саммит волонтерлік қозғалыс пен сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктіреді. Саммит аясында халықаралық хакатон жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және тәжірибе алмасу мен өзекті экологиялық сын-қатерлерді талқылауға арналған панельдік сессия өткізіледі. Апталық салтанатты жабылу рәсімімен аяқталады.

Осылайша, «Caspian Sea Action Week 2026» экологиялық акцияларды, волонтерлік бастамаларды, сараптамалық диалог пен жастар ынтымақтастығын біріктірген халықаралық алаңға айналды. Өткізілген іс-шаралар Каспий теңізін сақтау мәселелеріне назар аударуға, экологиялық мәдениетті дамытуға және өңір елдері өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Тамыз 2026 09:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see151

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see149

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see144

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see142

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see125

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see125

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see122

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see121

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see119

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see118

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see117

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see115

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see115

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see115

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see115

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see115

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see114

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары