Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

2050 жылы әлем халқының 70% і қалада тұрады

2050 жылы әлем халқының 70% і қалада тұрады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Халық ауылдан қалаға көшіп жатыр. Жалғыз біз емес, БҰҰ мәліметіне қарағанда қазір жер тұрғындарының шамамен 45%-і шаһарларда, 19%-і ауыл-аймақтарда тіршілік етеді. Қалған бөлігі шағын қалаларда орналасқан. Ал 2050 жылға қарай халықтың 70%-і мегаполистерге шоғырланады. Демек урбандалу үдерісі бұрын-соңды болмаған қарқын алған.  

Ауылдан қалаға үдере көшкен халық саны жыл сайын көбейіп келе жатқаны белгілі. Келешекте қалалықтардың үлесі тағы артпақ. БҰҰ-ның деректеріне сәйкес енді 25 жылда жер бетіндегі адамдардың 70%-і қалаларда тұрады. Жұрт қаланың өмір сүру сапасы жақсырақ, білім алу, медицина деңгейі жоғары деп есептейді. Урбандалу деңгейі бойынша Қатар мемлекеті көш бастайды. Халықтың 99%-і қалада тұрады. Қалалықтар үлесі Бельгия, Аргентина және Жапонияда да жоғары. Ал АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия мен Германия тұрғындарының басым бөлігі қалада өмір сүруді жөн көреді.

Айуб Шарифи, Хиросима университетінің профессоры:

- Бар үміт «ақылды» қалаларда. Қоршаған ортаға залалы жоқ көліктер мен инфрақұрылым жасақтай алған шаһарлар ғана адам өмірі үшін жайлы болмақ. Яғни энергия мен суды пайдаланудың тиімділігін арттырған жөн. Ол үшін ғылым мен озық технология қажет.

Әлемдегі ең ірі мегаполистер қатарын Джакарта бастап тұр. Қала халқының саны 42 миллионнан асады. Екінші орында Бангладеш астанасы Дакка. Шамамен 40 миллион халқы бар. Үшінші орында Токио. Онда тұрғындар саны 37 миллионға жеткен. Сарапшылар 2050 жылға қарай мұндай ірі қалалардың саны 37-ге дейін жетеді деп болжайды.

Сара Хертог, БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің өкілі:

- Әлемдегі мегаполистердің жартысынан көбі Азияда орналасқан. Қазір көш басында Джакарта тұр. Алайда болжамдарға сәйкес қарқынды өсіп келе жатқан Бангладеш астанасы Дакка 2050 жылға қарай Джакартаны басып озып, әлемдегі ең ірі қалаға айналады.

Әлемнің 62 елінде халықтың басым бөлігі әлі де шалғай елді мекендерде тұрады. Еуропадағы Аустрия, Болгария, Финляндия және Румыния халқы әлі де болса ауыл-аймақтарда өмір сүргенді жөн санайды.  Сол сияқты Сахараның оңтүстігіндегі Чад, Мозамбик, Эсватини мен Замбияда да жағдай ұқсас. Алайда мұндай аймақтарда құрғақшылық пен тасқын сияқты табиғи апаттар көп. 

Минке Ван Уингерден, шаруа қожалығының иесі:

- Климат өзгерді деп бірден қалаға қоныс аударудың еш мәні жоқ. Тек бейімделе білу керек. Керісінше, өзен мен мол судың ортасында отырып, қала тұрғындары үшін табиғи, құнарлы азық-түлік дайындап, көп пайда табуға болады.

Урбандалу барлық жағынан жоғары дамыған елдерде әрі қарай өсе береді. Мамандардың болжамы осы. Алайда бұл үрдіс инфрақұрылымға, экологияға және халықтың тұрмыс сапасына жаңа талаптар жүктейді. Сол себепті сарапшылар қалалар мен ауылдық аймақтардың тең дамуы урбанизацияның тиімді жолы екенін алға тартады.

Авторы: Динара Орынтай

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 10:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары