Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

30 жыл бойы тойланған Конституция күні қалай өзгерді

30 жыл бойы тойланған Конституция күні қалай өзгерді

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Биылдан бастап Қазақстанда 30 тамыз ұлттық мереке күні емес. Бұдан былай Конституция күні 15 наурызда тойланады. Себебі дәл сол күні Ата заңның жаңа нұсқасы жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Sputnik Қазақстан ескі Конституцияға қатысты қызықты деректерді ұсынады.

Ең алғашқы нұсқасы неге өзгерді

Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Конституциясы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған болатын. Оған дейін 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясын қолданған.

Егемен елдің алғашқы Ата заңы қабылданса да, осы құжатта ескі әкімшіл-әміршіл ережелер көп болды. Атап айтқанда, адамның жеке құқығы мен бостандығы, үкімет билігін жүргізу нысандары, демократиялық институттардың қызметі нақты айқындалмаған еді. Содан араға екі жыл салып, 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум өткізілді. Соның нәтижесінде 9 тараудан және 98 баптан тұратын жаңа Конституция қабылданды.

Былтыр 30 жылдық тарихы бар Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болған.

Назарбаевтың тұсында неше рет өзгеріс енгізілді

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында Конституцияға бес рет өзгеріс енгізілген болатын. Негізгі кезеңдер:

1998 жыл, 7 қазан. Президент жасына қатысты шектеуді алып тастады. Парламент палаталарының өкілеттелік мерзімі де нақтыланып, мәжілістегі мандаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен таратыла бастады.

2007 жыл, 21 мамыр. Мәжіліс депутаттары толығымен партиялық тізіммен сайланатын болды, ал Конституцияға "бір адам қатарынан екі реттен артық республика президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстанның тұңғыш президентіне – Елбасыға қолданылмайды" деген түзету де енгізілді.

2011 жыл, 2 ақпан. Конституцияға "Елбасы" анықтамасы енгізілді, оған кезектен тыс сайлауды жариялауға өкілеттілік берілді. Ата заңда Назарбаев "жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы" деп аталды.

2017 жыл, 10 наурыз. Қауіпсіздік кеңесі Қазақстанның бас конституциялық органына айналды, үкімет президентке ғана емес, парламентке де есеп беретін болды.

2019 жыл, 23 наурыз. Конституцияда Қазақстанның елордасы – Астана қаласының атауын "Нұр-Сұлтан" деп ауыстырды. Бірақ үш жылдан кейін қаланың бұрынғы атауы қайтарылды.

Осылайша, Қазақстанда суперпрезиденттік басқару формасы қалыптасты. 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін Тоқаев осы жүйені өзгертуге кірісті.

Тоқаев енгізген өзгерістер

2022 жылдың 5 маусымында Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтті. Соның нәтижесінде Конституциядан суперпрезиденттік басқару формасын алып тастады. Есеп беретін үкімет мен ықпалды парламенті бар президенттік республикаға басымдық берілді. Негізгі өзгерістер:

Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде тұңғыш президент туралы тұжырым және оның Елбасы (ұлт көшбасшысы) мәртебесі алынып тасталды.

Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқару құқығынан айырылды.

Мәжіліске аралас жүйемен сайлау енгізілді, ал депутаттардың саны 107-ден 98-ге дейін қысқартылды.

Мемлекет басшысына қандай да бір партияны басқаруға тыйым салынды.

Президенттің жеті жылға бір рет қана сайланады.

Сондай-ақ қазақстандықтар оған өз бетінше жүгіне алатын Конституциялық сот құрылды. Өлім жазасына түбегейлі тыйым салынды. Қазақстанда адам құқықтары мен бала құқықтары уәкілдерінен бөлек халықтың осал санаттарының құқықтары мен бизнес омбудсмендер құрылды.

Жаңа Конституция қалай қабылданды

2025 жылы президенттің жолдауы кезінде бір палаталы парламент – Құрылтайды құруға ұсыныс жасалды. Ал ондай бастаманы іске асыру үшін Конституцияға тағы өзгеріс енгізу керек. Арнайы комиссия құрылды. Оған тағы жан-жақтан ұсыныс түсті. Артынан комиссия мүшелері жаңа Конституция қабылдау керек деген шешімге келген. Себебі Ата заңның 84 пайызын жаңартуға тура келеді. Негізгі өзгерістер:

бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайды құру;

вице-президент институтын енгізу;

Қазақстанның Халық Кеңесін құру;

адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бапты алғаш рет бекіту;

зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;

азаматтардың құқықтарына кепілдік беруді күшейту (жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күшіне жол бермеу, құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартпау);

кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қарау міндеті;

"Миранда ережесін" бекіту.

Бұдан бөлек, парламент Конституцияға өзгеріс енгізе алмайды. Ондай шешімдер тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданады. Ата заңның қалай өзгергенін мына жерден оқуға болады.

Келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Президенттің айтуынша, жаңа Конституция – көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық көрінісі.

"Біз Халық Конституциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылдадық. Ата заң – қуатты, күшті, бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы. Заман талабына сай жаңғырған бас құжат мемлекеттігіміздің сан ғасырлық тарихынан хабар береді. Қазіргі Конституция нағыз Ұлт заңы деген атқа лайық. Оның өне бойында бабаларымыз аманат еткен елдік пен ерлік рухы, салт-дәстүр, жасампаздық және жаңашылдық ұғымдары тоғысқан", - дейді Тоқаев.

Жаңа Конституцияның ең басты мақсаттары – жеріміздің тұтастығын, еліміздің Тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, қоғамдық әділет пен заң үстемдігін нығайтуға кепілдік беру, сондай-ақ білім, ғылым, инновация мен мәдениетті дамыту, тазалықты дәріптеп, табиғатты қорғауды қамтамасыз ету.

Осылайша Қазақстанның негізгі құжаты тағы жаңарып, әлемдегі ең жас Конституциясы деген атақты сақтап қалды. Ал 30 жыл бойы тойланған ұлттық мерекенің уақыты өзгерді. Бұдан былай Конституция күні 15 наурызда тойланатын болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Тамыз 2026 09:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see134

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see103

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see103

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see103

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары