Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

30 жылдай мұғалім болған шығысқазақстандық әйел қалай бір жылда әлемнің үздік садақшысы атанды

30 жылдай мұғалім болған шығысқазақстандық әйел қалай бір жылда әлемнің үздік садақшысы атанды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

— Садақ ату спортымен қашаннан бері айналысып келесіз?

— Бұл спорт түрімен шұғылданып келе жатқаныма 1 жыл ғана болды. Былтыр жаз кезінде бастағанмын. Келінім садақ алып келгенде бәрімізге қызық болып, қолымызға ұстап көрдік. Атып та көрдік, әрине. Бірақ алғашқыда жебелеріміз нысанаға тимей, жан-жаққа ұшты. Кейін үйрене бастадық.

— Не себепті осы спорт түрін таңдадыңыз?

— Негізі бала кезде ауылда ағаштан садақ жасап, ұлдардың арасында атып ойнайтынбыз. Бәлкім содан да болар, садақты көргенде бірден қызықтым. Күйеуім де, келінім де садақ атып жүргендіктен бір жағынан хобби ретінде айналысқым келді. Қолымнан келеді екен. Бірақ оп-оңай болды деп айта алмаймын. Балаларға арналған садаққа қарағанда нағыз садақтың салмағы ауыр болады. Одан жебе атудан бөлек көтеріп ұстап тұрудың өзі жеңіл шаруа емес. Әрі нысанаға дөп тию үшін көздеуің керек. Қолың, иығың ауырады.

Сөйтіп, осы спорт түріне бет бұрып кеттік. Қорамсаққа қол салып, жебені зуылдатып атқанда ерекше сезімге бөленіп, қарбалас жұмыстан демалып, бір серпіліп қаласың.

Фото: Аяш Қабдоллаеваның жеке архивінен

— Жұмыс демекші, сіздің негізгі жұмысыңыз қандай?

— Глубокое кентіндегі О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебінде 25 жыл бастауыш сынып мұғалімі болдым. Ал 2022 жылдан бастап Балалар шығармашылық үйінде «Атамұра» қолданбалы өнер үйірмесінің жетекшісі болып жұмыс істеп келемін. Балаларға жүн түтітіп, тақия тігіп, сурет салдырып, қоржындар, сандықшалар жасауды үйретемін. Өзім шығармашылыққа жақын адам болғандықтан жұмысымды жақсы көремін. Апам қолөнер шебері болған. Ол кісі құрақ құрап, тоқыма тоқып, кесте тіккен. Сондықтан маған бұл қасиет қанмен берілген деп ойлаймын.

— Садақ атудан алғаш рет қандай жарысқа барып көрдіңіз?

— Жалпы садақты қолға ала салып атып кетемін деп ойлау — әбестік. Ол үшін тынбай еңбектеніп, үздіксіз жаттығу керек. Бір сәтте бірнеше әрекетті үйлестіре білуің қажет. Ол тұрған тұрысыңнан бастап көздеп атуыңа дейін. Мен күн сайын жаттығып жүрдім. Жұмыстан келген соң үй шаруасын бітіріп тастап, міндетті түрде кем дегенде 2 сағат далада дайындалдым. Кейде тіпті қараңғы түскенге дейін 4-5 сағат садақ ататынмын. Жұбайым нысаналар жасап қойған. Соларды 50, 60 метрге қойып атып, мергендігімді шыңдай бердім.

Алғашқы жарысым былтыр жаз кезінде болды. Жыл сайын облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы аудандар арасында халықтық спорт ойындарын өткізеді. Сондағы садақ атудан жұптық жарысқа жұбайым екеуіміз қатысып, бірінші орын алдық. Содан барып жекелей сындарға түсе бастадым. Әуелі кішігірімнен бастап, кейін облыстық додаларда бақ сынадым. Шығыс Қазақстанның чемпионы атанған соң республикалық жарыстарға бет бұрдым. Биыл «Ақ бидай» турнирінде жеңімпаз болғаннан кейін алғаш рет әлемдік деңгейдегі жарысқа баруға бел будым. Осылайша, Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласындағы Әлем кубогінде «Мишень жамбы» жеке сынағында 130-дан астам әйел спортшының арасынан бірінші орын алу бұйырды.

Фото: Аяш Қабдоллаеваның жеке архивінен

— Сол Әлем кубогі қандай деңгейде өтті?

— Халықаралық жарысқа әлемнің әр түкпірінен 537 спортшы келді. Бәрі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Осы 500-ден астам адамды бір сәтте бірнеше нысана бойынша тұрғызып атқызды. Әр қатысушының орны, уақыты алдын ала есептеліп, бекітіліп қойған. Сондықтан жарыста у-шу, дау-дамай болмады.

— Шешуші сәтте уайым болды ма?

— Бір жыл үзбей дайындалғанның арқасында осындай нәтижеге қол жеткізе алдым. Бірақ әлбетте уайым деген болады. Сол қобалжуды дер кезінде тізгіндеп отырсаң ғана жеңіске жете аласың.

— Сіз үшін ең есте қалған жарыс сәті қайсы?

— Финал кезі. Екі адам шығып бірінші орынға таластық. Соңғы меже, шешуші сәт. 3 раунд 5 оқтан атамыз. Барлық ойым — жамбыға оқ тигізу болып тұрғандықтан ба үшінші раундтың біткенін аңдамай да қалыппын. Әр раундтан соң оқ жинауға барамыз. Тағы да атамын деп ойлап, оқ жинауға бара жатсам артымнан бапкерім айқайлады. Сөйтсем, жарыс бітіп, жеңімпаз атанған екенмін. Бұл мен үшін қызық жайт болды. Ең есте қалған осы сәт шығар.

Фото: Аяш Қабдоллаеваның жеке архивінен

— Шәкірттеріңізге спорт пен шығармашылықты үйлестіру жөнінде қандай кеңес берер едіңіз?

— Тек бір дүниемен айналыспай, өздерін әр бағытта сынап көрсе деймін. Адам қызықса бәріне уақыт табуға болады. Ең бастысы, еріншектікті жеңу керек. Шығармашылықтан бөлек, спорттың бірнеше түрімен шұғылданып, арасынан ұнайтынын таңдап алады. Ата-аналарға да үнемі «балаларыңызды жан-жақты қылып дамытыңыздар» деп айтып келемін. Баланың жақсы қасиеттері, ерекше қабілеттері сонда ашылады.

Фото: Аяш Қабдоллаеваның жеке архивінен

— Садақ ату спортының адамға берер пайдасы қандай?

— Пайдасы ұшан-теңіз. Ең әуелі шыдамдылыққа үйретеді. Өйткені шыдамсыздар садақ атуды меңгере алмай, жарты жолда тастап кететінін көріп жүрміз. Содан соң көзге пайдалы. Себебі нысанаға алыстан көздеп атамыз. Садақ ату — тек көру қабілетіңе ғана емес, барлық денеңе жаттығу. Кейбіреулер садақты ұстап, тартып, жебені атсаң болды деп ойлайтын шығар. 60 метрден атқанда оқтарды қайта-қайта жинағанда аяғың да талады.

Бұл спорт түрі балалардың мінезін де жөндейді дер едім. Психологиялық тұрғыда шыңдалып, салмақтырақ бола түседі.

— Әңгімеңізге көп рахмет!

Еске салсақ, осыған дейін қазан айында Атырауда кәсіби садақшылар бас қосқаны хабарланған. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қараша 2025 18:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары