Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

300 млн теңге заңсыз есептелген: Атырауда кәсіпкерлер проблемаларын ашық айтты

300 млн теңге заңсыз есептелген: Атырауда кәсіпкерлер проблемаларын ашық айтты

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Облыс прокурорының қатысуымен өткен форумда кәсіпкерлер алғаш рет жобалардың тежелуіне және компаниялардың шығынға ұшырауына себеп болып отырған мәселелерді ашық атады. Бизнес өкілдері заңсыз тексерулерден бастап, негізсіз жоғары тарифтерге дейін мәселе көтерді, ал прокурорлар заң бұзушылықтардың бар екенін растады.

Атырауда өткен форумда кәсіпкерлер мен инвесторлар әкімшілік кедергілерді, негізсіз тексерулерді және кейбір мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілген қысымды талқылады. Әңгіме ашық болды: қатысушылар мәселелерін тек қадағалаушы органдар арқылы ғана шешіп жатқанын жасырмады. Өңірде көптеген процестердің дұрыс жұмыс істемейтіні де сөз болды. Инвесторлар өз сауалдарын қойып, түсініктемелер алды және қалыпты жұмыс істеу үшін не қажет екенін нақтылады.

Кездесуден кейін облыс прокуратурасы аппаратының басшысы Әділет Нұрбаев журналистерге Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті «Тексолтранс» ЖШС-не қатысты заңсыз камералдық бақылау жүргізгенін айтты. Бұл заңбұзушылық прокурорлық тексеріс актісімен расталды. Прокуратураның араласуымен кәсіпкер 200 млн теңге қаражатын сақтап қалды.

Прокуратураның мәліметінше, соңғы екі жылда 16 200 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Соның ішінде соңғы 11 айда 15 мыңнан астам кәсіпкер мен 12 инвестордың мүддесі қорғалды. Бұл 12 инвестордың жобаларының жалпы құны – 176,8 млрд теңге. Көптеген заңбұзушылықтар монополия, мемлекеттік сатып алу және негізсіз тексерулер саласында тіркелген.

Әділет Нұрбаевтың айтуынша, прокурорлық қадағалау нәтижесінде мемлекеттік органдардың 62 актісі жойылған, сондай-ақ екі заңсыз тексерістің алдын алу мүмкін болған. Ол тағы да «Тексолтрансқа» қатысты жағдайды мысалға келтіріп, құқық бұзушылық прокурорлық бақылаудан кейін ғана тоқтатылғанын атап өтті.

Инвесторлардың құқықтарына тоқталған ол, проблемалардың көбі жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылымға қосылу және бақылаушы органдардың негізсіз тексерулер жүргізу әрекеттеріне байланысты болатынын айтты.

Облыс прокурорының инвестициялық жобалар жөніндегі аға көмекшісі Асланбек Байбосынов монополист компаниялардың көрсетілмеген қызметке ақы алып, тарифтерді негізсіз көтеріп, өз шығындарын тарифке қосқанын жеткізді. Прокурорлық қадағалау актілерінен кейін тарифтер қалпына келтіріліп, заңсыз әрекеттер тоқтатылған.

Полиция жұмысында да бұзушылықтар анықталған: рейд кезінде қызметкерлер құрылыс нысандарына заңсыз кіріп, шетел азаматтары мен кешкі уақытта ата-анасыз жүрген кәмелетке толмағандарды тексерген. Кейбір тінтулер тиісті құжаттарсыз жүргізілген. 

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алуларында да заңбұзушылықтар болған – кәсіпкерлер конкурс жеңіп алғанына қарамастан, оларға келісім беруден себепсіз бас тартқан. Жалпы 300-ден астам мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 71-і әкімшілік жауапқа тартылған.

Кездесу соңында «Теплый Дом Атырау» ЖШС кәсіпкері бұрыннан келе жатқан мәселесін көтерді: компания өндірісті кеңейту үшін қосымша жер телімін ала алмай жүр екен.

— Бұл жерде көптеген электр желілері өтеді, сондықтан жерді игеру мүмкін емес. Біз ол жерге парк, сквер жасап, аумақты жандандыруды қалаймыз — бұл көрінетін, халық көп жүретін жер. Өз қаражатымызға игеруге де, сатып алуға да дайынбыз. Қайда жүгінген дұрыс? — деді құрылыс және жылу оқшаулағыш материалдарын шығаратын кәсіпорын өкілі.

Оған форумнан кейін «Атырау-Жарық» АҚ басшылығымен және қалалық әкімдікпен бұл мәселені талқылау ұсынылды.

Прокурорлар атап өткен ең резонансты жағдайлардың бірі — «Сев Каспий Фиш» ЖШС-не қатысты 300 млн теңге көлеміндегі заңсыз кедендік төлемдердің қосымша есептелуі болды. Кеден органдары тауарларды қате жіктеген. Компания Шортанбай балық зауытын жаңғырту үшін Еуропадан жабдықтар әкелген. Жоба құны — 12 млрд теңге.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде инвестор бұл төлемдерден толық босатылды, ал кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен видеоны түсірген автор

Бүгін, 11:58

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 13:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары