Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Ата аналар тілегін тыңдады

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

Қазақстандық өз әкесін сотқа берді енді ол ай сайын оған 40 мыңнан төлейтін болады

Зеленский Трамппен сөйлескені және Нью Йорктегі алдағы кездесу туралы айтты

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

336 тонна қалдық жиналды : Бурабай қоқыстың астында қалып бара ма?

336 тонна қалдық жиналды : Бурабай қоқыстың астында қалып бара ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Күн ысыған тұстың әр маусымында туристер легімен қайта «жанданып», табиғат пен адам ықпалы қатар тоғысатын кеңістікке айналады. Алайда бұл жандану өзімен бірге экожүйеге түсетін салмақты да еселей түсірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Ресми деректерге көз жүгіртсек, осы жылдың 15–22 маусым аралығында ғана «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 70 мыңнан астам адам келген. Туристік ағынның артуы табиғи аумаққа түсетін қысымды күрт күшейтіп отыр. Сол қысымның ең көрінетін салдары – қоқыс көлемі.

Парктің ресми мәліметіне сәйкес, осы қысқа мерзім ішінде аумақтан 116 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылған. Ал маусым айының басынан бері жиналған қоқыс көлемі 336 тоннаға жеткен. Мамандар мұны шамамен салмағы 220 жеңіл автокөлікке тең деп бағалап отыр. Ең алаңдатарлығы – бұл көрсеткіштің жай ғана статистика емес екені.

Мамандардың айтуынша, тек бір айдың өзінде жиналған қалдық көлемі жыл басынан бергі алғашқы бес айда шығарылған қоқыстан да асып түскен. Бұл – жазғы туристік маусымның экологиялық тепе-теңдікке тікелей ықпал етіп отырғанын айқын көрсетеді.

Табиғат тынысы мен адам ықпалы

Табиғат жанашырлары үшін Бурабай – тек демалыс орны емес, экожүйесі нәзік табиғи кешен. Сондықтан әрбір артық салмақ – тек эстетикалық мәселе емес, ұзақмерзімді экологиялық қауіп. Осыған байланысты «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекциясы рейдтік іс-шараларды күшейтіп отыр. Мамандардың айтуынша, жазғы туристік маусымға арнайы жоспар бекітіліп, құқық қорғау органдарымен бірлескен бақылау күшейтілген.

– Табиғатты қорғау режимін бұзу деректерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар инспекторлар күнделікті бақылау жұмыстарын атқарып отыр», – дейді «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметінен.  

Заңбұзушылық: табиғаттағы ұсақ әрекет – үлкен салдар

Ресми ұсынылған деректерге қарағанда, тек өткен демалыс күндерінің өзінде ғана 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға табиғи аумақ ережелерін бұзу фактілері бойынша айыппұл салынған.

Атап айтқанда, автокөлікті рұқсат етілмеген жерге жүргізу, орман ішіне кіру, арнайы белгіленбеген аумақта шатыр тігу сияқты әрекеттер тіркелген.

Мамандар мұндай ұсақ көрінетін әрекеттердің өзі табиғатқа ұзақмерзімді зиян келтіретінін айтады. Себебі көлік доңғалағы таптаған топырақ қалпына келуі үшін аса ұзақ жылдар қажет. Ал рұқсатсыз демалыс орындары табиғи тепе-теңдікті бұзады.

Туризм дамуы – жауапкершілікпен қатар жүруге тиіс

Парк өкілдері келушілерге алдын ала бағыт жоспарлауды, тек ресми демалыс аймақтарын пайдалануды және табиғатқа ұқыпты қарауды ескертеді. Олардың айтуынша, бүгінгі басты міндет – туризмді шектеу емес, оны мәдениетті әрі экологиялық жауапкершілікпен дамыту. Өйткені Бурабайдың табиғи байлығы – тек аймақтың ғана емес, елдің ортақ бренді. Ал брендтің болашағы әрбір келушінің әрекетіне тікелей байланысты.

Қоқыс көлемінің артуы, рейдтердің күшеюі және айыппұл санының көбеюі – жай ғана әкімшілік дерек емес. Бұл табиғаттың адам әрекетіне беріп отырған үнсіз сигналы іспетті. Бурабай бүгінде бір сұрақтың алдында тұр. Туризм табиғатты байыта ма, әлде оны қажыта ма? Жауап табиғатқа келген әрбір адамның жауапкершілігінде болмақ.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see169

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see165

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see159

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see156

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see155

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see151

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see150

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see150

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see140

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see138

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see137

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see134

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see124

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see123

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see122

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see120

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

21 Қыркүйек 2026 18:39see120

Қазақстандық өз әкесін сотқа берді енді ол ай сайын оған 40 мыңнан төлейтін болады

21 Қыркүйек 2026 11:14see120

Зеленский Трамппен сөйлескені және Нью Йорктегі алдағы кездесу туралы айтты

21 Қыркүйек 2026 08:01see119

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары