Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

36 жастағы ауыл әкімі өз ауылына 345 млн теңге инвестиция тартқан

36 жастағы ауыл әкімі өз ауылына 345 млн теңге инвестиция тартқан

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау бастамасын көтерген еді. Сол уақыттан бері еліміз бойынша 2 334 ауыл әкімі сайланған. Бүкіл билік жүйесінің тірегі саналатын ауыл әкімдерінің ішінде нақты нәтиже көрсетіп жатқандары жеткілікті. Солардың бірі – Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Медет Бекжанов, деп жазады Egemen.kz.

Фото: amanatpartiasy.kz

36 жастағы Медет Бекжанов Тәңірберген ауылына «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша барған. Аталған ауылда еңбек жолын музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған Медет Бекжанов қоғамдық істерде белсене көзге түсіп, 2022 жылы ауыл әкімі болып сайланған. Тәңірберген ауылының әкімі «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасында қызмет жолы туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.

«Ауылға барып, баспаналы болуды көздедім. Арманым орындалып,  отбасын да құрдым. Сондағы балабақшада музыкадан білім бере жүріп, ауданның мәдени іс-шараларына белсене араластым. Сондай-ақ өзім қызмет еткен балабақшада меңгеруші болдым. 2022 жылы ауыл әкімдерін сайлау реформасына сай мен де бәсекеге түстім. Қарсыласым ауылдың байырғы тұрғыны болды. Сайлау науқанында арнайы бағдарламамды жарияладым, тіпті халыққа бейнеүндеу түсірдім. Нәтижесінде мен жеңіске жеттім», деді Медет Бекжанов.

Ауыл әкімінің айтуынша, нағыз жұмыс сайлаудан кейін басталған. Ол бүгінде  халыққа берген уәделерін кезең-кезеңімен орындап келеді. Іскер әкім бүгінге дейін Тәңірберген ауылына миллиондаған сомаға инвестиция тартқан.

«Ауылымыз Саржансай, Кеңсахара елді мекендерінен тұрады. Сайлау барысында Кеңсахара ауылына ұялы байланыс жүйесін орнатуға уәде берген едім. Сол уәдемде тұрып, жергілікті кәсіп иелерін тарта отырып, халық сұранысын орындадық. Сонымен бірге, ауылға кәсіпкерлерді жұмылдырып, қосымша балабақша салдық. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 345 млн теңге инвестиция тартып, 50-ден астам жаңа жұмыс орнын аштық. Дәстүрлі мал шаруашылығынан бөлек саяжай ашып, жылыжай ісін жолға қойдық. Ауыл өнімдері ауданда да сатылып жатыр. Жергілікті халық 20-дан астам өнімді ауылда өндіріп, өзін-өзі қажетті азық-түлікпен қамтып отыр», деді ауыл әкімі.

Медет Бекжанов өз сөзінде ауыл әкімдерінің құзыретін нақтылау бастамасын да көтерді. 

Айта кетейік, 28 қараша күні Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. 

Жиында Президент ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін нақтылау жөнінде тапсырма берді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 14:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары