Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

40 сағат еңбек еткен әйелдің, жаны қайдан болсын

40 сағат еңбек еткен әйелдің, жаны қайдан болсын

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстан да бұл жаһандық үрдістен тыс емес: қазір елдегі компаниялар арасында директорлар кеңесін басқаратын әйелдердің үлесі небәрі – 3 пайыз, ал бас директорлар қатарындағы әйелдердің үлесі 7 пайызды ғана құрайды. Сарапшылар бұған корпоративтік мәдениеттегі қалыптасқан стерео­типтер, мансап пен отбасы арасындағы балансқа қатысты қиындықтар, сондай-ақ әйелдердің жоғары лауазымдарға қол жеткізу жолындағы жүйелік тосқауылдар әсер етіп отырғанын айтады.

«АMANAT» партиясының хат­шысы Шолпан Каринова гендерлік саясаттың ел дамуы үшін страте­гиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, гендерлік әділдік – қоғамның әділетті құрылымын қалыптастырудың негізгі шарты.

– Гендерлік әділдік – бұл адам­дардың жынысына байланысты дискриминациясыз тең құқықтары мен мүмкіндіктері қамтамасыз етілуі. Яғни, ерлер мен әйелдер бі­лім алу, жұмыс істеу, басқару орган­дарында қызмет ету, саяси және экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірге қатысу мүмкіндіктерінде тең болу керек, – дейді ол.

Шолпан Каринова әйелдердің қоғамдық процестерге кеңінен ара­ласуы елдің әлеуметтік құры­лымы үшін аса маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, әйелдердің саяси және қоғамдық өмірге қатысуы қоғамның жартысынан артық бө­лігінің мүддесін есепке алуға мүм­кіндік береді. Сондай-ақ ол әлемдік зерттеулер әйелдер көшбасшы­лығының әлеуметтік әлсіз топтар­дың – балалар, отбасылар, қарттар­дың мүддесін қорғауды күшей­тетінін жеткізді.

Партия хатшысы бұл бағыттың экономикалық маңызына да тоқ­талды. Ол «әйелдер саясатқа, бас­қа­руға араласқанда – қоғам көбірек қамқор, әділетті және барша азаматтар үшін жауапкершілікті орта қалыптасады» дей келе, Бүкіл­әлемдік экономикалық форумның қорытындылары да әйелдердің эко­номикалық және саяси белсен­ділігі ұлттық әл-ауқатқа тікелей оң әсер ететінін көрсететінін айтты.

Ш.Каринованың сөзінше, әйел­дер басқаратын салаларда ең­бек нарығындағы теңдік, әлеу­мет­тік қолдау және балалы отбасыларға жасалатын жағдайлар басымдыққа ие. «Бұған балалы отбасылар үшін демалыс, бала күтімі, әлеуметтік қол­дау сияқты шаралар кіреді», – деді ол.

Спикердің пайымдауынша, әйел­дерді еңбекке, басқаруға тар­ту – тек әділеттілік мәселесі емес, елдің тұрақты дамуы мен тәуелсіз­дігінің нақты ресурсы.

Сондай-ақ Шолпан Таңатқы­зы халықаралық міндеттемелерді орын­дау да маңызды екенін сөз етті. Төмендегі негізгі халықаралық құжаттар мен бастамаларды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, БҰҰ-ның әйелдерге қатысты барлық түрдегі кемсітушілікті жою туралы конвенциясы,  Пекин декларация­сы, БҰҰ-ның 5-ші Тұрақты даму мақ­саты, БҰҰ-ның гендерлік зор­лық-зомбылыққа қарсы әрекет коа­лициясы және т.б.

Ал заңгер әрі феминист Әйге­рім Құсайынқызы соңғы кезде жиі айтылып жүрген Қазақстандағы «гендерлік әділдікке» қатысты жағ­дайды ашық әрі нақты бағалады. Оның айтуынша, елімізде бұл ұғым­ның құқықтық негізі әлі қа­лыптаспаған. Сарапшы бұл туралы: «Қазақстанның нормативтік құ­қық­тық актілерінде гендерлік әділ­дік деген ұғым жоқ. Сондықтан 2025 жылы Қазақстанда гендерлік әділдік бар ма деген сұраққа «жоқ» деп жауап бере аламын», – деді.

Ол бұл пікірінің басты себеп­терін атап өтті. Әйгерім Құсайын­қызының сөзінше, «біздің қоғамда «гендер» ұғымы түсініксіз, ал «әділ­дік» тым саясиландырылған». Осы екі ұғым қатар айтылғанда оны жұрт көбіне қате қабылдап, әйелдердің үстемдікке ұмтылысы немесе отбасылық құндылықтарға қарсы қозғалыс ретінде елестетеді. Бұл да қоғамда қалыптасқан қате түсініктің салдары екенін жеткізді.

Сарапшы Қазақстандағы жағ­дайды нақты деректермен негізде­ді. Ол «елдегі 51,4% әйелдің тұр­мыс­тық зорлық-зомбылыққа жиі ұшырауы, билік пен өкілді ор­гандардағы үлесінің өте төмен бо­­луы, дағдарыс орталықта­рын­дағы адам­­дардың 95%-дан аста­мы – әйелдер болуы гендерлік әділ­­діктің жоқ еке­нін көрсетеді», – деп атап өтті.

Әйгерім Құсайынқызының па­йымдауынша, еліміздегі патриар­халды көзқарастар әйелдердің саясатта, басқаруда, қабылдау ор­ган­дарында тең дәрежеде болуына мүмкіндік бермей отыр. Осыған байланысты ол: «Қазақстан сияқты патриархалды қоғамда гендерлік әділдік бар деп айту қиын», – деген пікір білдірді.

Десе де, «АMANAT» партиясы­ның хатшысы Шолпан Каринова еліміздегі гендерлік саясаттың ерек­шеліктері мен оның даму ди­на­микасы туралы пікір білдіре оты­рып, атқарылып жатқан жұ­мыс­тары жеткілікті болғанымен, қоғам деңгейіндегі стереотиптер әлі де сақталғанын атап өтті. Оның айтуынша, заңнамалық база қан­шалықты дамығанымен, гендерлік әділдік нақты өмірде қоғамның түсінігіне, мәдениетіне, әлеуметтік көзқарасына байланысты қалып­тасады.

– Қоғамда гендерлік стереотип­тер жоқ емес. Олар, әйелдер тек от­басымен, үй шаруасымен айна­лысуы тиіс деген түсінік. Ер адам­дар  –  отбасының басшысы болуы тиіс деген дәстүрлі көзқарас. Әйел­дерге көшбасшылық немесе саяси лауазымдарда орын аз беріледі деп саналу. Әйелдерге кейбір кәсіби са­лалар немесе техникалық ма­ман­дықтар қолайсыз деген сенім. Ер­лер эмоцияларын көрсетпеуге тиіс, ал әйелдер сезімтал әрі әлсіз болуға тиіс деген стереотип. Отбасылық міндеттерді әйелдерге ғана жүк­теу –  балаларды тәрбиелеу және үй шаруашылығы әйелдің міндеті деген түсінік. Әйелдердің табысы не­месе кәсіби жетістігі еркектің деңгейімен салыстырғанда төмен болуға тиіс деген пікір. Бір қара­ғанда бұл түсініктер қоғамдық қа­лыптасқан дәстүрлі пікір сияқты. Сондықтан осы ұстанымдар дұрыс деп түсінетіндер қатары көп. Ал шын мәнінде, бұл стереотиптер әйел­дер мен ерлердің әлеуетін то­лық пайдалану мен тең мүмкіндік­терге кедергі келтіреді. Сондықтан оларды жою – гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жолындағы ма­ңызды міндеттердің бірі болып та­бы­лады, – деді ол.

Экономистер мен әлеуметтану­шылар соңғы онжылдықтар бойы әйелдер еңбек нарығына қаты­суының әлеуметтік салдарын зерт­теп келеді. Әйгерім Құсайынқызы да бұл мәселенің Қазақстанда ерек­ше өзектілігін атап өтті. Оның айтуынша, әйелдердің еңбек нары­ғына шыққанымен, бүгінде «екін­ші ауысым» деп аталып жүрген үй ша­руасы олардың жауапкерші­лі­гінен түскен жоқ. Ол бұл жайында: «Қазақстанда 8 сағат жұмыс істеген әйел үйге келген соң да аналық, жұбайлық, келіндік міндеттерін то­лық атқаруға тиіс деген қоғам та­лабы бар», – деді.

Әйгерім Құсайынқызы бұл жүктеменің тарихи қалыптасқан әділетсіздік екенін айтады. Сарап­шының сөзінше, «бір ғасыр бұрын мансап құрмаған әйелдерден қан­дай тұрмыстық міндет күтілсе, бү­гін кәсіби саланың толыққанды қатысушысы болып жүрген әйел­дерге де сондай талаптар қойы­лады». Оның айтуынша, ақысы төленбейтін тұрмыстық еңбек пен толық жұмыс күнін қатар алып жүру, тіпті «әмбебап роботтың» да қолынан келмейтін іс, бірақ қазақ әйелдері әлі күнге дейін солай өмір сүріп жүр. Бұл құбылыс, маман­ның пікірінше, мақтан емес – эко­номикалық әділетсіздік.

Ол қоғамда тамыры тереңге кеткен түсініктер әйелдердің өзіне де сұрақ қоюға мүмкіндік бермей­тінін айтты. «Неге тұрмыстық мін­детті тек әйел атқаруы керек?» деген сауалды қазақ әйелдерінің өзі де жиі қоймайды, себебі ондай мәдени үлгі болмаған», – дейді са­рапшы. Осыны өзгерту – ғалым­дар мен гендерлік белсенділердің ал­дында тұрған маңызды міндет екенін атап өтті.

Сарапшы қазіргі қала мәде­ниеті мен инновациялық қоғамда «мынау – ер адамның, мы­нау – әйел адамның міндеті» деген көз­қарас жарамайтынын айтты. Оның пікірінше, «екінші ауысым» әйел­дердің қажуына, ұзақмерзімді күй­зеліске, мансапты кейінге ысы­руы­на әкеледі. Нә­ти­­­жесінде, көп­теген әйел­дер от­басы мен мансап ара­сын­да таңдау жа­са­ғанда «отбасылық өмірді» таң­дауға мәжбүр болады, ал бұл – құры­лымдық тең­сіздіктің жемісі.

Сарапшы тұрмыс­тық мін­дет­тер­ді теңдей бөлісу қазақы құн­ды­лық­тарға қарсы деген пікір қате еке­нін атап өтті. «Бұл дәстүрге қар­сы келу емес. Мәселе – теңдік пен әділдік жайында», – деді Әй­ге­рім Құ­сайынқызы. Оның ай­туын­ша, қоғамдағы түсініктер баяу болса да өзгеріп келеді әрі ген­дер­лік мейнс­триминг бұл өзгеріс­терді жылдам­датуға мүмкіндік береді.

Гендерлік саладағы жиі талқыға түсетін тағы бір мәселе – жалақы­дағы алшақтық. Заңгер бұл пробле­маның әлемдік деңгейде де толық шешілмегенін айтады. Сарапшы­ның айтуынша, «бірде-бір мем­лекетте ер мен әйелдің бірдей жұ­мысы үшін жалақыдағы айыр­машылық 0 пайыз» болған емес. Дамыған елдердің өзінде бұл көр­сеткіш 5-7 пайыз болса, «Қаза­қ­станда ол 25-29 пайыз аралығында құбылып тұр», – деді ол.

Әйгерім Құсайынқызы мұндай айырмашылықтың басты себебі – мамандықтардың гендерлік бөлінуі екенін түсіндірді. Ол: «Қазақстанда жалақысы төмен, әлеуметтік жүк­темесі ауыр мамандық­тарды – медбике, мұға­лім, дәрігер сияқты са­лаларды тарихи тұр­ғыда әйелдер атқарып келеді», – деді. Педаго­ги­ка мен медицина саласында жала­қының соңғы үш жылда ғана көте­рілгенін айтқан са­рап­­шы бұл са­ла­ларда жұмыс істей­тін әйелдер­дің жылдар бойы төмен жалақы алып келгенін атап өтті.

2025 жылғы Гендерлік айыр­машылықтардың жа­һан­дық индексі бо­йын­ша Қазақстан 148 елдің ішінде 92-орын­ды иеленген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (76-орын) төмендегенін көрсетеді. Шолпан Каринова бұл статисти­каның тек цифр ғана емес, мемле­кеттік және қоғамдық институт­тар­дың өз жұмыстарын түзетуге бағыт алуы үшін маңызды көрсет­кіш екенін атап өтті.

«Жетістігімен ерекшеленген ел – Молдова екенін айта кеткен жөн (7-орын). Мұндай салыстыр­малар не үшін керек? Тек цифрлар мен статистика ғана қызықтыруы керек пе? Әрине, олай емес. Бұл біздің мемлекеттік және қоғамдық институттар қай бағытта өз жұмыс­тарын түзетуі керек, міне осы үшін маңызды», – деген Партия хатшы­сы өз тәжірибесін мысалға келті­ріп, өңірлік «Әйел аманаты» жоба­сының алдағы уақытта жемісін беретінін айтты.

Демек, елдегі гендерлік теңдік мәселесі әлі толық шешілме­гені­мен, мемлекеттік және қоғамдық деңгейде нақты қадамдар жасалуда. Әйелдердің саясаттағы, экономи­ка­лық және әлеуметтік өмірдегі үле­сін арттыруға бағытталған жо­ба­лар мен бағдарламалар осы өзгерістің негізін қалыптастырады деп сенеміз.

Кәмила ДҮЙСЕН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 17:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары