Абай облысында бюджет қаражатын жымқырған ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Абай облысында қоғамдық жұмыстарға бөлінген қаражатты жымқырған бұрынғы әкім сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Облыстың Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады.
Прокуратурамен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, материалдар процестік шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданды.
"Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 09:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















