Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Абай облысында Мен және Заң форумы өтті

Абай облысында Мен және Заң форумы өтті

Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Форумның ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы жиынның маңызына тоқталып, мұндай шаралар қоғамда заң үстемдігін нығайтуға, өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға және жауапты азамат тәрбиелеуге ықпал ететінін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында: "Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс" деп атап өткен болатын. Бүгінгі басқосудың маңызы ерекше. Қоғамда балалар құқын қорғау, олардың бақытты балалық шақты өткеріп, кеудесі үмітке толы, өздеріне сенімді азамат болып өсуіне барлық жағдайды жасау – ең басты міндетіміз. Өңірімізде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма құру жұмыстарын бастап кеттік. Бұл балалардың әлеуметтік тұрғыдан қолдау, қорғау және тәрбиелеуде маңызды қадам болады деп сенеміз. Бүгін біз ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоямыз. Қазақстанда бірінші болып отырған осындай игі бастаманың біздің өңірімізден бастау алғанына қуаныштымыз", - деді облыс әкімі.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиында бас прокуратура, облыстық прокуратура және Семей қалалық полиция басқармасының өкілдері балалар құқықтарын қорғау бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Форум барысында облыстық әкімдік, облыстық прокуратура және Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкілі арасында үш жақты меморандумға қол қойылды.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыста Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында балаларды психологиялық қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2024 жылдан бері психологиялық қолдаудың өңірлік әдістемелік орталығы тұрақты негізде жұмыс істейді. Орталық қызметі барысында мыңнан астам өтініш қабылданып, жеке консультациялар мен кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Облыстың білім беру ұйымдарында оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық, буллинг және құқыққа қайшы басқа да мінез-құлық түрлерінің алдын алуға бағытталған қосымша сабақтар енгізілетін болады. Қосымша сабақтарды бас прокуратура бекіткен құқық қорғау органдарының өкілдері өткізеді. Осындай жоба өңірдің 25 оқу орнында іске асырылатын болады.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақта 2024 жылдан бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау үшін "Мейірім" акциясы іске асырылуда. Бұл акция балаларға әлеуметтік дағдыларды алуға және ересектер тұлғасында қиын уақытта тыңдауға және көмектесуге, кеңес беруге, болашақты таңдау кезінде бағыттауға және алға қойған мақсаттарға жетуге ынталандыруға қабілетті достар табуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 222 бала облыстық басқармалардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің бөлімдерінің, денсаулық сақтау мекемелерінің, мектептердің, колледждердің және ЖОО ұжымдарына бекітілді.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 20:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары