Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Абай университетінде Заң және Тәртіп бастамасы аясында кездесу өтті

Абай университетінде Заң және Тәртіп бастамасы аясында кездесу өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

2025 жылдың 19 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Президенттің «Заң және Тәртіп» бастамасын қолдау аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі мен Сорбонна–Қазақстан институтының бірлесіп ұйымдастыруымен маңызды іс-шара өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің экс-төрағасы, полиция генерал-лейтенанты Алик   Шпекбаев қатысып, профессор-оқытушылар құрамына және студенттерге «Көшбасшылық» тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев қоғамдағы жемқорлық тәуекелдеріне тоқталып, оған қарсы күресте мониторинг жүргізу, тәуекелдерді талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мүдделер қақтығысын реттеу сияқты кешенді шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар  семинарға қатысушыларға университетте осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен нақты нәтижелері таныстырылды.

Іс-шарада Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне кеңінен тоқталды. Кездесу барысында осы тақырыпқа арналған бейнеролик көрсетіліп, қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидасын ілгерілету тұжырымдамасының (2025-2030 жылдар) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысына негізделген негізгі бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың заманауи аспектілеріне – адалдық, заңдылық және ашықтық қағидаттарына ерекше назар аударды.

Спикер өз сөзінде ата-бабадан келе жатқан рухани-адамгершілік құндылықтарды тілге тиек етіп, әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы» деген даналық сөзін мысалға келтіре отырып, тәрбие, білім, заң мен рухани-адамгершілік құндылықтардың маңызын ерекше атап өтті.

Іс-шара соңында Алик Шпекбаев студенттерді адалдық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға, адамгершілік пен еңбекқорлықты дамытуға, қарапайым болуға, үлкенге құрмет көрсетуге және сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілік танытуға шақырды.

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын дамытуға қосқан үлесі, адалдық, әділеттілік, заңдылық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын кеңінен насихаттағаны, жастар арасында парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ықпал еткені үшін Алик Шпекбаев Абай университетінің «Абай» төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, 2019 жылы Алик Шпекбаевтың тікелей қолдауымен Абай университетінде екі жобалық кеңсе – Сорбонна–Қазақстан институтындағы «Акселератор добра – Ізгілік елшісі» жобасы мен «Парасат» орталығы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі) құрылған болатын. Бүгінде бұл құрылымдар өз қызметін белсенді әрі нәтижелі түрде жалғастырып келеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 16:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары