Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Мен әжемнен үйренген Абай сөзі байқауы өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Мен әжемнен үйренген Абай сөзі байқауы өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» атты рухани-танымдық байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты хакім Абайдың терең ойлары мен адамгершілік мұрасымен таныстыру, ұлттық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығының маңызын кеңінен насихаттау. Байқауға Абай облысының 12 қала және ауданынан келген қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Іс-шараның ашылуында Абай облысының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемағұлов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– «Бүгінгі байқау жас буынның әжелерінен алған тәлімін, ұлттық тәрбиенің жалғастығын көрсетеді. Абай шығармаларын жүрекпен түсініп, оның өнегесін өмірлік ұстанымға айналдыру – жас ұрпақтың рухани дамуына үлкен жол ашады. Бұл – тек өнер алаңы емес, ұлттық құндылықтарды терең меңгеруге ықпал ететін маңызды орта», – деді ол.

Байқау үш кезең бойынша өтті.

Бірінші кезеңде немерелер Абай өлеңдерін көркем мәнерлеп оқып, ақын сөзінің терең философиясын жеткізді.

Екінші кезең – «Әже мен немере» қатысушылардың Абайдың әндерін бірге орындауымен ерекшеленді.

Үшінші кезеңде әжелер Абайдың қара сөздерінен тағылымды үзінділер оқып, оның мән-мағынасын немерелеріне түсіндірді. Бұл кезеңдер отбасы тәрбиесінің, ұлт мәдениеті мен адамгершілік құндылықтарының ұрпақтан-ұрпаққа берілетінін айқын көрсетті.

Байқау нәтижесінде бас жүлдені Абай ауданының өкілдері – Сейтбадам Сәуле және оның немерелері Асхат Айша мен Асхат Айназ иеленді. 1-орын Семей қаласы атынан қатысқан Байтлеуова Райхан мен немересі Аманкелді Айкөркемге бұйырды. 2-орынды Аягөз ауданынан келген Барлыханова Қарлығаш пен немересі Думан Жандос жеңіп алды. Ал 3-орынды Курчатов қаласы мен Үржар ауданының қатысушылары – Кучукова Роза мен немересі Тұрсынбек Нұрғалым, сондай-ақ Кебіспаева Марияш пен немересі Қабдраш Айсана бөлісті.

Бас жүлде иегері Сәуле Сейтбадам байқауға қатысты әсерін бөлісті. 

– «Мен әжемін, Абай атамыздың қара сөздерін өзім түсініп, немерелеріме үйретіп жүрмін. Осындай тағылымды шараға қатысып, үлкен рухани әсер алдық. Жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ерекше ризамыз. Еңбегіміздің ақталғанына қуаныштымыз. Бұл игі бастама жалғасын таба берсін», – деді ол.

Іс-шара қатысушыларға рухани азық сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосқан тағылымды байқау болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 17:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары