Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қырғызстанда Абай Құнанбайұлының құрметіне көше атауы берілді

Қырғызстанда Абай Құнанбайұлының құрметіне көше атауы берілді

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қырғызстанның оңтүстігіндегі ең ірі облыс орталығы - Ош қаласында Абай Құнанбайұлының құрметіне көше атауы берілді.

Сондай-ақ шаһарда қазақтың ұлы ақынына арналған ескерткіш бой көтерді. Салтанатты рәсімге Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.

Гүл шоғы, ұлттық тағамдар мен қырғыз әуендері. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны Ош қаласы ыстық ықыласпен қарсы алды. Бұл кейінгі бірнеше жылда осындай деңгейдегі қазақстандық мемлекеттік қызметкердің Қырғызстанның оңтүстігіне жасаған алғашқы сапары. Ош қаласында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының құрметіне көше атауы беріліп, ескерткіш бой көтерді. Жергілікті тұрғындар дән риза, көңіл-күйі көтеріңкі. Олар мұны “тарихи маңызы зор оқиға” деп атап өтті.

Талант Апыев, драма театрының режиссёрі:

- Әр халықтың біртуар перзенттері болады. Абай да дәл сондай, үздіктердің қатарында. Ағартушылық қызмет атқарып, ұлтқа рух берді. Әр қазақ одан үлгі алуы тиіс.

Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш көшенің басында орналасқан. Жаңа магистральдің ұзындығы шамамен төрт шақырымға дейін жетеді. Ош қаласы үшін бұл аз қашықтық емес. Мұнда жақында жөндеу жұмыстары аяқталып, асфальт төселген еді. Ал ұлы ойшылдың ескерткіші шағын саябақтың орта тұсында орналасқан. Бұл қала тұрғындары үшін тынығып, демалуға таптырмас жер. Сонымен қатар дәл осы аумақта Абай мұражайы бар. Онда ақынның шығармаларымен қатар заманауи қазақстандық әдебиет туындылары және Қазақстанның жетістіктері жайлы анықтамалар назарға ұсынылған.

Женишбек Токторбаев, Ош қаласының әкімі:

- Абай мұрасы оның шығармалары мен философиялық ойларымен шектелмейді. Ол күллі адамзатқа жасалған үндеу. Адал еңбек пен білімге үндеу. Ол жүрекке сенім мен үміт ұялатады. Ең алдымен адам болу деген ұлттық идеясы азаматтардың жүрегінен орын тауып, даму жолының негізгі бағытына айналды.

Ескерткіш пен көшенің салтанатты ашылу рәсімі мерекелік концертке ұласты. Ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Драма театрының әртістері ағартушы өмірінің үзінділерін қойылым арқылы көрсетті. Абай көшесінің қасиетті Сулайман-Тоо баурайынан бастау алуы ерекше символикалық мәнге ие. Бұл бауырлас елдердің достастығын одан әрі нығайтатыны анық. Шара барысынсда Ош қаласының әкімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен екінші дәрежелі “Достық” орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы министр Аида Балаева табыстады. Айта кету керек, жарты миллионға жуық халқы бар Ош қаласы Қырғызстанның оңтүстігіндегі ең ірі қала. Орта Азиядағы ең көне шаһарлардың бірі - Ош тарихында енді Абай Құнанбайұлы көшесі мен ескерткіші деген жаңа парақ ашылды.

Мөлдір Жақан, Бакыт Чермашев

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 19:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары