Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Абай шығармаларының академиялық толық жинағы жарық көрді

Абай шығармаларының академиялық толық жинағы жарық көрді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Абай мұрасының жаңа дәуірі: қолжазба нұсқадан цифрлық корпусқа дейінгі мәтінтану мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.

Конференцияда Абай Құнанбайұлы шығармаларының цифрлы корпусы мен ұлы ақын шығармаларының академиялық толық жинағы таныстырылды.

«Қазақ руханияты үшін айрықша мәнге ие Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын қорытындылау мақсатында өтіп отырған іс-шара – абайтану ғылымының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды ғылыми белестің бастамасы, сондай-ақ ұлттық мәтінтану саласындағы соңғы жылдары жүзеге асқан ірі жобаларды қамтиды. Осы орайда институт ғалымдарының көп жылдық еңбегінің нәтижелерін арқау еткен Абай шығармаларының үш томдық академиялық толық жинағы, Абай мұраларын заманауи ғылыми айналымға енгізетін электронды платформасы ғылыми қауымға таныстырылып отыр. Үш томдық жинаққа қолжазбалары мен ілкі басылымдарға жүргізілген текстологиялық зерттеулер негізінде қайта сараланып, мазмұндық, мәтіндік, құрылымдық тұрғыда толықтырып, пунктуациясы жаңаша жүйеленіп басылған шығармалары енді.  Бұл еңбектерде бұрынғы нұсқалардағы мәтіндік алшақтықтар жүйеленіп, қолжазбалардағы және баспа нұсқаларындағы ерекшеліктер салыстырмалы түрде түсіндірілген. Шығармалардың дереккөздері, авторлық нақтылық мәселелері жаңаша қарастырылып, әр шығармаға берілетін ғылыми түсініктер кеңейтіліп, аналитикалық тұрғыдан қайта негізделді» дейді институт директоры, академик Кенжехан Матыжанов.

Жиын барысында Абай Құнанбайұлы шығармаларының цифрлы корпусын филология ғылымдарының кандидаты Аязби Бейсенқұлов таныстырды. Корпуста ұлы ақынның өлеңдері, поэмалары, қара сөздері, музыкалық мұрасы, қолжазбалары мен хаттары, 1909 жылы жарық көрген тұңғыш жинағының факсимилиесі, фотосуреттер мен қосымша деректер берілген.

Академиялық жинақтың І томына ақынның өлеңдері мен аудармалары, ІІ томына поэмалары, қара сөздері мен хаттары, музыкалық мұрасы топтастырылса, ІІІ томына ақын шығармаларының 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген  тұңғыш жинағының  литографиялық көшірмесі мен қазіргі қазақ жазуында түсірілген нұсқасы, еліміздің қолжазба қорларына жинақталған қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы беріліп отыр.

Редакция алқасының мәліметіне сүйенсек, Абай шығармаларының 1909, 1916, 1922 (қазан,Ташкент), 1933,1939-1940, 1945, 1954, 1957, 1961, 1977, 1995 жылдардағы басылымдарын салыстыра зерделегенде ақын шығармаларының  жиналуы мен жариялануының  күрделі де қиын жолдан өткенін көреміз. Солардың ішіндегі  академиялық  сипатқа ие басылымдарды негізінен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер  институтының ғалымдары кезінде Мұхтар Әуезовтың басшылығымен дайындады.  Дегенмен, әр басылым сайын толығып, текстологиялық түзетулер енгізіліп келе жатқан Абай мұрасында әлі де түп-тиянағын таппаған сауалдар, заманның ырқымен қалтарыста қалған немесе өзгеріске түскен ақын сөздері, көшірмелерді  түрліше оқудан кеткен жаңсақтықтар, жазбаға түсіру, басып шығару кезінде  кеткен техникалық қателер жоқ емес... Ал қаншама рухани қыспақтан өтсе де, ел ішінде бертінге дейін қолжазба көшірмелердің табылып жатқандығы, ақын өлеңдерін бастан-аяқ жатқа білетін адамдардың да жиі кездесетіндігі Абай мұрасына деген халық ықыласының өте жоғары болғандығының белгісі. Соның нәтижесінде, құрдымға кете жаздаған асыл мұраның ұзын-ырғасы жинақталып, ел игілігіне айналды.

Алқалы жиын барысында сондай-ақ «Абай және қазақ театры» кітабының тұсаукесері өтті.

Конференцияда М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қанипаш Мәдібаева «Абай шығармаларының  толық басылымы: тәжірибесі мен өзектілігі» тақырыбында баяндама жасаса, институттың жетекші ғылыми қызметкері,  филология ғылымдарының кандидаты Тұрсынжан Шапай «Абай шығармаларындағы мәтінтанулық зерттеулерге» тоқталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу  институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр «Абай шығармалары көшірілген қолжазбалардың ерекшелігі» туралы айтты. Ал «Абайдың музыкалық мұрасының соңғы басылымдардағы редакция мәселелері» тақырыбында баяндамасында  Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, музыка зерттеушісі Еркін Шүкіман жасап, жинақты әзірлеу барысында туындаған бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салды.

Жиынның пленарлық сессиясында сөз сөйлеген «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты  Жандос Әубәкір Абайдың шығармашалық мұрасын зерттеу, тану, насихаттау саласындағы зор жетістіктерге тоқталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, филология ғылымдарының  докторы, профессор Анар Салқынбай  «Абайдың «Ақыл сөзіндегі әмбебап қалып пен өлшем» тақырыбына баяндама жасады.

Шараға республиканың өңірлерінен ғалымдар, жоғары оқу орындары оқытушылары, жас зерттеушілер, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері қатысты.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райы • Бүгін, 00:34

Боран мен көктайғақ: Қазақстанның барлық өңіріне ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Абай шығармаларының академиялық толық жинағы жарық көрді

Руханият • Кеше

Лондонның Ресейге санкциясы: Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Санкция • Кеше

Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жобасы артығымен орындалды

Инфрақұрылым • Кеше

Жоғары жалақы байлықтың көрсеткіші ме?

Қаржы • Кеше

Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?

Қоғам • Кеше

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорданың ескі автовокзалына қатысты қауесеттерге жауап берді

Қоғам • Кеше

Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына берілмейді

Қоғам • Кеше

Қызылорда облысының әкімі желідегі тапсырыспен қойылған лайк пен пікірлер туралы айтты

Аймақтар • Кеше

Дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға, орта буын медицина қызметкерлері 7 пайызға азайды

Медицина • Кеше

Жекпе-жек айтыстың финалы: алтын қамшы мен автокөлік иесі кім?

Айтыс • Кеше

Ұлттық құрылтай: іргелі бастамалардың нақты нәтижесі

Құрылтай • Кеше

Алматыда «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ашылды

Мәдениет • Кеше

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:281
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 03:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see134

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see131

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see128

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see128

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see128

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see127

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see126

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see125

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see124

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see124

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see124

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see124

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see124

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see123

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see122

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see122

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see122

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see121

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see121

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары