Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

5 облыста су тасқынына қарсы күрес шараларын күшейту қажет болып тұр

Финляндияда әлемдегі ең үлкен Рунеберг торты пісірілді

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

Әбу Дабиде Украина бойынша өткен кеңестің бірінші күнінде тараптар мәлімдеме жасамады

Бозымбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

Уақыт жаңғырығындағы үнсіздік

Жас теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

Театр ұжымы Конституцияда бекітілген нормаларды талқылады

Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр

Ақтөбе облысында келінін зорлаған 53 жастағы ер адам сотталды

Өзгеріс қорқынышты... : Маржан Арапбаева көрерменді ойландырып қойды

Украина Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонына соққы жасалғанын мәлімдеді

Ресейде Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды

Оралдағы халықаралық жыр додасы

Қазақстанда 25 миллион теңге жүлде қоры бар байқау басталды

Италияда өтетін Олимпиадаға кеткен шығын 5 миллиард доллардан асты

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

Шетелдік әншілердің концертіне қатысты талаптар өзгереді

Әділетті қоғам мықты Конституциядан басталады: AMANAT партиясы жанындағы Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын талқылады

Әділетті қоғам мықты Конституциядан басталады: AMANAT партиясы жанындағы Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын талқылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жиында жаңа Конституция жобасының әйелдер үшін маңыздылығы айтылды. Оған қоса, отбасы, ана, бала жаңа жобада әлеуметтік қорғалуы, цифрлық дәуірде азаматтардың, әрине, әйелдің  жеке деректері және жеке өмірге қолсұқпаушылық мәселелері талқыланды.

Жиын модераторы  Әйелдер қанатының төрайымы, партия хатшысы Шолпан Каринованың айтуынша, қоғамдық кеңестер, азаматтық қатысу, ашық диалог тетіктері – әйелдің пікірін естіртетін нақты құралдар.

– Бүгін біз Конституция жобасын оқып қана қоймай, оны әйел көзімен, әйел тағдырымен, әйел жауапкершілігімен талқылаймыз. Өйткені әйелдің қатысуынсыз – әділетті қоғам болмайды. Ал әділетті қоғам – мықты Конституциядан басталады. Мысалы, отбасы, ана, бала мәселесі ең бірінші – Конституция назарында. Отбасының әйел мен ер адамның ерікті және тең құқықты одақ ретінде танылуы, әлеуметтік қорғалуы – әйелдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі.

Сонымен қатар білім, ғылым, денсаулық – әйелдің әлеуетін ашатын тіректер. Конституцияда бұл салалардың стратегиялық маңызға ие болуы – әйелдің болашағына салынған инвестиция, – деді Шолпан Каринова.

Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ Конституциялық комиссияның құрамында «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының төрт бірдей мүшесі барын тілге тиек етіп, әйел затының үні ескерусіз қалмағанын жеткізді.

Үнзила Шапақтың айтуынша, тікелей эфирде көрсетіліп жатқан жаңа Конституция жобасы талай талқылаудан өтіп, толығымен зерделенген дүние назарға ұсынылып жатыр. Өйткені әрбір баптың тармағын қабылдамас бұрын комиссияға дейінгі үш топ талдап, саралаудан толыққанды өткізеді.  

– Қазіргі қолданыстағы Конституцияның ішінде республиканың қызметі түбегейлі қағидалары деген  1 бапта тұратын. Қазір ол жеке шығарылып, 3 бапқа енгізілді. Мұнда бұған дейін аймақтарда көтеріп жүрген қаншама мәселенің барлығы осыған кірді. Тарауларда өзгеріс болды. Бұрын бізде Конституциялық құрылыс негіздері деген тарау болған жоқ. Негізі жалпы бөлім деп өтіп кететін. Қазір Конституциядағы басты құндылықтарды, адам құқықтары мен бостандығы, міндеттері туралы жеке бөлімге шығарып жаздық. Осының барлығы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Конституцияның жобасында айтқандай, әуелі өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды кіргізуге, өткен жолымызды дәріптеп айтайық, байырғы қазақ жерінде өзіміздің мұрагер екенімізді көрсетейік. Одан кейін адамдардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталуы туралы преамбула жаздық.  Мұнда адам құқықтары, бостандықтары, міндеттері және жауапкершілік осы үш ұғым бірге жүріп, Конституцияның басынан аяғына дейін сақталды. Бұл – маңызды дүниенің бірі, –  деді Конституциялық комиссияның мүшесі Үнзила Шапақ.

Оның пірікнше, Парламенттік реформадан басталған Конституциялық реформа нақтылықты үзген жоқ және бұзған жоқ.

– Бұған біз басты назар аударуымыз қажет. Бұл – эволюциялық жолмен келді. Ешқандай дау-дамайға апарған жоқпыз. Парламенттік реформа жүргізіп, оған 600-дей ұсыныс кірді. Біз сол кезде Парламенттік реформаға қатысты бөлімге бөліп алып, әр отырыста бөлшектеп қарастырып, шеңберден шықпай, жұмыс істедік. Одан бөлек, 1 200-ге жуық ұсыныс түсті. Бірақ оны бізге әкелген жоқ. Міне, осы нәрсе Конституциялық комиссияның құрылуына негіз болды. Оның құрамына қоғамдағы әлеуметтік топтардың, азаматтардың қатысуы – біздің талқылауды халықаралық талаптарға сәйкестендіріп жатыр.

 Келесі бір ерекшелігі – Венециялық комиссияның құқық үстемдігі жөнінде нақтылау тізімі деген бар. Сонда нақты стандарттар көрсетілген. Оның негізгі үш қағидасы: ашықтық, жариялылық және инклюзивтілік. Қазіргі таңда осы үшеуі сақталып тұр. Сонымен қатар халықаралық құжаттардың маңызды бесеуі (БҰҰ-ның жарғысы, азаматтар және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, экономикалық әлеуметтік, мәдени-құқықтық халықаралық пакт және т.б.) орындалды, – деді ол.

Парламент Мәжілісінің депутаты, цифрлық комиссар Екатерина Смышляева жаңа Конституция жобасындағы жасанды интеллект заңы және Цифрлық кодекс бойынша сөз қозғады.

– Бұрын біз цифрландыру, жасанды инттеллектінің не екенін білмедік. Тіпті, бұл салада алаяқтық белең алады деген ойға кіріп шықпаған. Бірақ қазір заман өзгерді, біз қаласақ та, қаламасақ та цифрлы технологияның кеңінен дамыған дәуіріне түстік. Біз бұдан қашып құтыла алмаймыз, сондықтан заман ағымына сай технологияны игеріп қана қоймай, өзімізді қорғай алуымыз қажет. Сол себепті маңызды дүниелерін атап өтейін, біріншіден, жаңа Конситуция жобасында алғаш рет жеке деректерді қорғалу енгізілді. Бұған дейін де жеке өмірге қолсұқпаушылық сақталмады емес, сақталды. Бұл – негізгі құқық.

Әлемнің кейбір конституцияларында, мысалы, Португалияда 1976 жылы жеке деректерді қорғау енгізілген. Дегенмен, сандық емес, құжаттағы жеке деректің қорғалуы еді. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде жеке деректер құжат және сандық платформада сақталады. Осы жолы біз соның цифрлы жүйеде қорғалуын енгіздік.

Шынын айтқанда, әлеуметтік желілердегі түрлі парақшаларды, ұялы телефон, ондағы сан алуан қосымшалар, қолдағы фитнес сағат секілді заттар арқылы жеке деректерімізді цифлық жүйеде кеңінен таратып жатырмыз. Технологияның дамығаны сонша, қазір адамның жеке дерегін ұрлап, цифрлық жүйеде бейнесін көшіреді. Сонымен, өмірде жүрген сіз емес, цифрландыруда көшірмеңіз өмір сүреді. Осыны алаяқтар кеңінен пайдаланып жатады. Бұйыртса, келешекте жеке деректерді қорғау бойынша адамның цифрлық кеңістігі болады. Сол жерден ол өзінің жеке деректерін кім және қашан көргенін көре алуға мүмкіндік туады, – деді Екатерина Смышляева.

Оның айтуынша, жаңа Конституциялық жобада екеуара жазысқан хаттар құпиялығын сақталу да көзделген.

«Ұялы телефонмен сөйлесу, әлеуметтік желілер арқылы жазысудың құпиялығы сақталады. Қайдан сөйлессеңіз де айырмашылығы жоқ, бастысы, екеуара жазысқан хаттар құпиялығын сақтайды. Бұл бағытта Германия (2008 жыл), кейінірек Франция мен Испания да цифрлық хат алмасудың құпиялығын конституциялық деңгейде зерттеп, қорғау тетіктерін күшейтті. Осы тұрғыда біз де жеке кеңістікті қорғауға аса мұқият қарайтын прогрессивті елдердің қатарындамыз», – деді ол.

Конституциялық комиссия мүшесі Вера Ким жаңа Конституция жобасының әзірлену процесінің ашықтығын айтып, әлі де ұсыныстардың қабылданып жатқанын сөз етті.

– Талқылауға ұсынылған жаңа Конституция жобасында преамбула, 11 бөлім және 95 бап бар. Ал қолданыстағы Конституцияда 9 бөлім және 101 бап болған. Жалпы алғанда, 77 бапқа өзгеріс енгізілген. Осы уақыт ішінде азаматтардан, қоғамдық бірлестіктерден, саяси партиялардан және сарапшылардан шамамен 4 мыңға жуық ұсыныс түсті. Ұсыныстар әлі де қабылданып жатыр, талқылау тоқтаған жоқ. Мұндай тәсіл Конституцияның қоғаммен диалог арқылы қалыптасып жатқанын көрсетеді», – дейді Вера Ким.

Дөңгелек үстел барысында жаңа Конституция жобасындағы Халық  кеңесі халық пен билік арасындағы алшақтықты азайтып, сенімді орнықтыра түсетіні де қозғалды. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Әйелдер қанатының жетекшісі Калыйма Жантөреева мәлімдеді.

– Жаңа Конституция жобасындағы VI бөлімдегі халықтың құлағына жағымды естілген Қазақстан Халық кеңесі деп аталатын 70 мен 71-баптар.  Құлаққа жағымды дейтін себебім, халық әр кезде билікке ойын жеткізгісі келеді, мәселенің шешілуін қалайды, биліктен кері байланыс күтеді. Халық кеңесі ұғымының ұтымды тұсы дәл осы жүрекке жетуден басталады. Жүрекке жетсе, әрине, көңілге үміт ұялайды. Нәтижеге қол жеткізілсе, халық пен билік арасында сенім орнығып, билік пен арадағы алшақтық азаяды, – дейді AMANAT» партиясы  Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Калыйма Жантөреева.

Оның айтуынша, Халық кеңесі – шетелдік тәжірибе көрсеткен тиімді институт. Францияның «Азаматтық конвенциялар» жүйесі арқылы жинақталған ұсыныстар мемлекеттік шешімдерге негіз болған. Не болмаса Германияда қоғаммен кеңесу – міндетті процесс болып қалыптасқан. Ал Швеция, Норвегия, Финляндияда  мемлекеттік реформалар  міндетті түрде қоғамдық талқылаудан өтеді.

– Бұндай халықпен кеңесу – басқару мәдениетінің бір бөлігіне айналды. Әсіресе, халықтың сенімі мен тұрақтылықтың артуына жақсы ықпал етеді. Яғни,   Халық кеңесі – Қазақстан халқының мүддесін білдіреді. Оның құрамы 126 адамнан құралады. Ал құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттілігі, қызметінің ұйымдастырылуы Конституциялық заңда айқындалады.

Ең бастысы, Халық кеңесі  – халықтың сөзін ең бірінші еститін, оны билікке, заң шығарушы органға нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін  ашық алаң. Бұл құрылым қағаз жүзінде емес, халықпен қоян-қолтық пікірлесіп, бірлесе жұмыс істейді. Келешекте Халық кеңесі – ел дамуына оң әсер ете алатын, стратегиялық шешімдердің дүниеге келуіне ықпал ететін институтқа айналады, – дейді Калыйма Жантөреева.

«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жетекшісі Айгүл Нұрпейісова жаңа Конституция жобасы адами капиталды ел дамуының басты негізі ретінде айқындай түсетінін жеткізді.

– Бүгін жай ғана заңды құжатты талқылап отырғанымыз жоқ. Біз келешек ұрпағымыздың, балаларымыздың алдағы жүрер жолын талқылап отырмыз. «Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі» дегендей, тарихымызға көз салайық. 1993-1995 жылдардағы Конституция қиын кезеңде, әлі кеңес заманының сарқыншағында шықты. Соған қарамастан, ол өзінің миссиясын орындап, еліміздің тәуелсіздігін сақтап, шекарамызды айшықтай түсті.

Бірақ уақыт бір орнында тұрмайды. Біз де содан қалыспауымыз қажет. Кезінде елінің қорғанышы болған дүние, бүгінде елдің қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Енді біз ғылым мен білімді стратегиялық басымдық деңгейіне көтеріп, осыған басымдық беріп отырмыз. Себебі, XXI  ғасырда егемендігімізді әскермен ғана емес, жаңа технологиямен де қорғауға болады. Ал оның игеру жолы – ғылым мен сапалы білім. Осы норманы сақтай отырып, әлем елдерімен теңесеміз. Сондықтан азаматтардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, кәсіби өсуіне және қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттыру берік құқықтық негіз қалыптастыру қажет, – деді  «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова.

Өңірлердің дамуы, оның ішінде стратегиялық аймақ Маңғыстау облысының жеткен жетістігі жайлы «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының Маңғыстау облысы бойынша жетекшісі Пания Оңалбайқызы айтып берді.

Оның сөзінше,  жаңа реформа саяси жүйелілікті арттырып, басқарудың ашықтығын және халықтың қатысуын күшейте түспек.

– Біріншіден, өңірлердің дамуы, қоғам бірлігінің нығаюы және елді ұзақ мерзімге жаңғыртудың нақты механизмі – еліміздің тұрақты болашағының кепілі. Бұл бағыттарда жүзеге асырылып жатқан еліміздегі саяси жүйені жетілдіретін жаңа Конституциялық жоба құқықтық негіз болады деген сенімдемін.

Жаңа реформа саяси жүйелілікті арттырып, басқарудың ашықтығын және халықтың қатысуын күшейте түспек. Ел Президентінің жаңа Конституциялық жоба арқылы ұлттық дәстүрді жаңғыртып, әр азаматтың пікірін ескеретін, әділ әрі тұрақты басқару жүйесін құру бастамасын, сондай-ақ Парламенттің Құрылтай деп аталуын бүкіл ел жылы қабылдап отыр. Қазақ хандығының кезеңінде Құрылтай ұлттық бірлікті, әділ билікті, жергілікті басқаруды қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқарды, – деді Маңғыстау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрайымы.

Пания Оңалбайқызы Маңғыстау өңірінде «Бейнеу – Шекпет» желісі салынып, жүк тасымалы ұлғаятынын айтты. Сонымен қатар Ақтау теңіз порты жаңғыртылып, нәтижесінде өткізу қабілеті 10 миллион тоннаға жетіп, жаңа жұмыс орындары ашылғанын тілге тиек етті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, азаматтық қоғам институттары мен «AMANAT» партиясы  Әйелдер қанатының жетекшілері қатысты. Дөңгелек үстел барысында спикерлер жаңа Конституция жобасының әйелдердің құқықтарын қорғауға, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға мүмкіндік беретінін қозғады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 13:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

04 Ақпан 2026 14:32see113

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

04 Ақпан 2026 15:30see111

5 облыста су тасқынына қарсы күрес шараларын күшейту қажет болып тұр

04 Ақпан 2026 17:42see107

Финляндияда әлемдегі ең үлкен Рунеберг торты пісірілді

04 Ақпан 2026 23:15see107

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

04 Ақпан 2026 15:03see106

Әбу Дабиде Украина бойынша өткен кеңестің бірінші күнінде тараптар мәлімдеме жасамады

04 Ақпан 2026 23:15see106

Бозымбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

04 Ақпан 2026 20:48see105

Уақыт жаңғырығындағы үнсіздік

05 Ақпан 2026 08:50see105

Жас теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

05 Ақпан 2026 16:23see104

Театр ұжымы Конституцияда бекітілген нормаларды талқылады

05 Ақпан 2026 13:29see104

Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр

05 Ақпан 2026 09:02see104

Ақтөбе облысында келінін зорлаған 53 жастағы ер адам сотталды

05 Ақпан 2026 13:04see104

Өзгеріс қорқынышты... : Маржан Арапбаева көрерменді ойландырып қойды

05 Ақпан 2026 21:58see103

Украина Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонына соққы жасалғанын мәлімдеді

05 Ақпан 2026 20:55see103

Ресейде Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды

04 Ақпан 2026 14:49see102

Оралдағы халықаралық жыр додасы

06 Ақпан 2026 13:39see102

Қазақстанда 25 миллион теңге жүлде қоры бар байқау басталды

06 Ақпан 2026 13:09see102

Италияда өтетін Олимпиадаға кеткен шығын 5 миллиард доллардан асты

05 Ақпан 2026 09:02see102

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

05 Ақпан 2026 14:33see101

Шетелдік әншілердің концертіне қатысты талаптар өзгереді

06 Ақпан 2026 12:56see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары